Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 ж. 30 қыркүйектегi № 1396 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.02 ж. № 1258 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1396 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге
асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау туралы
ЕРЕЖЕ
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығына сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі лицензияларды берудiң және қайтып алудың (тоқтатудың), оның қолданылуын тоқтата тұрудың және олардың қызметiне бақылау жасаудың тәртібін айқындайды.
I. Жалпы ережелер
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау - жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - лицензиат) қызметiн мемлекеттік реттеу және оған бақылау жасау мақсатында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 26.11.02 ж. № 1258 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Лицензиар зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi ұйымдастыруға берiлген лицензиялардың есебiн жүрiзедi, сондай-ақ лицензиялардың күшiн тоқтата тұруы, тоқтату және оны лицензиаттан қайтып алу жөніндегі мәлiметтердiң есебiн де қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 26.11.02 ж. № 1258 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Лицензиарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басшысы не ол болмаған кезеңде, оның орнындағы адам қол қояды.
5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүргiзуге арналған лицензиялар тұрақты және уақытша болып табылады.
6. Лицензиаттың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметпен қоса атқарылмайды.
7. Лицензиар берiлген лицензиялар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
8. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады.
II. Лицензияларды берудiң шарттары
9. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтi жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
10. Мемлекеттік емес ашық зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде лицензиар рұқсат еткен жағдайды қоспағанда, құрылтайшылардың (акционерлердiң) бiрде-бiреуi қордың акцияларының мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығымен жиырма бес процентiнен астамына тiкелей немесе жанама түрде иелiк ете және/немесе басқара алмайды.
11. Лицензиар рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындар мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алмайды.
12. Жинақтаушы зейнетақы қоры заңға сәйкес, лицензиар бекiткен тәртiпте мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры басшысының кандидатурасын қоспағанда, қордың басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасын лицензиармен келiсуге мiндеттi.
13. Лицензиаттың жарғы капиталы көздер есебiнен, тек ақшамен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мөлшерде ғана қалыптастырылуы тиiс.
14. Лицензия алу туралы өтiнiш беру сәтiнде жинақтаушы зейнетақы қорының жарғы капиталы толықтай төленген болуы тиiс.
15. Лицензиаттың заңдарға сәйкес лицензиар бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының Ережелерi болуы тиiс.
16. Лицензиялар Лицензиаттың басшысына немесе уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхаттың негiзiнде) берiледi.
III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
17. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиат лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лицензиялау туралы заңдарға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) барлық өзгерістерiмен және толықтыруларымен бiрге тiгiлген және нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмесi (екi данада);
4) "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген, лицензиатқа қойылатын біліктiлiк талаптарын растайтын құжаттар, сондай-ақ құрылтайшыларға, басшы қызметкерлерге қойылатын талаптар;
5) лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
18. Жоғарыда атап көрсетiлген барлық құжаттарға қол қойған лицензиаттың лауазымды тұлғалары осы құжаттардағы деректердiң дұрыстығы үшiн, заңда белгiленген жауаптылықта болады.
IV. Лицензия беру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмi
19. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялауға берiлген құжаттарды лицензиар лицензиялауға құжаттар ұсынылған сәттен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарайды.
V. Лицензия беру үшiн алым
20. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
VI. Лицензия беруден бас тарту және оған шағымдану
21. Егер:
құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмесе;
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынған болса;
лицензиаттың атауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;
осы Ереженiң 3-тарауына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар тапсырылмаса;
лицензия бергенi үшiн алым енгiзiлмесе;
өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салған шешiмi болса;
лицензиаттың басшы қызметкерлерi заңда белгiленген біліктiлiк талаптарына жауап бермесе;
өтiнiш иесi берген ақпарат қолданылып жүрген заңдарды және лицензиардың нормативтiк актілерін бұзғандығын куәландырса, лицензия берiлмейдi.
22. Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.
23. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензия беруден бас тарту лицензиатқа негiзсiз болып көрiнсе, ол бiр ай мерзiмде бұл iс-әрекеттерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
VII. Лицензияның күшiн жоюы
24. Лицензия:
лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
сот шешiмiмен лицензия қайтып алынғанда;
жинақтаушы зейнетақы қоры қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өз күшiн жояды.
25. Лицензиат қайта тiркелген кезде лицензия өз күшiн сақтайды.
26. Лицензияның күшi тоқтатылған жағдайда, лицензиат акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiн немесе соттың шешiмiн алған сәттен бастап, он күн iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
27. Лицензияның күшiн жоюға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
VIII. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және
оны қайтып алу
28. Лицензияның қолданылуы мынадай:
негiзiнде лицензия берiлген ақпарат ақиқат болмаған;
қор зейнетақы шарты бойынша мiндеттемелердi ұдайы (қатарынан 12 күнтiзбелiк ай iшiнде үш және одан көп ретте) орындамаған немесе жеткiлiксiз дәрежеде орындаған;
Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтiк құқықтық актілері, лицензиаттың зейнетақы ережелерi және лицензиардың нормативтiк құқықтық актілері бұзылған, не лицензиардың жазбаша нұсқамалары орындалмаған;
есептемелер мен мәлiметтер берiлмеген немесе көре тұра терiс берiлген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
29. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын 6 айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
30. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған жолсыздықтарды жоюға мiндеттi, содан соң лицензияның қолданылуы лицензиардың жазбаша хабарламасы бойынша қайта басталуы мүмкiн.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн, лицензиардың қызметi заңсыз деп саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауаптылыққа алып барады.
31. Лицензиардың лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
IX. Лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасау
32. Лицензиаттың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiне бақылау жасауды лицензиар жүзеге асырады.
33. Лицензиат осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес лицензия алу үшiн ұсынылған мәлiметтер мен құжаттарға өзгерістер туралы, сондай-ақ зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниямен және банк-кастодианмен (мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн) шарттар жасалғандығы (немесе ережелердiң өзгеруi) туралы лицензиарға жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
Өзгерістер туралы деректер лицензиарға лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарға өзгерістер пайда болған күннен бастап, он күн мерзiмде табыс етiлуi тиiс.
34. Лицензиялық қызметтi жүзеге асыруға бақылау жасаудың барысында лицензиар статистикалық және қаржылық есептiлiк негiзiнде, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметке, сондай-ақ лицензиардың нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген өлшемдер бойынша лицензиаттың қаржылық тұрақтылығын, салымшылардың қаражатының мақсатты пайдаланылуын және лицензиаттың атқаратын қызметiнiң "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестiлiгiн айқындау мақсатында жергiлiктi жерлерде тексерiстердi жүзеге асыруға мiндеттi.
35. Лицензиардың лауазымды тұлғалары жариялануға жататын мәлiметтердi қоспағанда, тексеру барысында алынған ақпаратты жария қылғаны үшiн жауапкершiлiкте болады. Лауазымды тұлғалардың заңсыз iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде келтiрiлген шығындар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеледi.