Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және
нотариалдық қызметтер көрсетудi лицензиялау мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 30.01.98 ж. № 56; 23.12.98 ж. № 1325; 01.03.00 ж. № 330;
02.11.01 ж. № 1389 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.25.07. № 773 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінiң 02.11.01 ж. № 1389 қаулысымен атауы өзгертілді
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінiң 02.11.01 ж. № 1389 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетудi лицензиялаудың тәртібі туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінiң 30.01.98 ж. № 56 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 сәуірдегі Заңы қабылданғанға дейiн Адвокаттық қызметпен байланысты емес заң қызметiн көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар 1998 жылдың 1 сәуipiне дейiн мұндай қызметтер көрсету құқығына арналған лицензия алуы тиiс деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 23.12.98 ж. № 1325; 02.11.01 ж. № 1389 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қоса берiлiп отырған:
адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсету құқығына арналған мемлекеттік лицензияның (заңды тұлғаларға арналған) (1-қосымша);
адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету құқығына арналған мемлекеттік лицензияның (жеке тұлғаларға арналған) (2-қосымша) нысандары бекітілсiн.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасына лицензиялардың бланкiлерiн дайындауға арналған тапсырыстарын орналастырсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
3-бағандағы реттiк саны 17 жолдағы "сот-сараптау қызметi" деген сөздерден кейiн "нотариалдық және адвокаттық қызметпен байланысты емес" ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
ҚР Үкіметінiң 30.01.98 ж. № 56; 02.11.01 ж. № 1389 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бөлiнген қаржы қаражаты мен қолда бар штат санының шегiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензияларды, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсету құқығына арналған лицензияларды, мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды берудi ұйымдастыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң
қызметiн лицензиялаудың тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрленген осы Ереже ақылы заң қызметiн көрсетудi лицензиялау субъектiлерiн, оларға лицензия алу кезiнде ұсынылатын біліктілік талаптарын, адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензияларды берудiң, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың, сондай-ақ керi қайтарып алудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінiң 30.01.98 ж. № 56; 02.11.01 ж. № 1389 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Ережеге сәйкес лицензиялауға Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызмет iстейтiн заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, шетелдiк заңды тұлғаларға (бұдан әрi - Лицензиат) көрсетiлетiн адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметкерi жатады.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік органдардың құрылымындағы заң қызметтерiнiң, адвокаттар алқаларының, сондай-ақ ақылы заң қызметтерiн көрсетумен байланысты емес өзге де заң қызметтерiнiң қызметi лицензиялауға жатпайды.
4. Лицензияны белгiленген нысан бойынша Лицензиар бередi.
Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензия заңды тұлғалардың (филиалдардың), сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы жеке тұлғалардың қызметтiң осы түрiмен айналысуға арналған құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
5. Лицензия басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.
6. Осы Ережеге сәйкес жеке адамға берiлген лицензияны оның иесi адвокаттық немесе нотариалдық қызметтердi жүзеге асыру үшiн пайдалана алмайды.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және оның қызметi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады.
8. Лицензиялар бланкiлерiн дайындауды, есепке алуды және сақтауды Лицензиар жүзеге асырады.
9. Лицензиар лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, қолданылуын тоқтатқан және керi қайтарылып алынған лицензиялар және қолданылуы тоқтатыла тұрған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi. Тiзiлiмдi жүргiзудiң нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлейдi.
II. Лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Жеке адам:
Қазақстан Республикасы білім беру мекемесiнiң жоғары заң білімi туралы дипломы немесе шетелдiк мемлекет білім беру мекемесiнiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен және талаптарда Қазақстан Республикасында танылған жоғары заң білімi туралы дипломы;
заң мамандықтары бойынша кемiнде екi жылғы жұмыс стажы Қазақстан Республикасының аумағында;
Шетелдiк мемлекеттік білім беру мекемесiнiң жоғары заң білімi туралы дипломы бар адам осы дипломды берген мемлекеттiң заңдары бойынша консультациялар түрiнде ақылы заң қызметiн көрсетуге құқылы.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Заңды тұлғалар:
заңды тұлғаларды, шетелдiк заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгi;
сауда тiзiлiмiнiң көшiрмелерi немесе өз елiнiң заңдары бойынша осындай болып табылатындығын растайтын басқа да құжаты;
қызметтiң лицензияланатын түрi олардың жарғыларында (коммерциялық емес ұйымдар үшiн)" бекітілуi;
оларда осы Ереженiң 10-тармағының талаптарына жауап беретiн, заң қызметтерiн көрсету жөніндегі заңды тұлғаның атынан қызметкердiң (қызметкерлердiң) немесе қатысушының (қатысушылардың) болуы кезiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсетуге арналған лицензиялар алуға өтiнiш беруге құқылы.
Егер шетелдiң қатысуымен заңды тұлғаның, атынан адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсететiн екi және одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайларда, олардың кемiнде жартысы осы Ереженiң 10-тармағының талаптарына жауап беретiн, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылуы қажет.
III. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Жеке адамдар лицензиялар алу үшiн лицензиялық органға:
Лицензиар белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
лицензиялық алымды төлегендiгi туралы квитанция немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн;
жоғары заң білімi туралы дипломының көшiрмесiн;
еңбек кiтапшасының немесе заңгерлiк мамандығы бойынша талап етiлетiн жұмыс стажын растайтын құжаттың нотариалдық расталған көшiрмесiн;
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Заңды тұлғалар (шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары) лицензиялар алу үшiн лицензиялық органға:
заңды тұлғаның мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (шетелдiк заңды тұлғаның филиалының есептiк тiркелуi туралы куәлiктiң) нотариалдық расталған көшiрмесiн;
заңды тұлғаның жарғысының (шетелдiк заңды тұлғаның филиалы туралы ереженiң) нотариалдық расталған көшiрмесiн;
тiкелей адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсететiн тұлғалардың тiзiмiн;
заңды тұлғалардың (шетелдiк заңды тұлғаның филиалының) сонда жұмыс iстейтiн немесе оның атынан қатысатын қызметкерiнiң жоғары заң білімi туралы дипломының көшiрмесiн;
заңды тұлғаның (шетелдiк заңды тұлғаның филиалының), заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс iстейтiн немесе оның атынан қатысатын қызметкерiнiң жұмыс стажын растайтын еңбек кiтапшасының немесе құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмесiн;
лицензиялық алымды төлегендiгi туралы квитанцияны немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн ұсынады.
14. Шетелдiк өкiметтердiң қатысуымен шетелдерде жасалған немесе олардан шыққан құжаттар қазақ немесе орыс тiліндегі нотариалдық расталған аудармасымен, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, оларды Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi заңдастыру талаптарымен ұсынылуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Лицензиар өтiнiштердi қараудың нәтижелерi бойынша барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей лицензияларды беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
16. Лицензиатқа берiлген лицензияларға ол лицензиялардың тiзiлiмiне енгiзiлетiн тiркеу нөмiрi берiледi.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда
17. Лицензиат жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда бiр ай мерзiмде, оған көрсетiлген өзгерiстi растайтын құжатты қоса беру арқылы, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады.
Лицензия жоғалған кезде Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесi берiледi. Лицензияның көшiрмесiн бергенi үшiн осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым төленедi.
IV. Лицензияларды беруден бас тарту
18. Лицензияларды беруден "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 19-бабында көзделген негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн.
19. Лицензиялар беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензияларды беру үшiн белгiленген мерзiмдерде, бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, жазбаша түрде дәлелдi жауап тапсырылады.
20. Бас тарту туралы шешiм сотқа шағымдалуы мүмкiн.
V. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе
тоқтату. Лицензияларды керi қайтарып алу
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді
21. Лицензияның қолданылуын Лицензиар:
Лицензиаттың лицензия беру үшiн негiз болып табылатын құжаттарда анық емес немесе әдейi бұрмаланған ақпараттар ұсынуы фактiсi анықталған;
Лицензиат заңды тұлға атауының немесе төлқұжаттық мәлiметтердiң өзгергендiгi туралы мәлiметтi лицензиарға бiр ай мерзiм iшiнде хабарламаған;
Лицензиаттың (заңды тұлғаның) тарату процесiнде болуы;
прокуратура органдары және салық қызметтерi Лицензиардың лицензиялайтын қызметтерiн тексерудiң нәтижесiнде анықталған заңдар нормаларының бiрнеше мәрте бұзылуы;
Лицензиат Лицензиарға осы Ережеде белгiленген мәлiметтердi беруден бас тартуы жағдайларында алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
22. Лицензиар лицензияның қолданылу мерзiмiн тоқтата тұру туралы лицензиаттарға оның себептерiн көрсете отырып, мұндай шешiм қабылдағаннан кейiнгi бiр апталық мерзімде жазбаша түрде хабарлайды.
23. ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен алынып тасталды
24. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтата тұру кезеңiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге тыйым салуға әкеп соқтырады.
25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы Лицензиардың шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
26. Лицензияның қолданылуы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 21-бабында көзделген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкiн.
27. Лицензияның қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Лицензиардың шешiмiмен ресiмделедi және ол туралы лицензияның тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiледi.
28. Лицензияның қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Лицензиат лицензияны он күндiк мерзiмде оның iшiнде соттың шешiмiн атқару тәртібімен оны берген органға қайтаруы тиiс.
29. ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен алынып тасталды
30. Лицензия "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 22-бабында көзделген жағдайларда сот тәртібімен керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
VI. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi
31. Лицензиаттар:
шарттық талаптарға адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсетуге;
лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi жөніндегі барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар бұл материалдарды қараған кезде қатысуға құқылы.
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 32-тармақ өзгертілді
32. Лицензиаттар:
Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтауға;
Лицензиарға Лицензиатқа лицензияларды беру кезiнде қойылған талаптардың сақталуына бақылау жасауы үшiн қол жеткiзудi қамтамасыз етуге;
Лицензиардың сұратуы бойынша анықтамалық және лицензияланатын қызметтер көрсетуiмен байланысты басқа да мәлiметтер ұсынуға;
заңды тұлғаны тарату туралы қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiмдi қабылдаған органға қарамастан, Лицензиарға хабарлауға мiндеттi.
Лицензиарға орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға мiндеттi.
VII. Лицензиялық алым
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 33-тармақ өзгертілді
33. Лицензиат қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензиялық алым төлейдi.
Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн заңдарда белгiленген лицензиялық алымның негiзгi ставкасынан 50 процент мөлшерiнде ақы алынады.
Лицензиялардың көшiрмесiн бергенi үшiн лицензияларды беру кезiнде қолданылып жүрген заңдарда белгiленген мөлшерде лицензиялық алым алынады.
34. Лицензиялық алым лицензиялар алынғанға дейiн енгiзiледi.
Квитанция немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi Лицензиарға берiледi.
35. Егер Лицензиат лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ақылы заң қызметiн көрсетуге кiрiспесе немесе оны тоқтатса, лицензиялық алымды қайтару немесе оның мөлшерiн қайта есептеу жүргiзiлмейдi.
VIII. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдары
мен осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтауына
бақылау жасау
36. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтауына бақылау жасауды Лицензиар жүзеге асырады.
Тексерулердi жүргiзудiң, олардың тұрақтылығының және мерзiмдердiң тәртібін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Лицензиар айқындайды.
ҚР Үкіметінiң 30.01.98 ж. № 56 қаулысымен тарау алынып тасталды
IX. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен оның
аумақтық органдарының арасындағы ақылы заң қызметiн
лицензиялау жөніндегі функцияларды шектеу
37. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн лицензиялау жөніндегі қызметiне әдiстемелiк басшылықты;
шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғалар мен олардың филиалдарына, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғаларға (кәсiпорындарға) адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге лицензиялар берудi;
лицензиаттар мен Әдiлет министрлігі аумақтық органдардың лицензиялау жөніндегі заң және нормативтiк актiлермен осы Ереженiң талаптарын орындауына бақылау жасауды;
Қазақстан Республикасының аумағында лицензиаттардың бiрыңғай деректер банкiн қалыптастыруды;
Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының лицензиялау қызметтерiне шағымдарды қарауды жүзеге асырады.
38. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдары:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі лицензиялауға жататындардан басқа жеке және заңды тұлғаларға адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензиялар берудi;
лицензиялар бланктерiнiң есебiн жүргiзудi және сақтауды, лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінiң 02.11.01 ж. № 1389 қаулысына сәйкес Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың тәртібі туралы ереже күшін жойды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Адвокаттық қызметпен байланысты емес
ақылы заң қызметін көрсету құқығына
Мемлекеттік лицензия
__________________________________________________берілді
(заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)
Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
және оның күші Қазақстан Республикасының
барлық аумағында қолданылады.
Лицензияны берген мемлекеттік орган__________________________
_____________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің толық атауы)
Берілген күні "__"___________ __________________жыл
Тіркеу N_____________________
_____________________________________________________________
(лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы).
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінiң 01.03.00 ж. № 330 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Адвокаттық қызметпен байланысты емес
ақылы заң қызметін көрсету құқығына
Мемлекеттік лицензия
__________________________________________________берілді
(заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)
Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
және оның күші Қазақстан Республикасының
барлық аумағында қолданылады.
Лицензияны берген мемлекеттік орган__________________________
_____________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің толық атауы)
Берілген күні "__"___________ __________________жыл
Тіркеу N_____________________
_____________________________________________________________
(лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы).
ҚР Үкіметінiң 23.12.98 ж. № 1325 қаулысымен 3, 4-қосымшалардың күші жойылды
ҚР Үкіметінiң 02.11.01 ж. № 1389 қаулысымен 5, 6-қосымшалардың күші жойылды