ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31-бап. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет бағалы қағаздар мен зейнетақы жинақтары портфелi меншiк иесiнiң жекелеген заңды құқықтарын iске асыру жөніндегі қызмет.
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру тәртібі, басқарушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
32-бап. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi (клиринг) айқындау жөніндегі қызмет
1. Клирингiлiк қызмет - бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiн есепке алу жөніндегі қызмет.
2. Бағалы қағаздар рыногындағы клирингтiк қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 33-бап өзгертiлдi
33-бап. Депозитарлық қызмет
1. Бағалы қағаздардың депозитарийi - бағалы қағаздар иелерiн есепке алу мен олардың құқықтарын растау, сондай-ақ бағалы қағаздарды материалсыздандыру жөніндегі қызметтi және заң актілеріне сәйкес өзге де қызмет түрлерi жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
2. Депозитарий мен депоненттiң қатынастары олардың арасында жасалған шарт негiзiнде туындайды. Шарттың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Шарттың жасалуы депоненттiң бағалы қағаздарына меншiк құқықтарының депозитарийге өтуiне әкеп соқпайды. Депоненттiң бағалы қағаздарына депозитарийдiң дербес билiк етуге, оларды басқаруға немесе, депоненттiң тапсырмаларын орындауды қоспағанда, депоненттiң атынан бағалы қағаздармен кез келген iс-әрекеттi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Депозитарийдiң бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiнде нақтылы ұстаушы ретiнде тiркелуге құқығы бар.
4. Депозитарий бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу жөніндегі өз мiндеттерiн орындамағаны немесе лайықты орындамағаны үшiн, оның iшiнде депо шоттары бойынша жазбалардың толық және дұрыс болуы үшiн жауап бередi.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 34-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
34-бап. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет
1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет - белгiлi бiр күнге бағалы қағаздың ұстаушысын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн деректердi жинау, тiркеу, өңдеу, сақтау және беру жөніндегі қызмет.
2. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесi бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiне өзгерістер енгізудi қажет етуге әкеп соғатын барлық фактiлер мен құжаттар туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.
3. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу құжаттандырылған немесе құжаттандырылмаған нысандарда шығарылған атаулы бағалы қағаздар жөнiнде жүзеге асырылады.
4. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi, эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес, тiркеушi жүзеге асырады.
5. алынып тасталды
6. Тiркеушi бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн эмитенттердiң санына шек қоймай жүргiзедi.
7. Бағалы қағаздар ұстаушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке шоттардың тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
8. Бағалы қағаздар иесiнiң немесе нақтылы ұстаушының талап етуi бойынша тiркеушi жеке шоттан көшiрме беруге мiндеттi.
Жеке шоттан берiлетiн көшiрмеде көшiрме берiлiп отырған бағалы қағаздарға қойылған барлық шектеулер немесе оларды мiндеттеу фактілері туралы белгi болуға тиiс.
9. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудiң тәртібін, жеке шоттардан берiлетiн үзiндiлердiң нысандарын, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты бұйрықтардың нысандарын және оларда көрсетiлетiн мәлiметтердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі шарттың күшi тоқтатылған жағдайда барлық деректердi және шарттың күшi тоқтатылған күнге жасалған бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жүйесін құрайтын құжаттарды басқа тiркеушiге өткiзiп беру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн тiзiлiмiнiң жеке шоттарынан тiркеушi берген барлық, үзiндiлер жарамсыз болады. Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн бағалы қағаздар ұстаушылардың бұйрықтарын орындауға қабылдауға тiркеушiнiң құқығы жоқ.
11. Тiркеушi эмитенттiң, оның лауазымды адамдарының және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп осы эмитенттiң дауыс берiлетiн акцияларының (үлестерiнiң, үлестiк жарналарының) бес және одан да көп процентiн иеленетiн әрбiр жеке акционерiнiң (қатысушының) аффилиирленген тұлғасы болуға тиiс емес.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Кастодиандық қызмет
1. Кастодиандық қызмет - банктердiң бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжатты бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларын есепке алу жөніндегі қызметi.
2. Кастодиандық, қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Кастодиан өз клиенттерiне тиесiлi бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы болуға құқылы.
4. Кастодиандық қызметтi жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Трансфер-агент қызметi
Трансфер-агент қызметi - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпарат (құжаттар) қабылдау және беру жөніндегі қызмет.
Лицензиялар беру және қызметтiң осы түрiн жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
36-бап. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару
1. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару жөніндегі қызмет полиграфия өндiрiсi бар және бағалы қағаздар бланкiлерiн шығарудың толық циклы жасалатын полиграфия кәсiпорындарының қызметi.
2. Бағалы қағаздар бланкiлерiн дайындауға арналған, олардың жасанды жолмен жасалудан және басқа да қиянаттар жасаудан жоғары дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ететiн арнаулы технологиялар мен жабдықтар болған кезде, сондай-ақ бланкiлердi жасау кезiнде сақталуын және полиграфия ұйымдарына қойылатын құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөніндегі жағдайлар болған кезде жасауға рұқсат етiледi.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құпиялық режимi бойынша және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі органдарының кәсiпорында құнды заттарды сақтау режимiнiң жай-күйi туралы қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi орган бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау жөніндегі қызметке лицензия бередi.
4. алынып тасталды
5. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға бақылауды уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдардың мамандарын қатыстыра отырып жүзеге асырады.
V тарау. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктары
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Қор биржасы
1. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құратын акционерлік қоғам нысанындағы өзiн-өзi реттейтiн коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қор биржасының акционерлерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаларға қор биржасының акцияларын сатып алу құқығы берiлуi мүмкін.
2. Қор биржасының қызметi өзiн-өзi өтеу принципiне негiзделедi және оның қызметiнен түскен кiрiстер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.
3. алынып тасталды
4. Қор биржасының жұмыс iстеуi айрықша болып табылады және кез келген қызмет түрлерiн жүзеге асырумен сыйыспайды.
Қор биржасының тауарлық биржалардың мiндеттерiн орындауға құқығы жоқ.
5. алынып тасталды
6. Қор биржасының қаржы құралдарымен операциялар өткiзiлуiне қызмет көрсететiн қосымша құрылымдық бөлiмшелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құруға құқығы бар.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 38-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
38-бап. Қор биржасының мiндеттерi
Қор биржасы:
1) өзiнiң мүшелерiне қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау немесе тiркеу үшiн арнаулы жабдықталған үйлер және (немесе) арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендер болып табылатын сауда алаңдарын (сауда жүйелерiн) бередi;
2) қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады;
3) қаржы құралдарына баға кесудi жүзеге асырады;
4) өз мүшелерiне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызмет көрсетедi; өзiнiң талдама зерттеулерiн жүргiзедi;
5) өзінің талдама зерттеулерін жүргізеді;
6) қаржы рыногында (қаржы құралдары мен қаржы қызметтерiнiң рыногында) құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң арасындағы өзара есеп айырысуға (клиринг) заңдарда көзделген тәртiп пен ережелер бойынша жәрдемдеседi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 39-бап өзгертілді; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; Заңымен 39-бап жаңа редакцияда
39-бап. Қор биржасына мүше болу
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi бола алады.
2. Қор биржасының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
Осы Заңда белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар биржа мүшелерi бола алады.
Биржа мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi биржа кеңесi қабылдайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Қор биржасын басқару
1. Қор биржасының органдары, олардың мiндеттерi мен құқықтары, құрылу және шешiм қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен, қор биржасының жарғысымен және биржалық сауда ережелерiмен белгiленедi. Қор биржасы органдарының қызметiнiң ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Қор биржасы органдарының құрамына сайланған, бағалы қағаздары осы қор биржасының листингiне енгiзiлген ұйымдардың лауазымды адамдарының дауыстары листинг мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде дауыстарды санағанда есептелмейдi.
3. Қор биржасының жоғары органы шешiмдер қабылдаған кезде оның акционерлерiнiң дауыс саны бiрдей болады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Биржа кеңесi
1. Биржалық кеңес Қор биржасы директорлар кеңесiнiң мiндеттерiн атқарады.
2. Биржа кеңесi акционерлердiң, биржаның басқа мүшелерiнiң, оның лауазымды адамдарының арасынан сайланады.
3. Биржа кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығынсыз кiредi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 42-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
42-бап. Қор биржасы өндiрiп алатын жарналар мен алымдар
Қор биржасы ақшалай жарналар мен алымдарды мынадай реттерде:
1) қор биржасының мүшелiгiне өткенi үшiн;
2) қор биржасының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
3) бағалы қағаздар листингі үшiн;
4) биржа мәмiлесiн тiркегенi және рәсiмдегенi үшiн;
5) биржа саудасының жарғысында, ережелерiнде көзделген өзге де реттерде өндiрiп алады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Биржаның кiрiстерi
Қор биржасының кiрiстерi:
1) биржалық саудаға қатысушылар төлейтiн жарналар мен алымдардан;
2) қор биржасының акцияларын сатудан түскен қаражаттан;
3) қор биржасының жарғысы мен биржалық сауда ережелерiнде көзделген ақпараттық, консультациялық және өзге де қызметтер көрсетуден алынған қаражаттардан құралады.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 11.07.01 ж. № 237-II; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 38-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
44-бап. Биржалық мәмiлелер
1. Қаржы құралдарының биржалық саудасына қатысушылар арасында жасалған шарт биржалық мәмiле болып табылады. Осы қор биржасында жасалған барлық мәмiлелер осы Заңмен белгiленген тәртiпке және биржалық сауда ережелерiне сәйкес тiркелiп ресiмделуге тиiс.
2. Бағалы қағаздармен биржалық сауда жасау ережелерін, сондай-ақ осы ережелерге өзгерістер мен толықтыруларды қор биржасының басқармасы әзірлейді, уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Бағалы қағаздармен биржалық сауда ережелерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қор биржасы iшіндегі қызметiн реттейдi. Қор биржасының мүшелерi келiскен кезде биржа олардың бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы қызметiн реттеуге құқылы.
3. Бағалы қағаздармен биржалық сауда ережелерiнде мынадай қағидалар болуға тиiс:
1) қор биржасында сауда-саттық жүргiзу тәртібі;
2) жасалатын мәмiлелердiң түрлерi, оларды тiркеу және есепке алу тәртібі;
3) қаржы құралдарға баға кесу тәртібі;
4) бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер бойынша есеп айырысу тәртібі мен әдiстерi;
5) сауда-саттық өткiзiлетiн орын мен оның графигi;
6) биржалық саудаға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртібі;
7) бағалы қағаздарды биржалық саудаға жiберу тәртібі;
8) қор биржасын айыппұл өндiрiп алатын жолсыздықтардың тiзбесi, осы айыппұлдардың мөлшерi және оларды өндiрiп алу тәртібі;
9) биржалық саудаға қатысушылар төлейтiн алымдардың, тарифтердiң басқа да төлемдердiң мөлшерi, оларды биржаның өндiрiп алу тәртібі;
10) биржалық саудаға қатысушылар ауқымы, олардың құқықтары мен мiндеттерi;
11) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес басқа да талаптар.
4. Қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздарды бiр мезгiлде басқа қор биржасында не Қазақстан Республикасының аумағында басқа бiр ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберуге болмайды.
45-бап. Биржалық мәмiлелерге қатысушылар
Биржалық сауда-саттыққа биржалық сауданың жарғысында немесе ережелерiнде белгiленген тәртiппен қатысуға рұқсат етiлген қор биржасының мүшелерi қатысады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
46-бап. Қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар эмитенттерiнiң мiндеттерi
1. Бағалы қағаздары қор биржасындағы листинг рәсiмiнен өткен эмитенттердiң өз қызметi туралы ақпараттарды ашу жөніндегі мiндетi, сондай-ақ осындай ақпараттарды беру тәртібі мен мерзiмi қор биржасының уәкiлеттi органмен келісілген ережелерiмен белгiленедi.
Бағалы қағаздары қор биржасындағы листинг рәсiмiнен өткен эмитенттер қор биржасына:
1) жылдың және ағымдағы жылдың әр тоқсанының қорытындысы бойынша қаржылық есептiлiктi;
2) бағалы қағаздардың алдағы болатын шығарылымдары туралы ақпаратты;
3) эмитенттiң орналастырылған акцияларды сатып алуы туралы ақпаратты;
4) акционерлердiң жалпы жиналыстары хаттамаларының көшiрмелерiн;
5) алдағы болатын дивиденд төлеу туралы ақпаратты;
6) осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көрсетiлген ақпаратты беруге мiндеттi.
2. Егер эмитент осы баптың 1-тармақпен белгіленген талаптарды орындамаса, биржа кеңесi эмитентке оның бағалы қағаздарының қор биржасы бағалы қағаздарының тiзiмiнен (осы бағалы қағаздардың делистингінен) шығарылып тасталуы мүмкiн екенiн ескертедi және осы ескертудi биржа бюллетенiнде жариялайды.
3. Егер эмитент биржа кеңесiнiң ескертуiнен кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаса, биржа кеңесi бағалы қағаздарға баға кесудi тоқтата тұру немесе олардың делистінгі туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Қор биржасында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты жариялау
Мерзiмдi шығарылып тұратын биржалық бюллетенде өткен айда жасалған мәмiлелер бойынша жалпы статистикалық деректер, биржалық сауда ережесiне енгiзiлетiн өзгерістер, қор биржасы басқармасы мен акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдаған шешiмдер, сондай-ақ қор биржасы мен оның мүшелерiнiң коммерциялық құпиясы болмайтын басқа да ақпарат болуға тиiс.
48-бап. Қор биржасының жауапкершiлiгi
Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне келтiрiлген залалдың орнын толтырады және оған өз мiндеттерiн лайықты атқармай, осы Заңды, биржа жарғысын, биржалық сауда ережелерiн бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
49-бап. Қор биржасының қызметiн тоқтату
1. Қор биржасы өзiнiң қызметiн:
1) биржаның шешiмi бойынша;
2) сот органдарының шешiмi негiзiнде;
3) уәкiлеттi орган биржалық қызметке берген лицензиясын қайтарып алған жағдайда тоқтатады.
2. Лицензияны қайтарып алу туралы шешiмге сот тәртібі бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымы
1. Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокта бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi құрылтайшысы өзiн-өзi реттейтiн ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiбi қатысушыларының қауымдастығы, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады.
2. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымының жұмыс iстеуi бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi қоса алғанда қызметтiң кез келген түрлерiмен сыйыспайтын айрықша қызмет түрi болып табылады. Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға кесу ұйымының лауазымды адамдарын және оған қатысушылар өзiне алған мiндеттемелердi орындамаған немесе адал орындамаған жағдайда, сондай-ақ сауданың өзге де ережелерiн бұзған жағдайда бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтейдi.
3. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының жұмыс iстеуi белгiлi бiр аумақ шегiнде қағаз және электронды таратқыштар арқылы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелерге қызмет көрсетудi көздейдi және бiр сауда алаңында мәмiлелер жасаумен шектелмеуi мүмкiн.
4. Қор биржасында айналыста жүрген бағалы қағаздармен биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымы арқылы мәмiлелер жасауға жол берiлмейдi.
51-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының сауда-саттығына қатысушылар
Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымындағы саудаға қатысушылар оны құрған өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болады.
52-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымын басқару
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының басқару органдары, олардың мiндеттерi мен құқықтары, олардың қалыптасу және шешiмдер қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен, бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының жарғысымен және ережелерiмен белгiленедi.
2. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымының жоғары басқару органы шешiмдер қабылдаған кезде акционерлердiң дауыс саны бiрдей болады.
53-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының кiрiстерi
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының кiрiстерi:
қатысушылардың жарналары мен алымдары;
ақпараттық, консультациялық және биржадан тыс рыноктағы бағалы қағаздармен сауда жасау жарғысы мен ережелерiнде көзделген өзге де қызмет көрсетуден алынған қаражат;
сауда жарғысымен және ережелерiмен тыйым салынбаған өзге де кiрiстер есебiнен қалыптасады.
2. Баға кесу ұйымының кiрiстерi оның жұмыс iстеуiне және оны құрған өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн жүргiзуге жұмсалады.
54-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымындағы мәмiлелер
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымында мәмiлелер кәсiпқой қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмiлелердi жасау және орындау кезіндегі қызметiн реттейтiн бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымы дайындаған ережелерге сәйкес жасалады.
2. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының ережелерiнде мынадай қағидалар болуға тиiс:
бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымында айналысқа бағалы қағаздарды жiберу тәртібі;
бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу және растау;
бағалы қағаздармен сауда жасауды қамтамасыз ететiн есеп айырысу операцияларын жүргiзу;
бағалы қағаздармен операциялар жасау және олар бойынша есеп айырысу кезiнде сауда-саттыққа қатысушылар арасында туындайтын дауларды шешу;
айыппұл салынатын жолсыздықтардың тiзбесi, айыппұлдардың мөлшерi және оларды өндiрiп алу тәртібі;
сұраным мен ұсынымның бағасы және бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердiң көлемi туралы ақпарат беру рәсiмi;
алымдар мен басқа да төлемдердiң мөлшерi, оларды төлеу тәртібі;
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес басқа да талаптар.
3. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымының бағалы қағаздармен сауда жасау ережелерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
55-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты жариялау
Баға кесу ұйымының биржадан тыс рыноктың бағалы қағаздарына баға кесу жөнiнде шығарылып тұратын мерзiмдi бюллетенiнде жасалған мәмiлелердiң саны, биржадан тыс рынокта айналыста жүрген бағалы қағаздарға баға кесу туралы жалпы деректер және уәкiлеттi органның айқындауы бойынша басқа да ақпарат болуға тиiс.
56-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының қызметiн тоқтату
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымы өз қызметiн:
акционердiң шешiмi бойынша;
сот органдарының шешiмi негiзiнде;
уәкiлеттi орган бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының қызметiне бұрын берiлген лицензияны керi қайтарып алған жағдайда тоқтатады.
2. Уәкiлеттi органның бұрын берiлген лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
VI тарау. Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой
қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары
ҚР 10.07.98 ж. № 282-1; 11.07.01 ж. № 237-II; 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 57-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
57-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарды құру
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады және оны бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастық нысанында құрады.
Бағалы қағаздар рыногының белгiлi бip қызмет түрiн жүзеге асыратын кәсiби қатысушылары өзiн-өзi реттейтiн тек бiр ұйым құруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының негiзгi мiндеттерi:
1) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының тиiмдi қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногындағы қызмет ету әдiсiн сақтау;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау;
3) бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерi мен стандарттарын жасау және бекіту болып табылады.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның құрылуы мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және оның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.