2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің тиісті мемлекеттік тізілімдердегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі. Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
5. Мыналар:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) тарапта өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды
14-2-бап. Ашық лицензия
1. Патент иеленуші сараптама ұйымына өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты (ашық лицензия) кез келген тұлғаға табыстау туралы өтініш бере алады.
2. Патент иеленушінің ашық лицензияға құқықты табыстау туралы өтініші кері қайтарып алуға жатпайды және оны тіркеген күнінен бастап үш жыл бойы өз күшін сақтайды. Көрсетілген мерзім шегінде қорғау құжатын күшінде сақтағаны үшін ақы төлеу тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелген жылдан кейінгі жылдан бастап 50 пайызға төмендетіледі.
3. Ашық лицензияны сатып алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша нысанда тиісті шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу талаптары бойынша дауларды сот қарайды.
4. Ашық лицензияға құқықты табыстау патент иеленушінің немесе мүдделі тұлғаның өтініші қажетті құжаттармен қоса алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады.
15-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу
1. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi.
Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткізу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзгеше енгізу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану немесе азаматтық айналымға енгізу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi.
2. Патент иеленушi:
1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды
2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды
3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды;
4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5) тармақша толықтырылды
5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап,азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға;
6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты мiндеттi түрде жариялауға құқылы.
3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды лицензиаттың да қоюы мүмкiн.
5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-трмақ өзгертілді
1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi өтiнiм берушi) бередi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм қазақ немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары қазақ, орыс тілдерінде немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi Қазпатентке басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Өтінім және оны қараудың барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.
17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм
1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өнертабысқа өтінімде мынадай құжаттар:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;
2) білімнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) өнертабыстың объектісін айқындайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негізделуге тиіс;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
7) 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады.
Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзiм екi айға ұзартылады.
Төлем жөніндегі құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Өнертабысқа өтінім берілген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген өтінім құжаттары түскен күн бойынша белгіленеді, ал егер көрсетілген құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күні бойынша белгіленеді.
4. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм
1. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалы модельге өтiнiмде:
1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;
2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын сипаттамасы;
3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң формуласы;
4) сызбалар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады.
Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн өтінім берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе толық атауы көрсетіле отырып, пайдалы модельге патент беру туралы өтінішті, сипаттама мен сызбаларды қамтитын өтiнiм сараптама ұйымына келіп түскен күні бойынша, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы келіп түскен күн бойынша белгiленедi.
4. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм
1. Өнеркәсiптік үлгiге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм) бiр өнеркәсiптік үлгiге немесе өзара байланыстылығы соншалық, олар біртұтас шығармашылық ойды (өнеркәсiптік үлгiнiң бiрлігі талабын) құрайтын өнеркәсiптік үлгiлер тобына қатысты болуға тиiс.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмде:
1) өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның сыртқы түрінің кескіндерін көшірмелеу үшін жарамды жиынтығы;
3) 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) өнеркәсiптік үлгiнің сипаттамасы;
5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн.
Төлем жөніндегі құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiм берiлген күн болып сараптама жасау ұйымына өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi.
4. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-тармағына, 18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген, өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау ұйымына аталған күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне алты айдың iшiнде берiлсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi өтiнiм күнi бойынша белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтініш берушi өтiнiм берген кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде мұны көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса беруге немесе оны сараптама жасау ұйымына өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей табыс етуге тиiс. Көрсетiлген құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм берушi конвенциялық басымдыққа құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына келiп түскен күнiмен белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi және оны берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар сол бойынша табыс етiлген өтiнiм қайтарылып алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты оларды назарға алу мүмкiн еместiгi туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм өткенге дейiн өтiніш берушi дербес өтiнiм ретінде ресiмдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтiнiм неғұрлым бұрын берiлген өнертабысқа өтiнiм берiлген күннен бастап кем дегенде он екi айда және неғұрлым бұрын берiлген пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм - алты айда түссе, басымдық осы өтiнiм берушiнiң өтiнiмнiң берiлген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайтын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн ашып көрсететiн неғұрлым бұрынғы өтiнiмi сараптама жасау ұйымына берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Бұл орайда неғұрлым бұрын берiлген өтiнiм қайтарып алынды деп есептеледi.
Басымдықты оған дейiн басымдық сұралған өтiнiмнiң берiлген күнiнен белгiлеуге болмайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 5-трмақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң бөлектенген өтiнiм бойынша басымдығы - сол өтiнiм берушiнiң сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнiн ашатын бастапқы өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша басымдықты неғұрлым ерте белгiлеу құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтiнiм шағым жасауға мүмкiндiгi таусылған сараптама жасау ұйымының бастапқы өтiнiм бойынша терiс қорытындысы шыққанға дейiн берiлсе, бастапқы өтiнiм бойынша - оның басымдық күнi бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген күнге дейiн белгiленедi.
6. Басымдық бұрын берiлген бірнеше өтінiмдердiң немесе оларға қосымша материалдардың негiзiнде, тиiсiнше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар сақтала отырып белгiленуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Егер ұқсас өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бiр күнде басымдыққа ие болғаны анықталса, басымдық өтiнiмнiң сараптама жасау ұйымына неғұрлым ертерек жiберiлген күнiн дәлелденген сол өтiнiм бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - сараптама жасау ұйымында неғұрлым бұрынырақ тiркеу нөмiрiне ие болған өтiнiм бойынша белгiленедi.
21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм құжаттарын түзету
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң сараптама ұйымына тиісті өтінішхат беру арқылы өтiнiм құжаттарына мәлімделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгiзуге құқығы бар.
Осы өзгерістер өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген жағдайда төлем алынбайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өтінім берушінің атауының өзгеруі нәтижесінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету тиісті төлем төленген жағдайда өнеркәсіптік меншік объектілерін тиісті Мемлекеттік тізілімде тіркеген күнге дейін жасалуы мүмкін.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі; өтінім берілген күн анықталады. Егер өтінім осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргізеді.
Ресми сараптама жүргізу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі.
2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiні тексерiледi.
Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгізуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушіге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгізу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.
Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейін өтінім берушіге оның нәтижесі туралы хабарланады.
6. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-тармақ жаңа редакцияда; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 7-трмақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін белгілеуді, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (объектілердің) өнертабыс бірлігінің талабына және осы Заңның 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Мәні бойынша сараптама ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгендігін растайтын құжатты берген жағдайда жүргізіледі.
Мәні бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткізу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегі мәлімделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда өнертабысқа патент беру туралы шешім шығарылады.
Өтінім берушіге сараптама ұйымының патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.