Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы
1999 ж. 26 шілдедегі № 456-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдары
3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
3-1-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары
4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау
5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер
6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
8-бап. Өтiнiм беру
9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар
10-бап. Тауар таңбасының басымдығы
3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы
11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi
12-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу
14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі
15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi
16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары
18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме
18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану
5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану
19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары
20-бап. Ескертпе таңбалау
21-бап. Тауар таңбасына құқықты беру
22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату
23-бап. Тауар таңбасын тiркеуге дау айту
24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары
25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау
26-бап. Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретiнде тiркелетiн белгiлер
27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер
28-бап. Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм жасау
29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар
8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi
31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру
33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi
34-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
35-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы
10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану
37-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану шарттары
38-бап. Ескертпе таңбалау
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату
39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының берiлуiне дау айту
40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
41-бап. Апелляциялық кеңес
41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
41-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының отырысында қарау
42-бап. Дауларды қарау
43-бап. Заңды және жеке тұлғалардың тауар таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
44-бап. Тауар таңбасы иелерiнiң құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзған тұлғалардың мiндеттерi
13-тарау. Қорытынды ережелер
45-бап. Мемлекеттiк баж
46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
46-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
47-бап. Шет елдерде тіркеу
48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды
1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер - жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер;
1-2) бірдей тауар белгілері - барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер;
1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер - бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;
2) бюллетень - тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) географиялық көрсеткіш - белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші;
4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай, мүдделi тұлғалардың дәлелдемелеріне негiзделген құзыретті органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар таңбасы;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Мадрид келісімі - 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
5) өтініш беруші - тауар таңбасын тіркеуге немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтініш берген заңды немесе жеке тұлға;
6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Сингапур шарты - 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;
7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;
8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) тауар шығарылған жердiң атауы - елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі;
12) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдары
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және тауар таңбаларын, қызмет таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеу;
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылды
2-1) тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп танудың тәртібін анықтау;
2-2) тауар шығарылған жерлердің атауын тіркеудің және (немесе) тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалануға құқық берудің тәртібін анықтау;
2-3) тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты тіркеу жөніндегі өтініштің нысанын бекіту;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-4) тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-4) тауар белгісін пайдалануға лицензиялық шартты, қосалқы лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын және кепіл шартын тіркеу туралы өтініштің нысанын бекіту;
3) тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, қызмет көрсету таңбаларын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ұжымдық тауар белгісін тіркеуге өтінім қабылдауды; әдеттегі сараптама жүргізуді; өтінім материалдарына өзгерістер мен түзетулер енгізуді; өтінім берушінің бастамасы бойынша тауар белгісіне өтінімдерді сыныптар бойынша бөлуді; тауар белгісіне өтінімді ұжымдық тауар белгісіне қайта өзгертуді және керісінше өзгертуді; Мадрид келісіміне сәйкес халықаралық өтінімді қабылдауды; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктемесіне сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін дайындауды; халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті салып жіберуді, ресімдеуді; үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша өтінімге сараптама жүргізуді; өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін толық сараптаманы жедел әрі жылдамдатып жүргізуді; тіркеуден алдын ала бас тарту туралы шешімге қарсылықтарды қарауды; сараптама шешіміне қарсылық беру мерзімін әрбір айға ұзартып отыруды; сұрау салуға жауап қайтару мерзімін әрбір айға ұзартып отыруды; сұрау салуға жауап қайтарудың, төлемнің, қарсылық берудің өтінім беруші өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қорғалатын тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімдеріне өзгерістер енгізуді; тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына арналған тіркеудің, тауар белгісіне арналған және үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартуды; ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; кепіл шартына, бір немесе бір топ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шартқа сараптама жүргізуді; қосымша келісімдерге сараптаманы және шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмелер, анықтамалар беруді; тауар белгілерінің дерекқорындағы белгілемелерді және іздестіру туралы есепті ұсына отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көрсетілген сыныптарына қатысты тіркеуге мәлімделген белгілемелерді алдын ала іздестіруді жүргізуді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды қоса алғанда, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне құқықтарды беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргізу, қорғалатын тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімдерін жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
2. Сараптама ұйымының негiзгi қызметiмен технологиялық байланысты қызметке:
1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін куәландыру;
2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Тауар белгісіне құқық Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
4. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келісімiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер
1. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.
2. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.
6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;
4) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді
6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық байланысы бар тауар таңбаларын тіркеуге жол берілмейді.
7) - 13) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Көрсетiлген белгiлер тауар таңбасында басымдық жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.
Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келісімi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде:
1) тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлердi, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атауларын;
2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;
3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;
4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi.
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тауар таңбалары ретiнде:
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;
4) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер тiркелуге жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің келісімі берілген кезде жол беріледі.
2. Тауар таңбалары ретiнде:
1) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
2) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
4) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.
8-бап. Өтiнiм беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Тауар белгісіне өтiнiмдi сараптама ұйымына бiр өтiнiм берушi бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келісімiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Өтiнiм электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрiнде берiлуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)