Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысы
(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның;
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері» туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен нысан өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілді.
Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінiң Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті берген.
Комитеттің төрағасы ______________________
(қолы)
Лицензияның берілген күні «____»____________199__ж.
Лицензияның нөмірі ____________
________________қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен нысан өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілді.
Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетi берген.
Комитеттің төрағасы ______________________
(қолы)
Лицензияның берілген күні»____"____________199__ж.
Лицензияның нөмірі ____________
________________қаласы