Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 30 қаңтардағы № 56 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.25.07. № 773 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "1 қаңтарына дейiн" деген сөздер "1 сәуiрiне дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "бiр ай мерзiм iшiнде" деген сөздер алынып тасталынсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:
1-тармақтағы "мен оның аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын.
IХ тарау алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi