Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 6 мамырдағы № 430 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
1997-1998 жылғы егiннің астығын сатып алу үшiн берiлген кредиттерді қайтару мәселесiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 35, 319-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
1997-1998 жылғы егiннен астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Есiмов Ахметжан Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi, комиссия төрағасы;
Иванов Леонид Александрович - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, комиссия төрағасының орынбасары;
Адасбаев Еркiн Әбенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетiнің төрағасы;
Төлеубаев Темiржан Төлеубайұлы - Қостанай облысы әкiмдiгінің Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк департаментінің директоры;
Үйсiмбаев Асқарбек Съезбекұлы - Ақмола облысы әкiмдiгiнің Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Сюникаев Рашид Абдуллович - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмдерін сатып алу және қайта өңдеу департаментінің бастығы;
Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Егiншілiк департаментiнің директоры;
Мұрзалбаев Нағмар Айтмаханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы қылмыстарын анықтау жөніндегі департаментi бастығының мiндетін атқарушы;
Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша);
Солюлев Александр Анатольевич - "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының вице-президентi (келісім бойынша);
Дүйсебаев Мұхаметжан Жұмабекұлы - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы директоры (келісім бойынша);
көрсетiлген құрамнан: Кәрiбжанов Жәнiбек Сәлiмұлы, Нұрқиянов Төлеухан Мұратқанұлы, Әзiмов Руслан Жұмабайұлы, Үмбетов Алтынбек Смағұлұлы, Әбiтаев Есберген Әбiтайұлы, Әбiлғазин Данияр Рүстемұлы, Тәжияқов Бейсенғали Шамғалиұлы, Әлиев Рахат Мұхтарұлы, Мәдинов Ромин Ризаұлы, Кулагин Сергей Витальевич, Шүкеев Өмiрзақ Естайұлы, Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Бисембаев Абай Айдарханұлы, Ильяшенко Юрий Михайлович, Тiлеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы, Буць Анна Александровна, Мұхамбеталин Қуаныш Төлеуұлы, Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы шығарылсын.
2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. 1997-1998 жылдардағы егiннiң астығын сатып алуға берiлген кредиттердiң қайтарымдылығымен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |