2. Бағалы қағаздар шығарудың мақсатқа сай еместiгiн дәлел етiп, тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
3. Бағалы қағаздар шығарылымын тiркеуден бас тарту жөнiнде сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
20-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру
1. Бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұруға:
1) бағалы қағаздарды орналастыру талаптарының шығару мен орналастырудың тiркелген талаптарына, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкессiздiгi;
2) эмиссия ережелерiн едәуiр өзгертетiн ақпараттың уәкiлеттi органға келiп түсуi;
3) шығарылымның тiркелген көлемiнiң артып кетуi;
4) уәкiлеттi органның талаптарын эмитенттiң белгiленген мерзiмде орындамауы негiз болады.
2. Бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру:
1) эмитенттiң бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруына тыйым салуды;
2) рынокта орналастырылған бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердiң тiркелуiн жүзеге асыруға тыйым салуды;
3) осы эмиссияның бағалы қағаздарын орналастыру жөніндегі жарнама науқанын тоқтатуды бiлдiредi.
3. Бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
4. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап эмитент осы баптың 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, бұл туралы баспасөз басылымында хабар жариялауға және анықталған жолсыздықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға мiндеттi.
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тізіліміндегi жеке шоттармен жүргізілетін операцияларды тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi. Тiзiлiмде нақты ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi.
5. Уәкiлеттi органның шешiмiмен бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұруға себеп болған негiздердi жойғаннан кейiн ғана эмитенттiң бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруына мүмкiндiк туады.
6. алынып тасталды
7. Уәкiлеттi органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмi жөнiнде сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
21-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп тануға құқылы:
1) инвесторлар үшiн елеулi мәнi бар бағалы қағаздар шығарылымы нақты шарттарының тiркелген эмиссия проспектiсiне сәйкес келмеуi;
2) тiркелген шығарылым проспектiне сәйкес келмейтiн мәлiметтер бар бағалы қағаздардың шығарылуы мен орналастырылуы туралы жарнама науқанын жүргiзу;
3) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепте көрсетiлген мәлiметтердiң шығарылымның тiркелген проспектiне немесе осындай шығарылымның нақты орналастырылу деректерiне сәйкес келмеуi;
4) орналастыруды тоқтата тұрудың себебi болған жолсыздықтарды жою туралы уәкiлеттi органның ұйғарымын эмитенттiң орындамауы.
1-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және осы эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiміндегі бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi.
Тiзiлiмде нақтылы ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi. Хабарламаны алған нақтылы ұстаушы клиенттiң шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған мәмiленi тiркеудi тоқтата тұруға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы мәлiмет Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзiледi.
2. Облигациялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда осы шығарылған облигациялар эмитентке қайтарылуға жатады. Инвесторларға облигациялардың нақтылы құнын өтеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-1. Акциялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда акционерлік қоғамның директорлар кеңесi уәкiлеттi органнан акциялар шығарылымының жарамсыз деп танылғаны туралы хабар алған күннен бастап екi ай iшiнде мынадай:
1) акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы;
2) шаруашылық серiктестiк (өндiрiстiк кооператив) етiп қайта құру туралы;
3) акционерлік қоғамды тарату туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдау мақсатында акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға және өткiзуге мiндеттi.
Акционерлердiң жалпы жиналысында акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн акционерлік қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей құжаттарды мемлекеттік тiркеуге табыс етуге мiндеттi.
2-2. Осы баптың 2-1-тармағының талаптарын сақтамаған жағдайда акционерлік қоғам уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен таратылуға жатады.
3. алынып тасталды
4. алынып тасталды
5. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмiне сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
ҚР 11.04.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
22-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы және эмитенттiң қызметi туралы ақпарат
1. Эмитент орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлiметтi олардың шығарылуы мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
Мемлекеттік тiркелгенге дейiн шығару туралы мәлiметтердi жариялауға тыйым салынады.
2. Эмитент, сондай-ақ оның андеррайтерлерi ықтимал инвесторларға бағалы қағаздарды сатып алғанға дейiн бағалы қағаздар шығарылымы проспектiмен, сондай-ақ эмитенттiң қызметiмен және олар шығарған ескiру мерзiмi алты айдан аспауға тиiс бағалы қағаздар туралы ақпаратпен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Бағалы қағаздарды орналастыру және олардың айналымы кезеңiнде эмитент оларды уәкiлеттi органда тiркеуге және ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаз ұстаушыларды бағалы қағаздар шығарылымының тiркелген проспектіндегі деректермен және эмитенттiң қызметi туралы және олар эмиссиялаған бағалы қағаздар туралы ақпараттармен салыстырғанда iстiң нақты жәй-күйіндегі олардың мүдделерiн қозғайтын барлық өзгерістер туралы хабардар етуге мiндеттi.
4. Мыналар ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерiн қозғайтын мәлiметтер болып танылады:
1) эмитенттiң органына кiретiн адамдар тiзiміндегі өзгерістер;
2) эмитенттiң және оның еншiлес ұйымдары мен тәуелдi акционерлік қоғамдарының органдарына кiретiн (өкiлдерi кiретiн) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жарғылық капиталдағы (төленген жарғылық капиталдағы) үлес мөлшерiнiң өзгерістерi, сондай-ақ егер, олар әрбiр осындай ұйымның (халықтық акционерлік қоғамның жарғылық капиталында бес және одан да көп процент) дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң, үлестiк жарналардың) он және одан да көп проценттерiн иеленген жағдайда, басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы (төленген жарғылық капиталдағы) акционер үлесi мөлшерiнiң өзгерістерi;
3) эмитенттiң дауыс берiлетiн акцияларының он және одан да көп процентiн (халықтық акционерлік қоғам үшiн - бес және одан да көп процентiн) иеленетiн эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) тiзiміндегі өзгерістер;
4) әрбiр осындай ұйымның дауыс берiлетiн акцияларының (үлестерiнiң, үлес жарналарының) он және одан да көп процентiн ( халықтық акционерлік қоғам үшiн - бес және одан да көп процентiн) эмитент иеленетiн заңды тұлғалардың тiзiміндегі өзгерістер;
5) акционерлердiң жалпы жиналысының (шаруашылық серiктестiктiң жоғары органының) шешiмдерi;
6) эмитентi, оның еншiлес ұйымдарын және тәуелдi акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру;
7) эмитенттiң шоттары мен мүлкiне тыйым салу;
8) эмитент лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе тоқтату не оны қайтарып алу;
9) эмитенттiң қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату;
10) ықтимал инвесторлардың және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүлiктiк мүдделерiн қозғайтын және уәкiлеттi органдар осындай деп таныған өзге де өзгерістер.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген эмитенттiң iсiнiң нақты жай-күйіндегі өзгерістерi туралы мәлiметтердi эмитент оларды тiркеу (бағалы қағаздар шығарылымы проспектiне тиiстi өзгерістер енгізу үшiн) осындай өзгерістер туындаған кезден бастап жетi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәкiлеттi органға жiберуге тиiс.
6. Егер бағалы қағаздар шығарылымы проспектiнде, сондай-ақ эмитенттiң қызметi мен ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратта ықтимал инвесторлардың және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерiн қозғайтын жалған, дәл емес немесе толық емес мәлiметтер болса, эмитент келтiрiлген нұқсан үшiн заңдарға сәйкес мүлiктiк жағынан толық жауапты болады, ол оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.
7. Инвесторларға (ықтимал инвесторларға) бағалы қағаздар шығарылымы проспектiнде және эмитенттiң қызметi туралы және ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратта жалған, дәл емес немесе толық емес мәлiметтердi табыс ету немесе жариялау арқылы келтiрiлген нұқсан үшiн эмитенттiң жауапкершiлiгiн шектейтiн инвесторлар (ықтимал инвесторлар) мен эмитент арасындағы жасалған келісім жарамсыз деп есептеледi.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттары
1. Бағалы қағаздар шығарылымының құрылымы уәкiлеттi органда тiркелген құрылымға сәйкес келуге тиiс.
2. алынып тасталды
3. Эмитент бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде андеррайтердiң қызметiн пайдалана алады. Бағалы қағаздар рыногындағы андеррейтердiң қызметiн бағалы қағаздар рыногында атаулы ұстау құқығымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары жүзеге асыруға құқылы.
Андеррайтер қызметiн жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары эмиссиялық синдикаттар құруға құқылы.
Эмиссиялық синдикат бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде құрылады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының андеррайтер қызметiн жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен реттеледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептер
1. Эмитент уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн не оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн әрбiр алты айдың қорытындысы бойынша (есептi жартыжылдық аяқталған соң бiр айдың iшiнде) бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есептердi, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
Халықтық акционерлік қоғам тоқсан аяқталғаннан кейiн жиырма күн iшiнде өз акцияларын нақты орналастырылуы туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тоқсандық баланстар және кiрiстер мен шығыстар туралы есебiн баспасөз басылымында жариялауға және уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.
2. алынып тасталды
3. Есептi бекіту үшiн табыс етiлетiн құжаттар тiзбесiн және оларды ресiмдеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. Эмитент көрсетiлген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган есептi бекiтпей тастауға құқылы. Эмитент құжаттарды қайтара табыс еткен кезде оны қарау мерзiмi жаңартылады.
4. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi 14 күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
5. Эмитент бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi тапсырмаған жағдайда уәкiлеттi орган шығарылымды жарамсыз деп тануға құқылы.
6. Егер эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қараған кезде ұсынылған мәлiметтердiң немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу үшiн ұсынылған мәлiметтердiң анық еместiгi анықталса, уәкiлеттi орган бағалы қағаздарды одан әрi орналастыру мен оның айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
7. Бекітуге ұсынылған бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептегi мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган есептi бекіту туралы хабарламаны керi қайтарып алу туралы және эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 24-1-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
24-1-бап. Бағалы қағаздар ұстаушыларды уәкiлеттi органның хабардар етуi
1. Бағалы қағаздар рыногында жасалған немесе жасалуы мүмкiн құқық бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар ұстаушыларды хабардар ету және оларды ескерту мақсатында уәкiлеттi орган баспа басылымында:
1) баспа бағалы қағаздар шығару мен орналастыруды тоқтата тұру және шығарылымды жарамсыз деп тану туралы;
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу немесе оның күшiн тоқтата тұру туралы;
3) эмитенттердiң және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тексеру туралы мәлiметтердi жариялайды.
2. Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы мәлiметтер базасын жүргiзедi.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 24-2-бап өзгертілді (бұр. ред қара)
24-2-бап. Инвесторлардың бағалы қағаздар рыногындағы құқықтарын қорғау
1. Инвесторлардың бағалы қағаздар рыногындағы құқықтарын қорғау мақсатында уәкiлеттi орган эмитенттер мен бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiне тексерiс жүргiзедi.
Тексерiс жүргiзу кезеңiнде және тексерiстiң қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) эмитенттерге, сауда-саттық ұйымдастырушыларға және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;
2) бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiлiмiнiң жекелеген дербес шоттары және тұтас алғанда, тiзiлiм бойынша бағалы қағаздардың қозғалысын тоқтата тұруға;
3) кiнәлi тұлғалардың жауапкершiлiктерi туралы мәселелердi заңдарға сәйкес шешуге құқылы.
2. Эмитенттердiң және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган:
1) ұсынылған құжатттарды қарау;
2) мүдделi тараптардың өкiлдерiн жолсыздық фактiсi бойынша олардың түсiнiктемелерiн тыңдау мақсатында шақыру;
3) эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының немесе бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушының орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
Тексерiстер жүргiзудiң және олардың нәтижелерiн ресiмдеудiң тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2-1. Тексерiс жүргiзу процесiнде эмитент, кәсiби қатысушы және сауда-саттық ұйымдастырушы уәкілетті органның тексеріс үшiн қажеттi құжаттарды табыс ету туралы талабын орындауға мiндеттi.
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган тексерiс актiсiне қоса тіркеу үшiн құжаттардың көшiрмелерiн талап етуге құқылы.
Уәкiлеттi орган эмитент қызметкерлерiнен, кәсiби қатысушыдан және сауда-саттық ұйымдастырушыдан тексерiс жүргiзу процесiнде және тексерiс қорытындысы бойынша жазбаша түсiнiк берудi талап етуге құқылы.
2-2. Эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының және кәсiби қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанын куәландыратын тексерiс қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарының айналысын, кәсiби қатысушы мен сауда-саттық ұйымдастырушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
3. Уәкiлеттi орган, заңдарда көзделген жағдайларда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылардың көрсеткен қызметi үшiн сыйақы мөлшерiнiң негiздiлiгiн айқындауға құқылы.
IV тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби
қызмет
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет:
1) біліктiлiк талаптарына;
2) қаржы тұрақтылығы өлшемдерiне;
3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз қызметi туралы ақпаратты ашып көрсету талаптарына;
4) iскерлiк әдеп нормаларына сәйкес болуға тиiс.
1-1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдары бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға құжаттарын ұсынған ұйымның, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының және сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталын қалыптастыруы тек ақшамен жүзеге асырылады.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы клиентке мүлiктiк зиян келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша залалды өз есебiнен өтеуге мiндеттi.
3. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарындағы қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы өзiнiң қызметiне байланысты қаржы тәуекелдерiн сақтандыруға құқылы.
4. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органмен және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың уәкiлеттi органымен келісілген ережелермен белгiленедi.
5. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатысуы мiндеттi болып табылады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 26-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
26-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау
1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар тұлғалар бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқылы. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi шарттары мен тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтау жөніндегі талабын орындауы қажет. Пруденциялық нормативтердiң құрамына жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi.
3. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен лицензия беруден бас тартуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға немесе лицензияны керi қайтарып алуға құқылы.
3-1. Уәкiлеттi орган:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұнында анық емес немесе толық емес ақпараттар анықталған;
2) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ақпарат берiлмеген;
3) лицензиат уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтамаған;
4) лицензиат бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейтiн ережелер мен стандарттарды орындамаған немесе бұзған;
5) лицензиат өзiнiң қызметi туралы есептi ұсыну тәртібін сақтамаған;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүше болмаған, сондай-ақ лицензиат өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан шыққан немесе оны шығарған;
7) лицензиат Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзған;
8) лицензиат лицензиялық талаптарды сақтамаған;
9) лицензиат уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.
3-2. Уәкiлеттi орган лицензияның қолданылуының тоқтатыла тұру себептерi жойылмаған жағдайларда және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензияны қайтарып алуға құқылы.
4. Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
27-бап. Бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердi жүзеге асыруды шектеу
1. Бағалы қағаздар рыногына брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға, егер аталған мәмiлелердi жасау және жүзеге асыру өз клиенттерiнiң мүдделерiне қайшы келетiн болса, құқықтары жоқ.
2. Қызметтiк ақпаратты бар тұлғалардың бас пайдасын көздеу мақсатында немесе оны үшiншi бiреуге беру үшiн осы ақпаратты пайдалана отырып мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Бағалы қағаздар рыногының жай-күйi мен дамуы туралы мiндеттi түрде жариялануға тиiстi ақпаратты мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың лауазымды адамдарының немесе бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қасақана жасырып қалуына жол берiлмейдi.
Осы талапты бұзған тұлғалар заңдарға сәйкес жауап бередi.
3. Өзiнiң қызмет бабындағы жағдайына, эмитентпен жасасқан еңбек мiндеттемелерiне немесе шарттарына орай эмитент және ол орналастырған бағалы қағаздар туралы ақпараты бар адамдарды бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерiмен салыстырғанда артықшылықты жағдайға қоятын, көпшiлiктiң қолы жетпейтiн кез келген ақпарат қызметтiк ақпарат деп танылады.
4. Қызметтiк ақпараты бар адамдарға:
1) эмитент органдарының лауазымды адамдары немесе осы эмитентпен шарт арқылы байланысты бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы;
2) эмитенттiң немесе эмитентпен шарт арқылы байланысты бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысының аудиторлары:
3) мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау және өзге де өкiлеттiгi себептi аталған ақпаратқа қолы жететiн қызметшiлерi;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары жатады.
ҚР 19.06.97 ж. № 134-1; 11.07.97 Ж. № 154-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет түрлерi
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн:
1) брокерлiк;
2) дилерлiк;
3) депозитарлық;
4) кастодиалдық;
5) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөніндегі;
6) бағалы қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi (клирингтiк) айқындау жөніндегі;
7) бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет;
8) уәкiлеттi органның белгiлеуi бойынша кәсiби қызметтiң басқа да түрлерi;
9) трансфер-агент қызметi;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.
2. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаруды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет пен қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызмет, қаржы рыногындағы қызметтi қоспағанда және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген өзге де жағдайларда, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы банк қызметiн реттейтiн заңдарға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
29-бап. Брокерлiк қызмет
1. Брокерлiк қызмет - өз клиентiнiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен тапсырма шарты немесе комиссия шарты негiзiнде iс-қимыл жасайтын брокердiң бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жөніндегі қызметi.
2. Брокердiң өз клиенттерiнiң мүдделерiн көздеп мәмiлелер жасауы жазбаша нысанда жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Брокер өз клиенттерiнiң бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар есебiн арнаулы шоттарда жүргiзедi.
4. Брокер клиенттердiң бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретiнде болуы мүмкiн.
30-бап. Дилерлiк қызмет
Дилерлiк қызмет - бағалы қағаздармен өз атынан және өз есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жөніндегі қызмет.