70. Кесудiң әрбiр кезегiн аяқтаған соң алқапта кесуге жатпайтын ағаштар қалуы тиiс. Бүлiнген ағаштардың саны (жоғары жағы омырылған, қабығы сыдырылған, жалаңаштанған, дiңi мен түбiрi терең жарылған) қия беткей көлбеулiгiнiң 10 градусқа дейiнгi учаскелерiнде 8 проценттен, ал үлкен қия беткейлерде кесiлмей қалдырылғаны ағаштардың санының 12 процентiнен артпауға тиiс. Бұл ағаштар бiртiндеп және iрiктеп кесу үшiн Ережеде белгiленген iрiктеп алынған ағаштарды кесудiң жалпы қарқынына қосылады.
71. Бүкiл ағаш кесу жұмыстары аяқталған соң, ағаш тасу
жолы мен тиеу алаңын қосқанда, минералданған топырақтың жалпы
процентi алқап алаңының 20 процентiнен артпауға тиiс.
72. Iрiктеп, бiртiндеп және жаппай кесу жүргiзген жағдайда 66-68-тармақтарда көрсетiлген технология, ал 69-тармақта келтiрiлген технология тек қана жаппай кесу кезiнде қолданылады. Жаппай санитарлық кесу технологиясы - жаппай алқаптық кесуге қолданылатын әдiстегiдей болады.
73. Белдеулi-бiртiндеп кесу кезiнде тар алқаптық кесу технологиясы, ал тамырынан түлетiп өсiруге бағдарланған жапырақты ормандарда алқапты кең-соқпақты етiп әзiрлеу әдiсi (Ереженiң 68-тармағы) қолданылады.
74. Техника қауiпсiздiгi жағдайына байланысты тiк қия беткейлерде тракторларды қолдануға мүмкiндiк жоқ жерде негiзгi ағаш таситын жолда арқанды қондырғылар, жеңiл қозғалатын машиналар мен механизмдер, ағашты атпен, қолмен сүйреп тасу әдiсi пайдаланылады. Ағашты әуемен тасуда алқапты ұзына бойлай тасу әдiсi қолданылады.
75. Сексеуiлдi алқаптарда өзiндiк ерекшелiктерiне қарай ағашты темір арқанмен құлату тәсiлi қолданылады. Бұл үшiн ұзындығы 30-35 метрлiк темір арқан қос трактор аралығына байланады, олар алаңшалармен қатарласа жүргенде сексеуiл омырыла құлайды. Мұнда сексеуiлдiң жас өскiндерiнiң түлеп өсуiн қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар сақталынады: темір арқан мен жердiң бетi арасындағы саңылау 30 см дейiнгi мөлшерде болуы тиiс. Құлатылмай қалдырылған түбiрлер биiктiгi дiңнiң жуандығына байланысты 5-8 см-ден артпауға тиiс. Дайындалған сексеуiл жиналып, автомобиль көлiгiмен немесе трактор тiркемесiмен тасылады.
76. Алқаптағы жұмыстарды аяқтаған соң ағаш дайындаушылар ой-шұқырды тегiстеу, топтастыра байлаған шыбықтармен толтыру, қалдықтармен нығыздап, тегiстеу жолымен топырақ эрозиясының мүмкiн болатын барлық ошағын жоюы, сондай-ақ жоғарыдағы қоймалар мен тиеу алаңдарын орманды қалпына келтiру жұмысын жүргiзуге жарамды күйге келтiруге мiндеттi.
Кесiлген қалдықтарды пайдалану және ағашы
кесiлген жерлердi тазарту
77. Алқапты кесiндiлерден тазартуды (бұтақ, топырақ, ағаштың жоғары басы) ағаш дайындаушылар орманның түлеп өсуiн, санитарлық және өртке қарсы жәй-күйiн жақсарту мақсатымен ағашы кесiлген жерлердi тазарту жөніндегі қолданылып отырған Ережелерге сәйкес ағаш дайындаумен бiр мезгiлде жүргiзуге тиiс.
78. Кесу қалдықтары бiрiншi кезекте өнеркәсiпте ұқсату немесе халыққа сату үшiн пайдаланылады. Бұл жағдайларда қалдықтар, ашық жерге және ағаштардың бойындағы жолдардың жарық жерлерiне (бос тұсына) өрт қауiпсiздiгiн сақтай отырып үйiледi.
79. Кесу қалдықтарын пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда алқапты тазарту былайша:
кесу қалдықтары бiр жерге үйiледi немесе сол жерде ол шiруi үшiн жал-жал етiп жинастырылады немесе өрт қауiпсiздiгi жоқ кезде өртеу:
ағашы кесiлген жерлерде ұсақтала кесiлген қалдықтарды (ұзындығы 1 метрден аспайтын жаңқа немесе кесiндi, құрғақ ағаш түрiнен басқа), егер орманның өсу жағдайын жақсартуға жәрдемдессе, жер бетiне шашып тастау;
қалдықтарды ағаш тасылатын жолдарға төсеп, ағашты сүйреу процесiнде берiк нығыздау арқылы жүргiзiледi.
Алқаптарды қалдықтардан тазартудың аталған тәсiлдерi аралас түрде қолданылуы мүмкiн.
Жоғарғы қоймаларда үйiлiп қалған және сатуға немесе ұқсатуға арналмаған қалдықтар олардың жиналуына орай арнайы бөлiнген жерде орманды өрттен сақтану Ережелерiн сақтай отырып, жағып жiберiледi.
80. Ағашы кесiлген жерлердi тазарту тәсiлдерiн ағаш кесуде қолданылатын тәсiлдi, ағаш өсетiн жердiң жағдайларын, орманның түлеп өсу ерекшелiктерiн ескере отырып, орман шаруашылығын жүргiзуге жауапты орман шаруашылығы кәсiпорындары белгiлейдi, бұл мiндеттер ағаш кесу билетiнде атап көрсетiледi.
81. Орман дақылдарын егу немесе жас шыбықтардың түлеп өсуi көзделген жаппай кесу алаңында кесу қалдықтары биiктiгi 1-1, 2 метр, бiр-бiрiнен қашықтығы кемiнде 20 м етiп, қатар-қатар үйiледi немесе жал жасалады (мүмкiндiгiнше ағаш тасу жолдарында), кейiннен олар өртеледi немесе шiруге қалдырылады. Кейiн қалдықтар үйiндiсiн трактормен таптаған жөн. Осы қалдықтар астында қалатын жер алқап алаңының 20 процентiне аспауға тиiс. Қалдықтарды алқаптан тыс бос жерге апарып өртеу үшiн жинастыруға, үюге рұқсат берiледi.
Алқапты тазартудың аталған тәсiлдерi кейiннен орман дақылдарын еге отырып бiртiндеп кесудiң соңғы кезеңiнен жүргiзу кезiнде қолданылады.
82. Өскiндердiң түлеп өсуi қанағаттанарлық ағашы жаппай кесiлетiн жерлердi тазарту, өскiндердi сақтауды қамтамасыз ететiн және олардың сол кезде және кейiннен түлеп өсуiне әсер ететiн жағдайларды жақсартатын тәсiлмен:
топырағы жұтаң ормандар қалдықтарды ұсақтап ұзындығы 1 метрге дейiн етiп ағашы кесiлген жерлерге бiркелкi етiп шашу;
топырағы саздақ және сазды ормандарда қалдықтарды көлемi 1 м, биiктiгi, 0,5 м үйiндi етiп бос жерге жинап өртеу жолымен тазарту;
ылғалды және дымқыл ормандарда өскiндерi жоқ жерге үйiп, шiрiтуге қалдыра отырып кесiндi қалдықтарын жинап, бiр жерден шағын үйiндi жасау (биiктiгi 1 м дейiн) тәсiлiмен жүргiзiледi.
Шiрiту және өртеу үшiн қалдықтарды үю және жал етiп жинау, сондай-ақ ұсақтап алқапқа шашу орман қабырғасына 10 метрден жақын болмауға тиiс.
Ағаштарды ұсақтап кесетiн жылжымалы машинаның көмегiмен жаңқа етіліп ұсақталған қалдықтар, орманның құрғақ түрлерiнен басқа жерде, барлық алаңға бiркелкi шашылуы керек.
83. Ағашты бiртiндеп, белдеулi-бiртiндеп және ерiктi-iрiктеп кесу барысында, сол сияқты Ереженiң 64 тармағында көрсетiлген жағдайда қалдықтар ағаш тасылатын жолдарға төселiп, үстiнен трактормен тапталады. Топырақты саздақ және сазды алқапта ағашты кесуден қалған қалдықтарды ұсақтап, топырағы жұтаң жерлерге шашады немесе өскiндер жоқ бос жерге шағын етiп үйiп (1х0,5), шiрiтуге қалдырады. Олар қыс кезеңiнде жағып жiберiлуi мүмкiн.
84. Үйiндiлер мен жалдарды жағу өскiндердiң, жас шыбықтардың, кеспей қалдырылған ағаштардың отқа шарпылмауы қамтамасыз етiле отырып алқаптың шеткерi бөлiгiнен басталады.
Кесiлген ағаштардың қалдықтарын шiрiтуге қалдырылған алқап пен мөлдектiң шекарасы (әсiресе құрғақ тұрпатты ормандарда) енi 1,4 метрден кем болмайтындай минералды жолақпен дөңгелете қоршалады.
85. Көктемде, қар ерiгеннен кейiн дайындаушылар ағаш кесу билетiнде көрсетiлген әдiстермен қыста кесiлген жерлердi қалдықтардан қайта тазартулары қажет.
86. Алқапта кесiлген және қалдырылған ағаштар өрт қаупi бар кезеңде бұтақтарынан тазартылады, ал дайындалған ағаш өнiмдерi ашық жерлерге қатарластыра немесе текшелей үйiлген жапырақты ағаштардан кемiнде - 20 м, ал қылқан жапырақты немесе аралас орманда - 40 м қашықтықта жиналады. Бұл орайда iске жарамды қылқан жапырақты ағаштарға зиянды жәндiктер ұяламас үшiн ағаштар қабығынан аршылады немесе химикатпен өңделедi.
87. Ағаш дайындаушылар алқаптарды тазарту кезiнде осы Ережелерде аталған шараларды орындаумен бiрге Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауiпсiздiгi ережесi мен Санитарлық ережесiнiң талаптарын қатаң сақтауға мiндеттi.
Ағашы кесiлген жерлерде орманды қалпына
келтiру жөніндегі шаралар
88. Қазақстан Республикасының жазық жерлердегi ормандарында ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу ағашы кесiлген алаңдарда орманды қалпына келтiру мақсатына жауап беретiндей болуы тиiс. Осыған байланысты ағаш кесу қорын әзiрлеу және әрбiр алқаптағы ағашы кесiлетiн жерлерге куәлiк беру кезiнде орман өсiру жағдайларын ескере отырып, орманды қалпына келтiру, ағаш тұқымдарының орман өсiрудегi ерекшелiктерi, оны кесудегi қолданылатын тәсiлдер, сондай-ақ табиғи түлеп өсудiң жәй-күйi жөнiнде шаралар белгiленедi.
89. Алқапты әзiрлеу және ағаш дайындаушылардан орманды қалпына келтiру жөнiнде жүргiзiлген шаралармен қоса ағашы кесiлген жерлердi қабылдап алу барысында өскiндердi есепке алу, ағаштардың шаруашылық жағынан құнды тұқымдарының өскiндерi мен жас шыбықтарын сақтау жөніндегі Нұсқауға сәйкес жүргiзiледi, ал тек басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге белгiленген ағаш тұқымдары үшiн түлеп өсудi бағалау шкала бойынша (Ереженiң 2-9 қосымшасы) анықталады. Теректердiң, ағаш тәрiздi талдар мен қандыағаштардың түлеп өсуiн бағалау, арнайы шкала жасалғанға дейiн, қайыңдардың табиғи түлеп өсуiнiң шкаласы бойынша жүзеге асырылады.
Ағаштардың басты тұқымдарының түлеп өсуi жақсы болғанда, өскiндердi сақтау және оларды күтiп-баптаудан басқа орманды қалпына келтiру шаралары жүргiзiлмейдi, ал қанағаттанарлық жағдайда - табиғи түлеп өсуiне немесе жекелеген орман дақылдарына көмектесу шаралары белгiленедi. Осы шаралар ағаштарды жаппай отырғызуды қоса отырып алқаптарда өскiндер саны жағынан жеткiлiксiз болғанда қамтамасыз етiлуге тиiс.
90. Ағаштарды бiртiндеп, белдеулi-бiртiндеп және iрiктеп кесудi жүргiзген кезде әрбiр келесi кезек алқапта басты тұқымдардың түлеп өсуi қанағаттанарлық болған жағдайда жүзеге асырылады. Өскiндер саны жағынан жеткiлiксiз болғанда табиғи түлеп өсуiне жәрдемдесу шаралары белгiленедi.
91. Ағаштары кесiлген жерде табиғи түлеп өсудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларға мыналар жатады: ағаш дайындау кезiнде өскiндердi және олардың өсуi үшiн қажеттi жағдайларды сақтау, тұқым беретiн ағаштарды қалдыру, сүректiң астындағы немесе ағашы кесiлген жерлердегi топырақты өңдеу, шаруашылық жағынан құнды ағаш тұқымдарының өздiгiнен тұқым шаша өсуiн және өскiндердi күтiп-баптау, оны малдың бүлдiруiнен қорғау. Бұл шаралар Қазақ КСР (1988) мемлекеттік орман қорында орманды қалпына келтiру және орман өсiру жөніндегі Нұсқауына сәйкес және табиғи түлеп өсуге жәрдемдесу мен орман дақылдарын егу жөніндегі аймақтық ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылады.
92. Ережеде көзделген ағаш кесудiң барлық түрлерiн жүргiзу кезiнде шаруашылық жағынан құнды ағаштар тұқымдарының өскiндерi мен жас шыбықтарын, өздiгiнен тұқым шаша өсетiн ағаш түрлерiн сақтау керек. Қылқан жапырақты және қатты жапырақты ормандарда түлеп өсудiң қандай да деңгейiнде болсын өскiндерi сақталады, ал жұмсақ жапырақты өскiндер қанағаттанарлық және одан жоғары болғанда сақталады.
93. Өздiгiнен тұқым шашатындарды, өскiндер мен жас шыбықтарды, сондай-ақ өскiндердiң түлеп өсуiнiң пайда болу жағдайын сақтауды мыналар қамтамасыз етедi:
ереженiң "Ағаш кесу жұмыстарына қойылатын экологиялы-орман жүргiзу талаптары" бөлiмiнде көрсетiлген өскiндердi сақтай отырып алқапты әзiрлеу технологиясын қолдану және ағаш кесу жұмыстарын жүргiзуге қойылатын орман жүргiзу-техникалық талаптарды сақтау;
ағаш кесу жұмыстарын аяқтағаннан кейiн өскiндердi түзету, оларды және жас шыбықтарды кесiлген ағаш қалдықтары мен топырақ басып қалудан босату iсiн атқару. Ағаш дайындау процесiне сынған және қатты бүлiнген өскiндер мен жас шыбықтар шауып тасталады, олар кесiлген ағаш қалдықтарымен бiрге жинап алынады;
Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген кесуден соң өскiндердiң өсуi мен түбiр биiктiгi үшiн оңтайлы мерзiмдi сақтау; өскiндер қалыптастыратын түбiрлердi жаруға жол берiлмейдi. Түбiрiнiң жоғары жағынан су тұрып қалмауы әрi шiрiмеуi үшiн оған көлбеу қалқан жасалуы керек;
алқаптан ағаштарды сүйреп шығаруды өскiндердiң пайда бола бастауына дейiн аяқтау;
ағашы кесiлген жерлерде ағашты сүйреу мен механикалық тазарту кезiнде түбiрлердi жұла тартуға, оларды топырақ пен кесiлген қалдықтармен басылып қалауына жол бермеу. Мұның өзi түлеп өсудi нашарлатады, өскiндердi қатты майыстырып тастайды;
қайың ағаштарының баяу дамыған, қатты қисайған өскiндерi мен жас шыбықтарын, басқа да жапырақты ағаш тұқымдарын "түбiрге отырғызу". Мұның өзi ағаш өскiндерiнiң өнiмдiлiгiн 20-30 процентiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Түбiрдiң биiктiгi 5-7 см. Түбiрге отырғызу мерзiмi - мамыр-маусым және қыркүйек-қараша айлары.
94. Алқаптың барлық түрiнде ағаш кесу жұмыстары аяқталған соң, ағаш кесiлген жерлердi тазарту мен сүректердi тасып шығаруды қоса отырып, өскiндер сақталған алаңшалар көлемi алқаптың жалпы көлемiнiң кемiнде 75 процентiн құрауға тиiс.
Алаңшалардағы өскiндер мен жас шыбықтардың сақталуы ағашты кесуге дайындау мерзiмi мен оның тәсiлдерiне қарай кесуге дейiнгi ескерiлген мөлшердiң 50-ден 80 процентiне дейiнiн құрауға тиiс (7-кесте). Ағашы кесiлген жерлерде өскiндердi сақтаудың нормативтiк көрсеткiштерi ------------------------------------------------------------------- Кесу тәсiлi және қия беткейлердiң | Өскiн мен жас шыбықтың көлбеулiгi |сақталуы,процент есебiмен |------------------------- | қыста |қарсыз кезеңде -------------------------------------------------------------------- Беткейдiң көлбеулiгi 10 градусқа дейiн болғандағы жаппай кесу 70 60 Беткейдiң көлбеулiгi 10 градустан жоғары болғандағы жаппай кесу 60 50 Беткейдiң көлбеулiгi 10 градусқа дейiн болғанда бiртiндеп, белдеулi және iрiктеп кесу 80 70 Беткейдiң көлбеулiгi 10 градустан жоғары болғанда бiртiндеп, белдеулi-бiртiндеп және iрiктеп кесу 70 60
95. Тұқымдық немесе өскiндiк-тұқымдық ағаштардың түлеп өсуiне арналған жаппай кесiлуге тиiстi алқапта өздiгiнен тұқым шашатын ағаштарды қалдырғанда олардың орман қабырғасынан едәуiр қашықтығы (50 м астам) немесе соңғысының жоқтығы салдарынан толық түрде тұқым шашуы үшiн мүмкiндiгi болмауы себебi көзделген.
Қарағайлы ормандарда тұқымдық ағаштарды бiр гектар жерде саны жағынан 15-20 дана тұрғысында желектерi жақсы жетiлген, өсу мүмкiндiгi 1-2 класты 3-5 ағаштардан тұратын топ етiп қалдырады. Бұлар ағаш кесу жұмысын жүргiзуге қиындық келтiрмеуi үшiн алаңда бiр-бiрiнен қашықтығы 50 метрден аспайтын деңгейде бiркелкi жүйеде орналастырылады. Тұқымдық ағаштардың әр алаңдағы саны ағаш кесудiң жай-күйiн ескеру арқылы реттеледi: түлеп өсуi неғұрлым баяу, ал топырақтың беткi қабаты күштi жетiлген болса, тұқымдық ағаштар соншалық көп қалдырылады. Өскiндер тiк қия беткейлерге орналасқан жағдайда, олар тек сондай өскiндер жоқ жерлерде қалдырылады. Тұқымдық ағаштар қабығы сәл-пәл қызғылттанып тұратын бояумен нөмiрленiп, таңбаланады.
Тұқымдық ағаштар мынадай алқаптарда:
табиғи жақсы түлеп өсетiн немесе жасанды тұрғыда қалпына келтiрiлуi көзделген;
сексеуiл ормандарынан басқа жапырақты ағаштар тұқымында;
құмды, құмдақ және тасты топырақты жердегi құрғақ тұрғыдағы қарағайлы ормандарда, сол сияқты топырағының қыртысы қалың жердегi жас әрi дымқыл қарағайлы ормандарда қалдырылмайды.
Өз маңызын атқарған қарағай тұқымдығын күтiп-баптау және санитарлық кесу кезiнде жинап алу жүргiзiледi.
96. Топырақты өңдеу жолымен табиғи түлеп өсуге ықпал ету әдiсi орман өсiру көздерi бар ағашы жаппай кесiлетiн (орман қабырғасы, тұқымдықтар), сондай-ақ Ереженiң "Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу тәсiлi мен техникасы" бөлiмiнде көрсетiлген мерзiмдi сақтай отырып, өнiмнiң түсiмдiлiгi ортадан төмен болмаған жылдары сүрек астындағы ағаштарды бiртiндеп; белдеулi-бiртiндеп және iрiктеп кескенде қолданылады. Топырақты тұқым пiсiп түсер алдында жазда немесе күзде өңдейдi.
97. Құмды, құмдақ және тасты топырақты жерлердегi қарағайлы құрғақ орманда қына мол басқан, орман төсенiшiнiң қалыңдығы 3 см және одан көбiрек болғанда топырақты қопсытпай енi 10 см дейiнгi таспа жолмен жабады. Төсенiштiң қалыңдығы 1-2 см дейiн жеткiзiледi. Топырақтың жоғарыда аталған категорияларындағы жас қарағайлы ормандарда енi 0,5-1 м дейiн жеткiзiледi.
Ағашты және жас дымқыл топырақты жерлердегi қарағайлы ормандарда, сондай-ақ қарағаймен аралас қайыңды және көктеректi өндiрiстiк ормандарда топырақты алаңша ете, көлемiн 2 Х 1,5; 2Х2, 2Х2, 2Х2,5 м, тереңдiгiн 12-15 см етiп бульдозермен тіліп, бiр гектарда 400-600 мөлшерiнде осындай тілім жасалады.
Саздақ және сазды ылғалды топырақты ағашы кесiлген жерлерде топырақтың минералды қабатын жалаңаштамай тек мүк қабаты мен төсенiштiң әлi шiри қоймаған беткi қабатын алып тастайды. Қарағайлы ормандардың дымқылды түрлерiнде биiктiгi 15-20 см, бiр-бiрiнен қашықтығы 6-8 метр микрожамылғы (жалдар, қырлар) жасалады.
Ағаш өсiруге арналған сүйреп шығаратын жолдарда топырақты тапталып қалуын жою және өздiгiнен төгiлген тұқымның өнiп-өсу жағдайларын жақсарту мақсатында ол тереңдiгi 12-15 см етіліп кесуден бiр жылдан соң қопсытылады. Алаңдар мен белдеулер жасау ағашты жаппай кесу жүргiзiлген жылы, ал ағашты бiртiндеп кескенде Ереженiң 26 және 32 тармақтарында көрсетiлген мерзiмде, iрiктеп алып кесу жағдайында - ағаштарды бiрiншi кескенде оның жуандығы 0,7 және одан кем болғанда, ал қажет болған жағдайда кейiнгi кесу кезегiнде атқарылады.
Топырақты минералдандыру алаңы, ағаш сүйреу кезiнде жарақат алған жерiн қоса отырып, қарағайлы ормандардағы ағашы кесiлген жердiң 20-30 процентi мөлшерiн құрайды. Жаңа қарағайлы ормандарда топырақты өңдеу жаздың екiншi жартысында, ал ағаштың жапырақты тұқымдары 20 проценттен астам мөлшерде болса, онда күзде жапырақтар түгел түскеннен кейiн жүргiзiледi (қазан айы). Алаңды әзiрлеудi қарағайлар тұқымын жаппай шашуын аяқтағанға дейiн ерте көктемде жүргiзуге де болады (сәуiр, мамырдың 1-онкүндiгi).
98. Емендi ормандарда табиғи түлеп өсуге ықпал жасау оның жуандығы 0,4-0,6 болғанда, өнiм мол жылдары ағашты кесуден 2 жыл бұрын жүргiзiледi. Әрбiр 4-6 метр сайын тартылатын енi 1-2 м жолақтарда құндылығы аз ағаш тұқымдарының шыбықтары мен өскiндерi оталады; тапталған жерiнiң топырағы қопсытылады.
Өнiм түсiмi жақсы әрi орташа болған жағдайда еменнiң ойдағыдай түлеп өсуi барысында ағаш кесу және оны сүйреп шығару күзде емен жаңғақтары түскеннен кейiн қамтамасыз етiледi. Ағашты сүйреп шығару кезiнде жаңғақтар топыраққа араластырылады, мұның өзi жақсы өскiндер бередi.
99. Ережеде көрсетiлген су жайылмалы және тоғайлы ормандарда ағаш кесу түрлерi өскiндерiнiң түлеп өсуiнiң пайда болуына есептелген, өйткенi тал мен терек тұқымынан өнiп-өсу жолымен түлеп өсуi тек өздерiнiң ылғалды шөгiндерiнде ғана болады.
Теректiң, үйеңкiнiң және көктеректiң түбiрлеп атпалар арқылы түлеп өсуiне ықпал ету көктем кезiнде олардың тамыры ағашқа жақын жерде дискалы тырмамен жарақаттанғанда, 1-2 жылдық ағаштарды кесу кезiнде жүзеге асырылады. Жас, дымқыл және сулы көктерек пен терек ормандарында ағаш кесу жұмыстарын қарсыз кезеңде Ережеде көзделген ағаш кесу мерзiмдерiн сақтай отырып жүргiзу жақсы нәтижелер бередi.
100. Шөлейт жердегi ормандарда табиғи түлеп өсуге ықпал ету шаралары қара сексеуiл ормандарында мына алқаптарда: өзен арнасы iргесіндегі құмды-саздақ жазық жерлерде, құмды төбелер алдындағы құмда, Балқаш көлiнiң төңiрегіндегі шiлiктi алқаптарда, сондай-ақ сексеуiл орманы аралас құмды аймақ алдындағы және Мойынқұмның сусымалы құм төбелеріндегі ормандарда жүргiзiледi. Осы мақсатта мына шаралар көзделген:
бiрiншi кезекте ағашты кесудi тұқым өнiмi орташа және жақсы ағаштарда белгiлеу және Ережеде көзделген тұқымның пiсiп-жетiлген кезiнде сексеуiл омыру мерзiмiн сақтай отырып жүргiзу;
алқапқа оларда сақталған тұқымдарымен кесiндi қалдықтары ұсақтап сеуiп тасталады;
күзде топырақ қыртысын қайырмай жыртып, әрбiр 10 м сайын енi 1,4 метрлiк белдеулер жасалады.
101. Шаруашылық жағынан құнды ағаштар тұқымдарының өсуi әрi тұқым шашуының, өскiндерi мен жас шыбықтарының дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында бұларды былайша күтiп-баптау:
таяудағы 5-6 жылда кесуге жатқызылған ағашы өсiп-толысқан орман қабырғасына жанасатын қарағайлар 1-2 жыл бұрын кесiлген жерде қарағайдың өздiгiнен тұқым шашуынан өсiп-өнген және ұсақ өскiндердiң жай-күйiн жақсарту мақсатында орман қабырғасы тұсындағы енi 4-6 метр жолақта тамырларды қопсыту жолымен отау жұмысы жүргiзiледi;
ағашы 5 - 10 жыл бұрын кесiлген жерде қарағайлы-жапырақты ағаштармен аралас түлеген өскiндердi кесiп алып тастайды немесе ағаштың жапырақты тұқымдарының жас шыбықтарын тiршiлiк қабiлетi күштi жеке ағаштар мен қарағай өскiндерi төңiрегiне шоғырландырады;
ағаштың жапырақты тұқымы кесiлген жерде қабысуы 0,8-ден астам бiр гектарға шаққанда дымқыл жерде қарағайдың өздiгiнен тұқым шашуы арқылы өскен, жасы екi жылдан асқан 5 мың дана, жас топырақта 7 мың дана, құрғақ жағдайда өскен 10 мың дана өскiндерiне енi 2-2,5 м бiр-бiрiнен қашықтығы 2-4 метр дәлiз жүйесiмен күтiп-бапталады немесе кесiлген жердiң бүкiл алаңы бойында жапырақты ағаштардың жас шыбығы алабына сирету жүргiзiледi;
қарағай мен көктерек аралас өскен ормандарда қарағай өскiндерiнiң булықпауы үшiн көктеректiң түбiрiнде өсiп атпаларының түлеп өсуiн төмендету шаралары жүргiзiледi;
еменнiң өздiгiнен тұқым шашуынан шыққан өскiндерi күтiп-баптау үшiн мiндеттi түрде оларды шөп басудан қорғау және шiлiктер мен ағаштың жұмсақ жапырақты жас шыбықтарына көлеңке түсiру әсерiн жою шарасы қолданылады. Бүкiл емен өскiндерiне жарық түсiрiледi. Кесiлген жердегi емендi ормандарда алғашқы саңлаулау ағашты кескеннен кейiнгi екiншi жылы жүргiзiледi, төртiншi жылы қайталанады. Келесi күтiп-баптау қажеттілігiне қарай атқарылады. Келесi күтiп-баптау терек ағаштары құрамында емен болғанда бiрiншi жарық түсiру ағашты кескен соң екiншi жылы жүзеге асырылады, сонан соң үшiншi және төртiншi жылы қайталанады, ол кейiн қажеттілігiне қарай;
ағашы кесiлгенiне 10 жылдан асқан жерде орманды күтiп-баптау жөніндегі кесу аймақта қолданылып жүрген нұсқаулар мен орманды күтiп-баптау үшiн кесудi жүргiзу жөніндегі ұсыныстарға сәйкес атқарылады.
102. Ағашы кесiлген жерде ағаштардың басты тұқымдарының түлеп өсуi қамтамасыз етiлмесе, онда барлық жағдайда бұл алқапты кесуден кейiн 1-2 жылдан соң шаруашылық жағынан құнды ағаш тұқымдары егiлуi керек. Бұл шара орман дақылдарын егудiң бекітілген түрлерi мен схемаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Орманды жасанды қалпына келтiруге мыналар жатады:
байырғы қарағай ағаштарын қалпына келтiру мақсатымен өндiрiстiк ағаштардың жаппай алқабын құру. Қарағай дақылдары кесуден бiр жылдан соң егiледi;
қайың ағашы басымырақ, жуандығы 0,3-0,4 байырғы жапырақты ағаштардың жаппай алқабы, сондай-ақ жас шыбықтар мен түбiр атпаларының түлеп өсуiнiң қанағаттанғысыздығы. Бұл категорияға Арал өңiріндегі, Қарақұмның, Мойынқұмның терiскендi дөңестерi мен жазығындағы қара сексеуiлдi ормандарды кесу де жатады. Мұнда, әдеттегiдей, табиғи түлеп өсуi қанағаттанғысыз жағдайда өтедi, оған қолданылатын шаралар жеткiлiксiз болып табылады. Өскiндердiң жәй-күйiне қарай жекелеген немесе жаппай дақыл егу жүргiзiледi;
өсуi қанағаттанғысыз емендi және теректi емен ағаштарындағы жаппай кесу белдеуi; оларда емен дақылдары отырғызылады;
қарағайының түлеп өсуi қанағаттанғысыз қарағайлы және қарағаймен аралас қайыңды, көктеректi өндiрiстiк ормандарда бiртiндеп кесуге қабылдау аяқталуынан кейiнгi алқаптар. Кесуден кейiнгi бiрiншi жылы қарағай дақылдары егiледi;
жуандығы 0,3-0,5 қарағай өскiндерiнiң саны жеткiлiксiз болған жағдайда қарапайым таза және қарағайдың аралас ағаштарындағы жаппай алқаптарда ағаштың басты тұқымы кесуден кейiнгi алғашқы екi жылда отырғызылады;