09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде өнертабысқа патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Патент беруден бас тарту туралы шешім мынадай жағдайларда:
1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектілерге қатысты болса;
2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе беріледі.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешімі жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Өтінім беруші сараптама ұйымының тиісті қорытындысы берілгенге дейін өтінімді қараудың кез келген сатысында пайдалы модельге патент беру туралы өтінішхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 23-бабына сәйкес жүргізіледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемінің төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiшхат сараптама ұйымына сараптамаға сұратылған материалдармен, төлем туралы құжаттармен немесе апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр мезгілде ұсынылады.
Сұрау салуға жауап қайтару немесе осы баптың 3 және 8-тармақтарында көзделген қосымша материалдарды ұсыну мерзімдері - төлем төленген жағдайда, өтінім берушінің белгіленген мерзім өткенге дейін берген өтінішхаты бойынша белгіленген мерзім өткен күннен бастап алты айға дейінгі мерзімге, ал осы баптың 10-тармағында көзделген қарсылықтар беру мерзімдері белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.
Сараптаманы жеделдетіп жүргізу өтінім беруші осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде алты ай ішінде:
1) әдеттегі сараптаманың;
2) ақпараттық іздестірудің;
3) мәні бойынша сараптаманың жүргізілуін қамтиды.
Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды
14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.
22-1-бап. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сараптама ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2 және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн белгіленеді. Егер өтінім осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Сараптама жүргізу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажетті құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі, пайдалы модельдің басымдық күні, мәлімделген ұсынысты пайдалы модель ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігі айқындалады, пайдалы модельдің бірлігі тексеріледі.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттілік талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2, 3, 4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, сараптама ұйымы пайдалы модельге патент беру туралы шешім қабылдайды.
Сараптама ұйымының патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешіміне ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттілігiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінімге сараптама
1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсіптік үлгіге өтінім бойынша ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізеді.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн мен басымдық күні анықталады.
Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген өтінім бойынша өтінім берушіге сауал жіберіліп, онда сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды табыс ету ұсынылады.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты табыс етпесе, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
Өнеркәсіптік үлгіге берілген өтінімге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етілген кезде олардың өтінім берілген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертпейтіні тексеріледі.
Егер қосымша материалдарда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса, олар мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертеді. Өтінімді қарау кезінде қосымша материалдардың мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігі назарға алынбайды және оны өтініш беруші дербес өтінім ретінде ресімдей алады, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.
Ресми сараптама аяқталғаннан кейін ресми сараптаманың нәтижесі туралы өтінім берушіге хабарланады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптары бұзыла отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап оған үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің қайсысы қаралуға жататынын хабарлау және қажет болған кезде өтінім құжаттарына нақтылауды енгізу ұсынылады. Бастапқы өтінім материалдарына енгізілген басқа да өнеркәсіптік үлгілер бөлектелген өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлектелген өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленеді.
Егер өтінім беруші өзіне бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгілердің қайсысы қаралуға жататынын хабарламаған және нақтыланған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сипаттамада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ біріншісімен байланыстылығы өнеркәсіптік үлгінің бірлік талабын қанағаттандыратындай басқа да өнеркәсіптік үлгілерді қарау жүргізіледі.
3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсыныстың өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіге жатқызылуы мүмкіндігін анықтауды, көркемдік-конструкторлық шешім деңгейін айқындау үшін мәлімделген өнеркәсіптік үлгіге қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген шешімнің осы Заңның 8-бабында белгіленген патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келетініне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгені туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына табыс етіледі.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізу кезеңінде сараптама жасау ұйымы өтінім берушіден онсыз сараптама жасау мүмкін болмайтын қосымша материалдарды сұратуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің мәні өзгертілместен табыс етілуге тиіс.
Қосымша материалдарға өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады. Егер өтінім беруші сұратылған материалдарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты белгіленген мерзімде ұсынбаса, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі. Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтінімге мәні бойынша жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінім беруші сұраған көлемдегі құқықтық қорғау мәлімделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетінін анықтаса, белгiленген басымдықты көрсете отырып, патент беру туралы шешім беріледi.
Патент беру туралы шешiм өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиiстi төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда, өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiнде өнеркәсіптік үлгінің патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде өнеркәсіптік үлгіге патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Егер өтінім өнеркәсіптік үлгілер ретінде қорғалмайтын объектілерге жататын болса немесе өнеркәсiптiк үлгiнің бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты оларға қатысты қарау өткiзiлмесе де, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.
Өтiнiм берушi сараптама ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешіміне жiберiлген күнінен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес қарсылықты келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзiмде қарауға тиiс.
7. Өтінім беруші сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Сараптама жасау ұйымы өтінім берушінің сұратқан материалдарының көшірмелерін сұрау алынған күннен бастап бір ай мерзімде жібереді.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтінім беруші өткізіп алған мерзімдерді өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемi туралы құжат ұсынылған кезде сараптама ұйымы қалпына келтіруі мүмкін.
Өтінім беруші мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш хатты өткізіп алынған мерзім аяқталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей бере алады. Мұндай өтінішхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бір мезгілде ұсынылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру
1. Сараптама ұйымы тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде:
1) қорғау құжаттарын, ашық немесе мәжбүрлі лицензияны беруді;
2) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді;
3) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауды;
4) берілген патентті мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе жарамсыз деп тануды тіркеуді жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдер сараптама ұйымының интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Тіркеу туралы мәліметтер апта сайын бюллетеньде жарияланады.
3. Патент өтінім берушіге мәлімделген авторлар санына қарамастан жалғыз данада беріледі. Автор куәлігі патент беруге арналған өтінімде көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісінің әрбір авторы үшін өтінім берушіге беріледі.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сараптама ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап - он сегiз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткеннен кейін бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялайды.
2. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерістерi туралы мәлiметтер жариялайды.
27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу
Өтінiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға құқылы.
28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiм етiп өзгертуге құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертуге болады.
3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi сақталады.
6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтіру
29-бап. Қорғау құжатына дау айту
1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда:
1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;
2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса;
3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе;
4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 30-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
30-бап. Қорғау құжатын және (немесе) еуразиялық патентті жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент сот шешiмiнiң негiзiнде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Патент иеленуші қорғау құжатына және (немесе) еуразиялық патентке өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін қамтамасыз ететін формулаға, сипаттамаға, сызбаларға немесе бейнеге өзгерістер енгізген жағдайда, қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент ішінара жарамсыз деп танылады. Өзгерістер енгізілген қорғау құжаты және (немесе) еуразиялық патент сол нөмірмен қолданылуын жалғастырады.
Толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған, өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент патентке өтінім берілген күннен бастап күшін жояды.
Кейіннен жарамсыз деп танылған патент негізінде жасалған лицензиялық шарттар патенттің жарамсыздығы туралы шешім шығарылған кезге орындалған деңгейде күшін сақтайды.
Патентті жарамсыз деп тану өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімнің күшін жоюды және тиісті мемлекеттік тізілімдегі жазбаның күшін жоюды білдіреді.
2. Қорғау құжатының қолданылуы:
1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты ғана тоқтатылады;
2) белгiленген төлем мерзiмiнiң өткен күнiнен бастап қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн белгiленген мерзiмде төлем төленбеген жағдайда мерзiмнен бұрын тоқтатылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылған, сондай-ақ қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған қорғау құжаттары туралы мәлiметтер жариялайды.
31-бап. Патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша патенттi күшiнде ұстап тұру үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде, қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындағаны үшін және төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны күшінде ұстап тұру үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
Сараптама ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Патенттiң қолданылуы тоқтатылған күн мен қалпына келтiрiлген күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында патентпен қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана бастаған немесе оған қажеттi дайындық жасаған кез келген адам оны одан әрi осындай пайдаланудың көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын сақтап қалады (соңынан пайдалану құқығы).
Соңынан пайдалану құқығы басқа адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану орын алған немесе оған қажеттi дайындық жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi орган жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөнiндегi алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық кеңеске сараптама ұйымының өнеркәсіптік меншік объектісіне патент беруден бас тарту туралы шешіміне қарсылық берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.