Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 277 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.19.01 № 29 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1322 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 52, 506-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) атауында және мәтінінде:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың үшінші абзацы "тасымалдаумен" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ережеде:
атауында:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
мәтінінде:
"Көлік және коммуникациялар министрлігінің", "Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің", "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көлік, инспекциясы", "Көлік инспекциясының" деген сөздер "Көліктік бақылау комитеті", "Көліктік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау лицензиялауға жатады";
3-тармақтағы "немесе патент (бұдан әрі - лицензия)" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
6-тармақта:
екінші және үшінші абзацтар "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "бір мезгілде" деген сөз алынып тасталсын, "тасымалдауға" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияларда оның мынадай қолданылу аймақтары көрсетіледі:";
он екінші абзац алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Лицензиялық алымды заңды және жеке тұлғалар лицензия алғанға дейін енгізеді.
Лицензия беруден алынған қаражат салық заңдарына сәйкес төленеді";
9-тармақта:
б) тармақшасындағы "және әрбір көлік бірлігі үшін құжатқа ақы төленгенін" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:
"ж) автокөлік құралдарының жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберілгені туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі";
10-тармақтың бірінші абзацы "30 күннен" деген сөздерден кейін "шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтағы "әрбір көлік құралына" және "немесе құжаттың" деген сөздер алынып тасталсын.
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдаумен айналысатын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында:
атауында:
"тасымалдауды" деген сөздің алдынан "халықаралық" деген сөзбен толықтырылсын;
"жүктерді" деген сөзден кейін "қауіпті жүктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектілер мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:";
алтыншы абзацтағы "және коммуникациялар" деген сөздер "коммуникациялар және туризм" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі