Жауапты атқарушылар | Атқару мерзімі | Қаржыландыру көздері |
5 | 6 | 7 |
Денбілімспортмин, Ғылыммин, СІМ, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) Қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша), СІМ, Еңбекәлеуметмин, Мәдениет- қоғамақпаратмин, облыстар- дың, Астана және Алматы ққ. әкімдері (келісім бойынша) Еңбекәлеуметмин, Мәдениетақпармин, облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімдері | 2000 ж. Әрқашан Әрқашан | Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты шегінде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялар Жергілікті бюджеттер, халықаралық ұйымдар қаражат- тарының шегінде Жергілікті бюджеттердің қаражаты шегінде |
В. Әйелдер және денсаулық
"Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясында азаматтардың денсаулығы, білім мен игілігі негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 1998 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығы қабылданды. Сондай-ақ Президенттің 1998 жылғы 16 наурыздағы Жарлығымен, ананың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау бала тамағы, респираторлық індеттер (пневмония) мен балалардың диарей ауруларының және басқалардың алдын алу және емдеу бөлімдерін қамтитын "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Республикада аналар және перинаталь өлімдерін азайту жөніндегі бағдарлама, Рұқтық (репродуктивтік) денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама, СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған ұлттық іс-қимылдар бағдарламасы, жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу және оны бақылау жөніндегі 1996-2000 жылдарға арналған бағдарлама, т.б. жұмыс істеуде. Ұлттық генетикалық тіркелім әзірленді және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бағдарлама жасалуда.
Соған қарамастан әйелдер денсаулығының индексі небәрі 30%-ті құрайды, ал жекелеген облыстарда (Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан) 20%-тен де төмен.
Аналар мен сәбилер өлімінің, түсік тастау мен жыныс қатынастары арқылы ауысатын аурулардың деңгейі жоғары болып отыр. Рұқтық денсаулық жөніндегі қызметтерге, әсіресе ауыл тұрғындарының жаппай қолын жеткізу қамтамасыз етілген жоқ.
Ана өлімі көбейіп кетті. 1998 жылы ол тірі бала туған әрбір 100 мың анаға 77,5-тен келді. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында жағдай қолайсыз, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,6 есе асқынған және 123,6-ға жеткен, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында - 1.57 есе (122), Астана қаласында - 1.48 есе (115), Павлодар облысында 1.36 (105.5).
Жүкті әйелдердің жартысынан астамы анемиямен ауырады, Оңтүстік Қазақстан облысында осы ауруға болашақ аналардың 76%-і, Астана қаласында 63% - шалдыққан.
Іштен аномалиямен туған балалардың саны көбейіп келеді. 1998 жылы олар 3371 болды. Әйелдерді контрацептивтермен қамту баяу.
1998 жылы оларды 1,5 млн. әйел, яғни фертильдік жастағы әйелдердің 41%-і ғана қолданды.
Әйелдердің денсаулығын қорғау стратегиясы халықтың аналар тобы үшін рұқтық (репродуктивтік) денсаулықтың стандарттарын әзірлеуді, қауіпсіз аналық әдістемелерін енгізуді, халықты осы заманғы контрацевтивтермен қамтамасыз етуді, аймақтардың ерекшеліктерін және халықтың әртүрлі топтарының рұқтық (репродуктивтік) әдет-ғұрпын ескере отырып, отбасын жоспарлау саласында ғылыми-әлеуметтік зерттеулер жүргізуді көздейді.
Репродуктивті денсаулықты қорғау мақсатында әйелдерге жүктілік және босану жөнінде біржолғы жәрдемақылар төленеді. Қазіргі кезде бұл жәрдемақыларды төлеу ата-аналардың өздеріне жүктелген. Бұл ретте жәрдемақылардың мөлшері орташа айлық жалақының есебінен айқындалады, бірақ 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс.
Бала туған кезде аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік жәрдем жасалатын болады, оның мөлшері жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне қарай анықталады.
Республикада әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, экологиялық репродуктология мәселелері, жыныс жолымен берілетін ауруларды емдеудің, диагноз жасау мен алдын алу, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде елеулі ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
БҰҰ Халықтардың орналасу қорымен бірге Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында халықтың рұқтық (репродуктивтік) әдет-ғұрыптары мен денсаулығы бойынша әлеуметтік-әдістемелік зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулер бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіліп жатыр.
1999 жылы балалары жоқ жұбайлар жұптарына жәрдемдесу үшін экстракорпоральдық ұрықтандыру лабораториясын ашу жоспарланып отыр.
Репродуктивті денсаулықты қорғаумен жекелеген үкіметтік емес әйелдер ұйымдары да шұғылданады, олардың саны Қазақстанда 30-ға жуықтайды.
Бұдан әрі әйелдердің денсаулығына қатысты қабылданған барлық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жалғаса бермек.
В. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары. Әйелдер және денсаулық
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 | Әйелдер мен балалардың денсаулық жағдайын жақсарту Өмірдің бастауынан ден- саулықты қамтамасыз ету, босануға дейінгі және перинатальдық жәр- демге, педиатриялық қызметтерге қол жеткі- зуді жақсарту Отбасына, әйелдерге және балаларға қатысты заңдарды жетілдіру Аймақтарда әйелдердің рұқтық (репродуктивтік) денсаулығын жақсарту Жыныс жолымен берілетін аурулардың деңгейін түсіру Анемиямен және йод тапшылығына байланысты аурулармен аурудың деңгейін түсіру Фертилдік (бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту Денсаулық сақтау қыз- меткерлерін, гендерлік (әлеуметтік-құқықтық) проблематика және вале- ология (салауатты өмір салты) бойынша сабақ берушілерді оқыту | "Халық денсаулығы" мемле- кеттік бағдарламасын іске асыру: Мынадай: рұқтық денсаулықтың медициналық-демографиялық астарлары; қауіпсіз аналық проблемаларының ғылыми негіздері бағдарламаларын іске асыру Ананың денсаулығын сақтау; Қосымша босандыру мекеме- лерін және санавиацияның реанимациялық бригадаларын осы заманғы аппаратурамен, жабдықтармен және дәрі- дәрмектермен жабдықтау Балалар тамағы 6 айға де- йін балаларды омыраумен қоректендіру бағдарламасын іске асыру Отбасын жоспар- лау Контрацептивтік сая- сатты әзірлеу Ұлттық генетикалық тізілімді және медициналық-генетикалық мониторингті енгізу Тәуекелге неғұрлым бейім топ ретінде қыздар мен аналарға ерекше көңіл бөле отырып, ВИЧ-індеттің одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі бірінші кезек- тегі іс-шаралар Салауатты өмір салтын қалыптастыру Салауатты өмір сүру салтының ұлттық саясатын айқындау Темекі және алкоголь зат- тарын алу, сату және тұтыну жөніндегі мәселе- лерді реттеу Есірткілердің әсіресе жастар арасында тұтынылуы- ның алдын алу "Денсаулық қаласы", "Денсаулық мектебі", "Денсаулыққа жәрдемдесетін ауруханалар" "Хауіпсіз аналық" жобасын тарату ДДҰ "Балаға мейірімді ауруханалар бастамасы бойынша өлшем- дерді енгізу Емшектегі және балғын жастағы бала- ларға қатыгез қарауды болдырмау жөніндегі бағ- дарламаларды әзірлеу Бала кездегі ауруларды кешенді емдеудің страте- гиясын енгізу "Адамның рұқтық (репро- дуктивтік) құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының заңын әзірлеу Тірі және өлі туу жөнін- дегі ДДҰ өлшемдеріне көшу- ге байланысты нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау Шығыс Қазақстан, Қараған- ды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыста- рында және Алматы қ. рұқ- тық денсаулықты қорғау жөніндегі жобаларын іске асыру Алматы және Шығыс Қазақ- стан облыстарында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру Отбасындық дәрігерлік амбулаториялардың торабын құру, мамандар даярлау аймақтық медициналық-эко- логиялық бағдарламалар әзірлеу Жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі 1999- 2000 жылдарға арналған бағдарламаларды іске асыру Жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануын жақсарту жөнінде бағдарла- ма әзірлеу Емшек безінің қауіпті ісігімен күрес жөніндегі бағдарламаны енгізу Гендерлік проблематика бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерін оқыту жөнінде бағдарлама әзірлеу Валеология (салауатты өмір салты) бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру | Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Заңның жобасы Үкіметтің қаулы- лары Үкіметке ақпарат Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес |
таблицаның жалғасы