2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Апелляциялық кеңестің құрамына өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
1. Егер:
1) қарсылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;
2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;
3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;
4) өтiнiш берушi қарсылықты беруді ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама жiберiледi.
Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының шешiмі жарияланғанға дейiн қайтарып алуы мүмкін.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 32-2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
32-2-бап. Қарсылықты қарау
1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.
2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.
4. Апелляциялық кеңес:
1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) өтініш берушінің дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.
5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.
6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.
8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді.
9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 32-3-баппен толықтырылды
32-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету
1. Шешім шығарған апелляциялық кеңес қарсылық бойынша шешім жарияланғаннан кейін оның күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы емес.
2. Апелляциялық кеңес шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе қарсылықты қарауға қатысатын тұлғалардың өтініші бойынша түзете алады.
Түзетулер енгізу туралы мәселе апелляциялық кеңестің отырысында шешіледі. Қарсылықты қарауға қатысатын тұлғаларға апелляциялық кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабар беріледі, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 32-4-баппен толықтырылды
32-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру
1. Апелляциялық кеңес, егер:
1) қарсылық берген, апелляциялық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабар берілген, қарсылықты өзі болмағанда қарау туралы мәлімдемеген тұлға апелляциялық кеңестің отырысына екінші рет шақырғанда келмесе;
2) қарсылық берген тұлғаның өзінің қарсылығын кері қайтарып алу туралы өтінішхаты болса, қарсылықты қараусыз қалдырады.
2. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасына түсіріледі.
33-бап. Дауларды сот тәртібімен қарау
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай даулар:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;
2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-1) қорғау құжатын және (немесе) еуразиялық патентті жарамсыз деп тану туралы;
3) патент иеленушiнi анықтау туралы;
4) күштеп лицензия беру туралы;
5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;
6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;
7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;
8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеуi туралы;
9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс.
Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 7) және 10) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған «Төрелік туралы» және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген сараптама ұйымының шешімдеріне талап қою арыздары тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты өзгерістер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Авторлардың, өтiнiш берушiлердiң және патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Авторлықты иемдену, қосалқы автор болуға мәжбүрлеу, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң мәнiн ол туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм берушiнiң келісімiнсiз жария ету, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн заңсыз пайдалану, шет елдерде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патенттеу тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі
1. Жаңашылдық және бірегейлік талаптарына сәйкес келетін өнеркәсіптік үлгі Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгі алғаш рет жария етілген (ашылған) күннен бастап үш жыл бойы тіркеусіз және қорғау құжатын берусіз қорғалуы мүмкін.
Егер тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі алғаш рет жария етілген (ашылған) күнге дейін ешқандай бірдей өнеркәсіптік үлгі жария етілмесе (ашылмаса), тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі жаңа болып саналады.
Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің бірегейлігі осы Заңның 8-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқықты қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі, егер ол көрмеде жария етілсе, көрмеге қойылса, саудада пайдаланылса немесе Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік қызметтің осы секторында маманданған орталарда дұрыс хабарланса, алғаш рет жария етілген (ашылған) болып саналады.
Құпиялылықтың ескертілген немесе топшыланған шарттарында үшінші тұлғаға ғана ашылған тіркелмеген өнеркәсіптік үлгі жария етілген болып саналмайды.
3. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің авторлық құқығы осы Заңның 9-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздерде айқындалады.
4. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіге құқық мыналарға:
1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына);
2) егер жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушіге;
3) құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға), оның ішінде басқаға беру тәртібімен тиісті құқық алған адамға (адамдарға);
4) осы тармақта көзделген адамдардың арасында келісім болған жағдайда, оларға бірге тиесілі болады.
5. Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгінің иесі осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетілген пайдалану әрекеттеріне, егер дау айтылып отырған пайдалану оның тіркелмеген өнеркәсіптік үлгісін көшірудің салдары болып табылған жағдайда ғана кедергі жасауға құқылы.
Дау айтылып отырған пайдалану, егер ол жария етілген өнеркәсіптік үлгі туралы мәліметтерді білмеген адам болып негізді түрде саналуы мүмкін автордың басқа өнеркәсіптік үлгіні жасау жөніндегі тәуелсіз жұмысының нәтижесінде пайда болса, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгіні көшірудің салдары болып есептелмеуге тиіс.
8-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. Мемлекеттiк баж
Уәкiлеттi органның патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркеу жөніндегі әрекеттерді жасағаны үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тiркелген оның әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын аттестаттау комиссиясы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Аттестаттауға мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.
5. Өтініш берушінің, патент иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша істерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен істерді жүргізуді өтініш беруші де және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ уәкілетті органдағы және оның ұйымдарындағы мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, патент иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 36-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алысу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жіберу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 36-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 36-2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі қойылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне тиісті жазба енгізу;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
37-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн халықаралық тіркеу
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн халықаралық тіркеу сараптама ұйымына өтiнiм беру жолымен жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қарау қағидаларын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бекітедi.
38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы Заңнан өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының