Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi
тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды
лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктiлiк талаптары туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25
желтоқсандағы № 1621 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 23.03.98 ж. № 251; 19.03.99 ж. № 277;
21.11.03 ж. № 1165 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.19.01 № 29 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277; 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы мен мәтiнiнде сөздер ауыстырылды
ҚР Үкіметінiң 21.08.01 ж. № 1095 қаулысымен кіріспе өзгертілді
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заңына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Берiлiп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ереже;
автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасында жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау жөніндегі Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 сәуірдегі № 251 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 122-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдадуы,
қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялаудың
тәртібі мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277; 21.08.01 ж. № 1095; 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара) қаулыларымен атауы мен мәтiнiнде сөздер ауыстырылды
I. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінiң 21.08.01 ж. № 1095 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Автомобиль көлiгiмен автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялауды қызметтiң осы түрiн мемлекеттік реттеу, көлiктiк қызмет көрсету рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және оларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау, көлiк, лицензия, монополияға қарсы заңдарды, экологиялық нормалар мен қозғалыс қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Қазақстан Республикасы Көлiктiк бақылау комитетi мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi Көлiктiк бақылау комитетiнiң органы) жүргiзедi.
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады.
3. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау кезiнде лицензиялауды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға лицензия болғанда ғана рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінiң 23.03.98 ж. № 251; 19.03.99 ж. № 277 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Жолаушыларды немесе жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын адамда лицензия немесе оның бар екендiгiн растайтын құжат (лицензиялық карточка) болуы тиiс.
5. Лицензияларды беру қызметтiң осы түрi үшiн заңдармен белгiленген талаптарға жауап беретiн барлық адамдарға арналған тең негiздер мен шарттарда жүзеге асырылады.
Лицензияны басқа тұлғаларға беруге тыйым салынған.
Автокөлiк құралдарын сенiмхатсыз басқару жалға беру құқығында басқа тұлғаларға беру кезiнде лицензия осы Ережеде көзделген тәртiппен сенiлген тұлғаға немесе жалға алушыға берiледi.
II. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Көлiк инспекциясының органдары лицензияны қызметтiң өтiнiш жасалған түрiне және халықаралық тасымалдаудың ерекшелiктерiне қарай олардың мынадай қолданылу аясын көрсете отырып бередi:
жүктердi халықаралық тасымалдауға арналған - "Г";
жолаушыларды халықаралық тасымалдауға арналған - "П";
жүктер мен жолаушылар тасымалдауға арналған "ПГ";
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған - "ОГ";
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары бекітіледi:
қалалық және қала маңындағы тасымалдар;
облысiшiлiк тасымалдар;
облысаралық тасымалдар;
халықаралық тасымалдар.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензияда тасымалдауға лицензия берiлген қауiптi жүктiң түрi мiндеттi түрде көрсетiледi.
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейiн енгiзедi.
Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленедi.
8. Лицензия бланкiсi бағалы қағаз деңгейiнде қорғанымдық дәрежеге ие, қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылады, есептiк сериясы, нөмiрi бар және баспаханалық тәсiлмен әзiрленедi.
Лицензиялық құжаттардың бланкiлерiн, берiлген лицензиялардың көшiрмелерiн есепке алу мен сақтау және оларды тiркеу Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдарына жүктеледi.
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277; 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Өтiнiш жасаушы лицензия алу үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң органына мыналарды табыс етедi:
а) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
б) лицензиялық алымды енгiзгенiн растайтын құжаттар;
в) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
г) техникалық паспорттың көшiрмесi;
д) автокөлiк құралдарының тiзiмi;
е) қауiптi жүктi тасымалдауға, лицензия алу үшiн қауiптi жүктердiң нақты түрлерiн тасымалдауды жүзеге асыруға көлiк құралдарының техникалық жарамдылығы туралы куәландырушы құжаттар;
ж) автокөлiк құралдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберiлгенi туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшiрмесi;
з) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін міндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi;
и) жүргiзушiнің қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерi және жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегi арнайы оқу орталықтарында оқу оқығанын растайтын құжаттар.
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277 қаулысымен 10-тармақ толықтырылды
10. Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қажеттi құжаттарды алған күннен бастап 30 күннен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күннен аспайтын уақыт iшiнде қабылданады.
Қосымша, оның iшiнде тәуелсiз сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда шешiм сараптама қорытындысын алған соң 10 күн мерзiмде, бiрақ өтiнiш берген күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей қабылданады.
ҚР Үкіметінiң 21.08.01 ж. № 1095 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Егер:
- өтiнiш берушi өтiнiш берушi мен қызметтiң осы түрi үшiн белгiленген біліктiлiк талаптарына жауап бермесе;
- көлiк құралына жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асырушы субъектiлердiң осы санаттары үшiн заңдармен тыйым салынса;
- осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе;
- өтiнiш берушi лицензиялық алымды енгiзбесе;
- өтiнiш жасаушыға қатысты тасымалдау қызметiнiң осы түрiмен айналысуға оған тыйым салған соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
Өтiнiш жасаушыға аталған кедергiлердi жойған кезде өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiпте қаралады.
12. Лицензия беруден:
а) өтiнiш жасаушыға лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң орынсыздығы;
б) оларды өндiруге немесе сатуға лицензия талап етiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыноктың молдығы:
в) рынокта монопольды жағдайда қамтамасыз ету;
г) өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиеттерi мен iскерлiк беделiн, оның iшiнде бұрынғы сотталушылығына, тасымалдау қызметiн жүзеге асыруға бұрынғы тыйым салуларға бұрынғы лицензияларды қайтып алуға байланысты күдiктенулер, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңмен белгiленген тәртiпке сәйкес өзiнiң қолданысын тоқтатқан (өтеген) болып саналу себептерi бойынша бас тартуға тыйым салынады.
13. Лицензия берудi:
- алынған лицензияға сәйкес өндiрiлген жұмыстарды, қызмет көрсетулердi белгiлi бiр тұтынушыларға сату туралы;
бұрын белгiленген бағалар бойынша өндiрiлген жұмыстар мен қызмет көрсетулерге белгiлi бiр тарифтер тағайындау туралы талаптармен байланыстыруға тыйым салынады.
Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнiш жасаушыға лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
14. Лицензиар:
а) Лицензиат лицензиялық, көлiктiк және монополияға қарсы заңдардың талаптарын орындамаған;
б) лицензиат лицензияның қолданысын тоқтатқандығы себептерiн жоймаған;
в) сот лицензиатқа оның лицензиямен жүзеге асыруға ие болған қызмет түрiмен айналысуға тыйым салған жағдайларда белгiленген тәртiппен лицензияны қайтып алу мүмкiн.
Лицензиар белгiленген тәртiппен себептерiн көрсетiп алты айға дейiн мерзiмге лицензияны тоқтата тұруға құқылы, бұл жөнiнде ол лицензиатқа 3 күндiк мерзiмде хабарлайды.
Тоқтата тұрудың себептерi жойылған және Көлiк инспекциясының органдары тиiстi шешiм қабылдаған соң лицензия қайта қолданысқа енгiзiлген болып саналады, бұл жөнiнде ол лицензиатқа 3 күндiк мерзiмде хабарлайды.
ҚР Үкіметінiң 21.08.01 ж. № 1095 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Лицензия:
а) лицензия берiлген мерзiм бiткен;
б) лицензия қайтып алынған;
в) лицензия берiлген заңды немесе жеке тұлғалар қызметiн тоқтатқан;
ҚР Үкіметінiң 21.08.01 ж. № 1095 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда
16. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан кезде лицензияны қолданылу тоқтатылады.
Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшiрмесiн алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесiн берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейдi.
Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр ай мерзiмде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішiнде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 күннiң ішiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленеді.
III. Жауапкершiлiк және бақылау
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277; 21.08.01 ж. № 1095 қаулыларымен 17-тармақ өзгертілді
17. Егер лицензиат арналған лицензияны алғаннан кейін жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға кiрiспесе немесе тасымалдауды тоқтатса, оның өндiрiлген ақысын қайтару немесе қайта есептеу жүргiзiлмейдi.
18. Лицензиялық тәртiп белгiленген қызметке қатысты лицензиясы жүзеге асырудан алынған кiрiс, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық инспекциясы органдарының алып қоюына жатады.
19. Көлiк инспекциясының органдары лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Бақылаудың тәртібі Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiлеген тәртiпте бекітілген нұсқаулықтармен орнатылады.
20. Лицензияның қызметiн тоқтатуға байланысты даулар заңдарда белгiленген тәртiпте шешiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277; 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара) қаулыларымен атауы өзгертілді
Автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен
жүктердi халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлерде қойылатын
біліктiлiк талаптары
ҚР Үкіметінiң 19.03.99 ж. № 277; 21.08.01 ж. № 1095; 21.11.03 ж. № 1165 (бұр. ред. қара) қаулыларымен өзгерістер енгізілді
Автомобиль көлiгiмен автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлер мынадай біліктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
жүргізушілердің белгіленген еңбек және демалыс режимін орындау және қоғамның, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарының сапасы мен қорғалуын қамтамасыз ететiн көлiк қызметiн көрсету өндiрiсiнiң шарттарын сақтау;
Қазақстан Республикасының көлiк, салық және монополияға қарсы заңдарының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдер мен конвенциялардың ережелерiн сақтау;
сақтандырудың мiндеттi түрлерiн қамтамасыз ету;
жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiнiң және Қауiптi жүктердi халықаралық жолмен тасымалдау туралы еуропалық келісімнiң талаптарымен айқындалған кәсiби жарамдылық.
Аттестация жүргiзу мен қажеттi білімдердiң көлемiн (бағдарламаларын) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiлейдi;
автокөлiк құралдарының жолаушылар мен тамақ өнiмдерiн тасымалдауға жарамдылығы туралы санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес аталған органдардың жүктердi тасымалдау кезiнде талап етiлетiн қорытындысы болуы;
көлік құралының жүргізушісі ретінде кемінде үш жылдық үзіліссіз жұмыс өтілі, ал қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия алған кезде қауіпті жүктердің тасымалдарына рұқсат алу үшін арнайы дайындықтан өткені туралы куәлігі болуы тиіс. Жүктерді тасымалдау (қауiптiлерінен басқа) рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 7,5 тоннадан аспайтын көлiк құрылымын жүзеге асырылатын жағдайларда, жүргiзушілердiң жасы 18-ден кем болмауы тиiс. Егер тасымалдарды ұйымдастыру технологиясымен көлiк құралын басқаруға екi жүргiзушi көзделген болса, онда оның бiреуi 21 жастан кiшi болмауы тиiс.