Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қарашадағы № 1258 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 356; 2005.09.02. № 124 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi» туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы № 872 Жарлығына сәйкес келмеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметi»;
реттiк нөмiрi 33-жол алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 356 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |