орман дақылдарын (жаппай және iшiнара) отырғызу кезiнде қарағай
нашар, қанағаттанғысыз өсiп-жетiлген жуандығы 0,3-0,5 таза әрi
аралас бiркелкi жастағы қарағайлы ормандарда жүзеге асырылады.
Әртүрлi жастағы ағаштарда жаппай кесу жүргiзген кезде орманның тек өсiп-жетiлген және өсiп-жетiлуден асқан ағаштарын жинауға рұқсат етiледi.
Ағаш кесу алқабының енi 25 м, ұзындығы бөлiктiң созылуына байланысты анықталады; олардың жанасуы тiкелей жанасу мерзiмiнен 5 жылдан кем болмауға тиiс. Бөлiктерде әрбiр 100 метр сайын белгi салуға рұқсат етiледi. Алқап ұзын жағымен шығыстан батысқа қарай, кесу бағыты - солтүстiктен оңтүстiкке қарай қалыптасады (4-кесте). Жанасатын алқапта жеткiлiктi өсiп жетiлмеген немесе орман дақылдары болмаған жағдайда келесi алқапты одан әрi кесуге болмайды. Үшiншi және одан әрi алқаптық кесуге бiрiншi алқапта орман дақылдары немесе табиғи жас шыбықтарды жерге ағаштар отырғызуға бергеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
40. Ұзына бойы созылған тоғайлардың, қайыңды және көктеректi ормандарында ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу Қазақтың шағын адырлы жапырақты ормандары үшiн көзделген нормативтер мен технологияларға сәйкес жүргiзiледi.
Аралды қарағайлы ормандардағы ағаш кесу
41. Аралды қарағайлы ормандарда құрғақ, жас және дымқыл топтардағы ағаштарды ерiктi-iрiктеп, бiртiндеп және жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi (кесте).
42. Ерiктi-iрiктеп кесу жуандығы 0,6-1,0 жердiң құрғақ жағдайында өсiп-жетiлетiн қарапайым күрделi, таза және бiркелкi, түрлi жастағы қарағайлы ағаштарда жүргiзiледi.
Жуандығы 0,8-1,0 өсiп тұрған ағаштарда iрiктеу қарқыны қордың 25 процентiн, жуандықтың 0,6-0,7 - 15-20 процентiн құрайды. Ерiктi-iрiктеп кесу жүргiзiлген жағдайда ағаштардың жуандығы 0,5-тен кемiмейдi.
Кесудiң бұдан кейiнгi кезегi өсiп тұрған қарапайым ағаштардың жуандығы 0,6 және одан жоғары немесе бiрiншi қабатының жуандығы 0,3 және одан жоғары күрделi ағаштардың қалыптасуы, екiншi қабатында жас ағаштар үшiн жуандығы кемiнде 0,4 орташа жастағыларынiкi 0,3 болуы жағдайында жүргiзiледi.
Күрделi ағаштарда ерiктi-iрiктеп кесу өсiп-толысқандарын кесу жолымен атқарылады. Екiншi қабаттың жуандығы 0,4 және одан асқанда оның бiрiншi қабаты қорының 50 процентiне дейiнi, ал жуандығы 0,3 болса, онда 30 процентi iрiктеп алынуы мүмкiн.
43. Бiртiндеп кесу қарапайым, күрделi, таза және бiркелкi және аралас түрлi жастағы жас және ылғалды қарағайлы ормандарда белгiленедi.
Жуандығы 0,8-1,0 ағаштардағы кесу бiрiншi кезекте қордың 25-35 процентiн iрiктеп алу жолымен үш кезектен орындалады. Өсiп тұрған ағаштардың жуандығы 0,6-0,7 дейiн төмендейдi.
Кесудiң екiншi кезегi 10-12 жылдан кейiн қарағай аясында оның өсiп-жетiлуi қанағаттанарлықтай болғанда жүзеге асырылады. Кесудiң қарқыны - 20-40 процентi мұның өзi өсiп-жетiлудiң ойдағыдай болуына тiкелей байланысты. Шыбықтар сан жағынан жеткiлiксiз болғанда екiншi кезек табиғи өсiп- жетiлуге жәрдемдесу шараларын мiндеттi түрде жүргiзе отырып осы мерзiмде белгiленедi.
Кесудiң соңғы кезегi қарағайдың өсiп-жетiлуi жақсы болған жағдайда 8-10 жылдан соң жүргiзiледi (2 қосымша). Егер шыбықтары жеткiлiксiз болса, онда аталған мерзiмде өсiп-жетiлген қалған ағаштар кесiп алынады және алқапта кесуден кейiнгi алғашқы екi жылда қарағай дақылдары егiледi.
Алғашқы жуандығы 0,6-0,7 ағаштарда кесудiң екi кезегi жоғарыда аталған схема бойынша, бiрiншi кезекте қордың 20- 40%-iн iрiктеп алу жолымен атқарылады.
Күрделi таза және аралас қарағайлы ағаштарда кесу өсiп-жетiлген қабаттағы ағаштар жуандығы 0,4 және одан асқанда екi кезекпен жүргiзiледi: бiрiншiде қордың 30-40 %-i, 10 жылдан соң өсiп-жетiлген қалған ағаштар түгел кесiп алынады. Бiрiншi қабаттың жуандығы 0,3 болғанда iрiктеп кесу бiр кезекте орындалады.
Екiншi қабаттағы жуандығы 0,3-0,4 болғанда және жас шыбықтары сан жағынан жеткiлiксiз болса, өсiп-жетiлген қабатты кескен соң алғашқы екi жылда iшiнара қарағай дақылдары егiледi.
44. Қарапайым таза және аралас бiркелкi және түрлi жастағы ағаштарды өскен жерiнiң барлық жағдайында жуандығы 0,3-0,5 болғанда жаппай алқаптық кесу белгiленедi.
Алқаптың енi 50 м, ұзындығы 1000 м, көлемi 5 га дейiн. Кесу жылын қоспағанда алқаптың тiкелей жанасуы 5 жыл. Алқаптың бағыты - жел қатты соғатын жаққа тiке, кесу бағыты - жел қатты соғатын жаққа қарама-қарсы. Көлемi 1х1 шаршыда 4-5 мәрте кесуге жол берiледi.
Қарағайдың өсiп-жетiлуi жеткiлiксiз ағаштарда кесу жұмысы алғашқы екi жылда қарағай дақылдарын еге отырып жүргiзiледi.
45. Аралды қарағайлы ормандарда жапырақты ағаштарда ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу Қазақтың шағын адырлы жапырақты ормандары үшiн көзделген нормативтер мен технологияға сәйкес жүргiзiледi.
Шөлейттегi ормандарда ағаш кесу
Шөлейттегi сексеуiлдi ормандарда ағаш кесу
46. Сексеуiлдi ормандардың экологиялық және шаруашылық жағынан ерекше зор маңызы бар. Сексеуiлдердi табиғи және жасанды жолмен қалпына келтiру өте қиын.
47. Топырақтың жел эрозиясына (саздақ, сазды, тақырлау) шыдамды болып өскен таза және аралас (ақ сексеуiлдi қоса 4 бiрлiкке дейiн) қара сексеуiл ағаштарында, қара және ақ сексеуiлдi жинай отырып жаппай кесу жүргiзiледi.
Алқаптың енi - 100 м. Жанасу тәсiлi - аттамалы түрде. Алқаптық ағаш кесу жел қатты соғатын жаққа тiкелей қалыптасады. Кесу бағыты - қатты жел өтiне қарама-қарсы. Қалдырылған жолақтарды кесу бұрын ағашы кесiлген алқаптың бiр гектарында 500 данадан астам сексеуiлдiң 3-5 жылдық жас шыбықтары болғанда немесе жерге ағаш отырғызуға оларды көшiрудi қамтамасыз ететiндей сандық нормативтiк көрсеткiшi болған жағдайда орман дақылдарын еккеннен кейiн 3-4 жылдан соң белгiленедi.
Ағашы кесiлген жерде өсiп-жетiлуi қанағаттанғысыз жағдайда кесуден кейiнгi қалған жолақта 2-3 жылдан соң орман дақылдарын егу көзделедi.
Сексеуiлдi кесу мерзiмi - қараша-наурыз айлары. Кесiлген жердi жасанды түрде қалпына келтiру барысында көктемгi кезеңде сексеуiл кесуге рұқсат етiледi.
Жазық жерлердегi қайыңды ормандардың оңтүстiк
шетiнде ағаш кесу
48. Жазық жерлердегi шоқ қайыңды ормандардың оңтүстiк шетiнде (1-қосымша) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу көзделмейдi. Оларда өсiп тұрған ағаштардың бүкiл кезеңiнде күтiп-баптау және санитарлық мақсаттағы кему жүргiзiледi. Ал жаппай санитарлық кесу алқаптарында кесуден кейiн бiр жылдан соң орман дақылдары егiледi.
Интрааймақтық ормандарда ағаш кесу
Су жайылмалы ормандарда ағаш кесу
49. Су жайылмалы ормандарда қорғаныш категориясына сәйкес алқаптың көлемi бойынша түрлi нормативтерiмен (6-кесте) белдеулi-бiртiндеп және тар алқаптық жаппай кесу белгiленедi.
50. Қорғаныш категориясында - өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа су объектiлерiнiң жағалары бойынша ормандардың тыйым салынған белдеулерi:
1) Барлық ағаш тұқымының жапырақты алқаптарында (құрамында 3 бiрлiкке дейiн емен бар емендi және теректi орманнан басқа) тар алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi; 6 Кесте Су жайылмалы ормандарда ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу ------------------------------------------------------------------- Кесiлетiн ағаштардың |Секциялар.| Кесуге | Қор бойынша
сипаттамасы | дағы | дейiнгi | iрiктеп алу
| белдеу, | жалпы |---------------------
| N | жуандығы | жуандығы | iрiктеу,
| | | кезiнде | %
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
--------------------------------------------------------------------
Қорғаныш категориясы - өзендердiң, көлдердiң, су
қоймаларының және басқа су объектiлерiнiң жағалары
бойындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi
Емендi орман, таза, ББК 0,3-1,0
аралас, бiркелкi және 1 0,3-1,0 0,3-1,0 100
түрлi жастағы емендер* 2 0,3-1,0 0,6-1,0 15-50
0,3-0,5 100
3 0,3-1,0 0,6-1,0 15-50
0,3-0,5 100
Құрамында 3 бiрлiкке ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
дейiнгi еменi бар
теректер
Таза, аралас бiркелкi, ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
және түрлi жастағы
жапырақты ағаштар
Өзендердiң, көлдердiң, су қоймаларының және басқа
су объектiлерiнiң жағаларындағы ормандардың тыйым
салынған белдеулерi шегiнен тысқары қорғаныш
категориясы
Таза, аралас бiркелкi ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
және түрлi жастағы
жапырақты ағаштар
Талды тоғайлардағы кесу жұмысы
Талдар ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
------------------------------------------------------------------
Кезектiң | Жанасу | Алқаптың көлемi |Алқаптың | Ескерту
қайталануы,|мерзiмi,| енi, |ұзын.-|ең үлкен |
жыл | жыл | метр |дығы, |көлемi, |
| | |метр | га |
------------------------------------------------------------------
6 7 8 9 10 11
-------------------------------------------------------------------
15-20 500 1,0 Жуандығы 0,5-ке
дейiнгiлерi бiрiншi
белдеудегi ағаштарды
5 5 кесумен бiр мезгiлде
5 5 жүргiзiледi.
5 5 Жуандығы 0,5-ке
дейiнгiлерi 2
белдеудегi ағаштарды
кесумен бiр мезгiлде
жүргiзiледi.
2 25 500 1,25 Емен кесiлмейдi. Кесу
жұмысы 2-3 алқаптан
тұратын секциялар
бойынша жүзеге
асырылады.
2 50 500 2,5 Кесу жұмысы 2-3
алқаптан тұратын
секциялар бойынша
жүргiзiледi.
2 50 500 5
5 50 500 2,5
Ескерту. ББК-белдеулi бiртiндеп кесу, ЖК-жаппай кесу.
* Басқа қорғаныштық категориясында кесу аталған
технология бойынша жүргiзiледi.
бiр гектардан астам алаңның барлық бөлiктерi 3-2, енi - 50 м,
ұзындығы 500 м дейiнгi алқаптық топтарға бөлiнедi, олар өзен
ағысына қарама-қарсы орналасу тәртібіне қарай нөмiрленедi. Осы
топтар бұдан кейiн 2-3 кезекпен кесуге белгiленедi (5 сурет).
Әрбiр алқаптың көлемi 2,5 га артық болмауға тиiс. Жанасу, әдеттегiдей, ықтырмалы (екi алқаптан кейiн), бөлiктiң енi 100 м кем болғанда - аттамалы (бiр алқаптан кейiн). Жанасу мерзiмi - 2 жыл. Көлемi 1 га және одан кем таксациялық бөлiктi, олардың орналасуына қарамастан, түгел кесу көзделедi. Өзен арнасының бойына орналасқан бөлiктiң енi кемi 50 м болғанда алқап көлемi өте шағын болуы мүмкiн, мұның өзi кейiннен орманды қалпына келтiру, орман шаруашылық жұмыстарын әзiрлеу мен жүргiзудi қиындатады. Мұндай жағдайда алқаптың ұзын қанаты (200 м аспайтын) өзен бойына орналасуы мүмкiн, ал оның көлемi бiр гектардан артпауға тиiс (6 сурет).
2) Емендi ормандарда белдеулi бiртiндеп бiр және екiншi кезекте кесу (ағаштардың алғашқы жуандығына сәйкес) жүргiзiледi. Кесуге бөлiнген учаскелер енi 15-20 метрлiк үш алқаптан (белдеуден) секцияларға бөлiнедi. Олар өзен ағысының бағытына қарамастан шығыстан батысқа қарай бағытталады. Алқаптың ұзындығы бөлiктер шекарасымен, бiрақ 500 метрден астам, анықталады. Кесудiң бағыты - солтүстiктен оңтүстiкке қарай.
Секциялардағы бiрiншi белдеулер тобы, ағаштардың жуандығына және еменнiң жас шыбықтарының болуына қарамастан түгел кесiледi. Сонымен бiр мезгiлде жапсарлас топта екiншi белдеудiң аралас тобындағы ағаштар жуандығы 0,6 және одан жоғары болса, жуандығы 0,5 дейiн кесу жүргiзiледi.
Жуандығы 0,3-0,5 екiншi белдеу тобы ағашы кесiлген жерде өсiп-жетiлуi қанағаттанарлық болғанда немесе жолақтың бiрiншi белдеуiнде ормандық емен дақылын егу барысында 5 жылдан соң түгел кесiп алынады. Сонымен бiр мезгiлде белдеудiң үшiншi тобында ағаш жуандығы 0,5 дейiн болғанда кесiледi. Олар орманды қалпына келтiру жөніндегі осындай талаптарды сақтау барысында жолақтың бiрiншi тобында ағаштарды алғашқы кесуден соң 10 жылдан кейiн кесiледi (7-сурет).
3) Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар теректi ағаштарда тар қанатты алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi, Кесуге бөлiнген бөлiктер әрқайсысының енi 25 м 3 алқаптағы секцияларға бөлiнедi. Барлық емен ағаштары, санитарлық жәй-күйiне қарай жиналатынынан басқалары, сақталады. Алқаптың бағыты мен оны кесу 50-2 тармақтағыдай.
Алқаптың екiншi, сонан соң үшiншi тобын кесу өсiп-жетiлу қанағаттанарлық болғанда (басқа жапырақты тұқымдар шыбықтарының өсуiн ескере отырып) екi жылдан кейiн жүргiзiледi. Өсiп-жетiлу жеткiлiксiз күйде болғанда еменнiң орман дақылдары отырғызылады.
Еменнiң тұқымдығының өсуiне, оның санына қарамастан мiндеттi түрде күту (жарық) жүргiзiледi.
51. Өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа субъектiлерiнiң жағаларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнен тысқары су жайылмалы ормандарда және Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген басқа қорғаныш категорияларына жатпайтын теректiк, үйеңкiлiк, қарағаштық және басқа жапырақты ағаштарда (құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар емен және терек ағаштарынан басқа) енi 50 метрден аспайтын алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi. Алқаптың ұзындығы бөлiктiң ұзындығымен анықталады, ең көп көлемi - 5 га. Алқаптың жанасуы, ағашты кесу жылын есептемегенде тiкелей 2 жылдан соң. Көлемi 2 гектардан кем орын учаскелерiнiң ағашы толық кесiледi.
Мөлшерi 1х1 шаршыларда 3-4 мәрте шабуға рұқсат етiледi. Отау арасында қалдырылған орман белдеуiнiң енi 200 м кем болмауға тиiс.
Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар емендi, теректi ағаштарда 50-2 және 50-3 тармақта баяндалған технология бойынша кесу жүргiзiледi.
52. Құрамында 3 бiрлiкке дейiнгi еменi бар емендер мен теректерден басқа, барлық ағаштар үшiн алқаптардың бағыты су ағысының басты жолына тiкелей; ал кесу бағыты - ағысқа қарсы болады.
53. Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар емендi ормандар мен басқа ағаштарды қоспағанда, жапырақты ағаштардағы шыбықтардың барынша өсiп-жетiлуiн қамтамасыз ету мақсатында кесу жұмысы қыркүйектен мамырдың басына дейiн жүргiзiледi. Жазғы кезеңде өсу қабiлетiн жойған ағаштарға кесу жүргiзiлуi мүмкiн. Бұтақты ағаштарды кесу қар суы кеткен соң жаз кезеңде тамызға дейiн жүргiзiледi. Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар, қалың тоғайда және басқа ағаштарда тұқымдық шыбықтарды барынша көп сақтау мақсатымен кесу жұмысы қар толық түскен соң және қар кеткенге дейiн жүргiзiледi.
54. Табиғи барлық аймақтардың су жайылмалы аңғарларына орналасқан және Ереженiң 6-тармағына сәйкес қорғаныш категориясына жатпайтын талдарда 2 жылдық жанасу мерзiмiмен енi 50 метрге дейiнгi жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi. Отаудың саны 1 шақырым аймақта 5-4. Кесу жұмысы қар суының тасқыны басылған соң жаз кезеңiнде орындалады.
Тоғайлы ормандарда ағаш кесу
55. Тоғайлы ормандар республиканың оңтүстiк шөлейт аймақтарындағы су жайылмалы өзен аңғарларында өседi, олар аса маңызды экологиялық-гидрологиялық қызмет атқарады, аңшылық дүниесiнiң аса жоғарылығымен, аздау жапырақты ағаш тұқымдары бар бұталардың кең таралуымен сипатталады.
56. Талды алқаптарда (Жоңғар және Вильгельм ешкi талдары), Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген қорғаныштық категориялардан басқа, енi 25 м аспайтын алқапта аттамалы жолақтары 3-4 жылдан соң жанасатын тар қанатты жаппай кесу атқарылады. Қалдырылған белдеулерде ағашты кесу аралас алқапта ағаштың өсiп жетiлуi қанағаттанарлық болғанда немесе отырғызылған орман дақылдары алқапты орман өсетiн жерге айналдырудың нормативтiк талаптарына сай келгенде жүзеге асырылады.
Ағашты кесу мерзiмi - қыс немесе ерте көктем. Өйткенi, осы кезеңде жүргiзiлген кесу жұмысы жас шыбықтардың түлеп өсуiне барынша қолайлы.
57. Талды алқапта (Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген қорғаныштық категориядан басқа) алқаптың енi 25 метр мөлшерiнде жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi. Бiр жылдық алқаптың аралық қашықтығы - 50 м, тiкелей жанасу мерзiмi - 2 жыл.
Кесу кезеңi - жаз кезеңiнде қар суының тасуы басылғаннан кейiн.
58. Тоғайлы ормандарда ағашты кесудiң бағыты алқаптың ұзын қанатымен өзен арнасына тiке орналаса отырып өзеннiң ағысына қарама-қарсы белгiленедi.
Алқаптық жұмыстарды жүргiзуге қойылатын
экологиялық-орман жүргiзу талаптары
59. Ағаш дайындаушылар ағашты дайындау және тасу кезiнде өскiндi, жас шыбықтарды және ағаштың қалдыруға тиiстi бөлiгiн, топырақты эрозиядан қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
60. Ағаш дайындау процесiне топырақты көп бүлдiрмейтiн машиналар мен механизмдер тракторлар, энергетикалық модулдар, доңғалақты ағаш дайындау (харвестерлердi, форвадерлердi) техникасын қолдану қажет. Қар жоқ кезеңде топыраққа үлестi салмақ түсiруi 0,4-0,5 кг шаршы. см. аспайтын сүйрегiш тракторларды пайдалану керек.
61. Әрбiр алқапта әзiрлiк жұмысын жүргiзуге және оны нақты түрде бөлуге дейiн осы Ережеге сәйкес технологиялық карта жасалады. Онда мыналар көрсетiледi: ағашты кесу тәсiлi, оны тасу, ағашы кесiлген жердi, жоғары қоймалар мен тиеу алаңдарын тазарту, магистралды және тасу алқабы жолдарының орналасуы, шыбықтары сақталуы қажет алаң, ағаштары өсiп-жетiлмеген ағаш топтары мен гүл өсетiн топырақ, сондай-ақ топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі талаптар, ағаштарды, құмырсқа илеуi бар, кесуге болмайтын жас талдар мен шыбықтарды сақтау.
Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына және басқа кiшiгiрiм ағаш дайындаушыларға берiлетiн алқапты әзiрлеуге арналған технологиялық карталарды орман шаруашылығының кәсiпорындары жасайды, ал мамандандырылған ағаш дайындаушы кәсiпорындарға берiлетiн алқаптар үшiн алқапты бiр мезгiлде бөлiп бере отырып ағаш дайындаушылар жасайды.
Технологиялық картаны орман шаруашылығының өндiрiстiк кәсiпорындары бекiтедi. Ағаш кесу билетi бекітілген технологиялық картасы қолында болған жағдайда берiледi, ол ағаш кесу билетiне қосылады.
62. Алқаптарды кесуге технологиялық карталарда көрсетiлген нақты түрде алаңшаларды сүйреу, тиеу алаңын, бөлген соң, қауiптi ағаштарды жинап алу және технологиялық карталарда көрсетiлген басқа да жұмыстарды орындаған соң рұқсат етiледi.
Сүйреп шығару алқабын әзiрлеу, тиеу алаңын жайластыру барысында топырақты, жас шыбықтарды және барынша қорғауды, кесуге болмайтын ағаштарды барынша сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.
63. Магистралды сүйреп шығару енi - 5 м, дөңестi жерде бұл 7 м ұлғайтылады. Тасу алқабының енi 4 м дейiн белгiленедi. Ал ұзындығы жазық жер жағдайында - 200 м, таулы өңiрде - 150 м артпауға тиiс.
Ағаш сүйрейтiн жол салғанда ол жерден iрi тастарды, шырпыларды жинап алады; бұталар мен жас шыбықтар оталады: ағаштар, түбiрлер, томарлар жер бетiмен бiрдей етiп тегiстеле кесiледi; олар жабылып, су жүретiн жыралар жасалады; тiк қия дөңестi жерлерде 25-30 метрден кейiн, құлама беткейлерде олардың бiр-бiрiнен қашықтығы 80-100 метрге дейiн жеткiзiледi.
Ағашты кесу кезiнде тастақ, құмдақ топырақты және көлбеулiгi 10 градустан асатын қия беткейлер арқылы өтетiн жолдар кесiлген ағаш қалдықтарымен нығайтылады. Қия беткейлерде сүйрелетiн ағаштар жолдан сырғанап, құлап кетпеуi үшiн әрi қия беткейлердегi өскiндердi бүлдiрмей, айналып өтетiн бұрылыстарға қада қағылып, қауiптілік жойылады. Бұлар кесуге ағаштар қатарынан iрiктелiп, алқаптың кесу жұмыстары аяқталған соң жинап алынады.
Қия беткейге кесе-көлденең қойылған белгiлер бағытына қарай ағаш тасу жолдары оған қатарластырыла тартылады немесе тiк беткейде көлбеулiгi 5 градусқа дейiн негiзгi ағаш тасу жолына көлбеулiгi 30-40 градус деңгейiнде келiп жанасады. Олар биiк дөңес жерлерде қияны азайту мақсатымен серпантиндi жүйемен тартылады. Шынжыр табанды тракторлар үшiн жолдың ылдилығы - қыста, жауынды кездерде жазда көлбеулiгi 15 градустан артпауға тиiс; жаздың құрғақ кезiнде - 25 градустан артпайды. Доңғалақты тракторларды өрдiң биiктiгi 7 градустан, жазғы құрғақ кездерде жолдың ылдилығы 17 градустан, қыста және жазғы құрғақ кездерде 13 градустан артпайтын жағдайда пайдалану ұсынылады.
Ағашты бiртiндеп және iрiктеп кесу жағдайында тасу жолдарын кейiнгi ағаш кесу кезiнде де пайдалануға болатындай етiп салған дұрыс.
Ағаш сүйреп шығаратын соқпақтарда тұрақты және уақытша су жүретiн арналардың бойында, сондай-ақ қорғалатын учаскелер шегiнде ағаш тартатын жол салуға рұқсат етiлмейдi.
Ағаш сүйрейтiн жолдың көлемi алқап алаңының 15 %-нен аспайтындайы болуға тиiс.
64. Жоғары қоймалары мен тиеу алаңдары бар көлемi 10 гектардан кем алқаптар үшiн алқап көлемi 4 проценттен, ал 10 гектардан асса - 2 процентiнен артпауға тиiс. Алаңдарды орналастыру үшiн, әдеттегiдей бос жерлердi, орман жолдарын, ағаштан бос басқа да жерлер пайдаланылады. Қоймалар мен алаңдарды ерекше қорғалатын учаскелерге орналастыруға жол берiлмейдi.
65. Технологиялық тәртiптi сақтау, ауытқу бағытын қамтамасыз ету, өскiндердi, топырақтың орман өсiрудегi қасиетiн сақтау үшiн алқапты шағын алаңдарға бөледi. Тегiс жерлерде олар белгiлi бiр нысана бойынша белгiленедi. Су жырып кеткен сай-жыралардағы учаскелердi алқаптың шекарасы оларға белгiленген енiн сақтай отырып, қисық жүргiзiлуi де мүмкiн.
66. Шыбықтар бiркелкi орналастырылған жағдайда алқапты енi ағаштың бiр жарым биiктiгiнен аспайтын бөлiктерге бөлу керек (8-сурет). Олардың әрқайсысының ортасынан ағаш тасу жолдары тартылады, оның бел ортасына қатарластыра ағаштың басы тиеу және сүйреп тасу бағытына қарай кесiлiп құлатылады. Сонан соң жанындағы бөлiктерден кесуге арналған ағаштар бас жағымен ағаш тасу жолына 30-45 градус бұрыштай, соның өзiнде осы жолға таяу жердегiлерi қырымен құлатылады. Бұл орайда ағаштың басы жолға қарай құлатылуына тырысу керек. Ағаштарды құлату кезiнде өскiндер мен жас шыбықтардың, әсiресе құлама жерде орналасуына назар аударылады. Тракторлардың жүруi мен айналуы ағаш сүйреу жолдарымен, тиеу алаңдарымен ғана жүзеге асырылады. Ағашты топтап тиеу кезiнде трактор жолдан шықпауға тиiс; сүректер жолға шынжыр арқан арқылы сүйреледi. Ағаштарды алаңшылар iшiнде дөңгелете айналдыруға болмайды.
Ағашты сүйреу өрiмталдарда немесе түрлi ағаштарда жүргiзiледi. Жас шыбықтар бұтақтары бiркелкi кесiп сүйреп шығарылады. Ағашты тамырынан сүйреп шығару жолға қарай қарама-қарсы орналасқан және белгiленген тәртiптi бұзып құлатылған ағаштарда ғана рұқсат етiледi. Мұндай ағаштарды жинастыру алқаптағы ағаштарды сүйреп шығарған соң жүргiзiледi; трактор алқаптың ең шетiне кiрiп, қоймаға қарай жылжи отырып оларды жинап әкеледi.
67. Өскiндер құламалы жерде орналасқанда алқап енi 80-100 метр, бiртiндеп және iрiктеп кесу кезiнде алаңшаларға бөлiнедi, жаппай кескенде алқап енi шегiнде бөлiнедi. Тасу алқабы ағаш кесу жұмыстары кезiнде оның өскiндерi мен жас шыбықтар топтары бүлiнбейтiндей орналасуы керек. (9-сурет).
Әрбiр алаңшаның төменгi бөлiгiнде ағаш материалдарын тиейтiн алаңдар әзiрленедi. Ағаш кесетiн алаңшаларды одан әрi дайындау өскiндер мен жас шыбықтар егiлген топырақтан ағаштарды бiр шетке қарай құлата отырып Ереженiң 66-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
68. Өскiндер сақталмайтын алқапты әзiрлеу схемасы жас шыбықтарды бас жағынан сүйреп шығару әдiсi шағын алқаптардағы әдiске ұқсас (66-тармақ). Осындай жағдайда алаңшалардың енi 30-45 (50) метр, ағаштар жолға 45-60 градус көлбеулiкпен құлатылады. Алаңшаларды әзiрлеудi жеңiлдету үшiн олардың енi 8-10 м жолақтарға бөледi: бiрiншi алқапқа сүйрейтiн жол салу, ал оларды құлату және тасу аяқталған соң сүйреу жолының қарсы бетiне салу одан әрi жүргiзiледi. Сонан соң алаңша ортасына таспа жол салу одан әрi жүзеге асырылады.
69. Ағашы кесiлген орман дақылдары егiлетiн алқаптарда, сондай-ақ тамыр атпалары арқылы қайта қалпына келтiрiлетiн кесiлген көктеректi жерде құлатылған ағаштар түпкi жағынан сүйреп шығарылады, бұл жұмысты ағаш таситын жолға қатарластыра салынған жолмен атқарады. Енi 5 м жол алқаптың ұзын қанаты жағынан тартылады, сонан соң енi 6-8 метр қанаттас жолақтарда ағаштарды бас жағымен ағаш тасу жолына құлатады, ал келесi жолақтарда бас жағымен ағашы кесiлген жерге құлатылады. (10-сурет). Ағаштар жолға бұрышымен 45-60 градус деңгейiнде құлатылады. Таспалы жолдар негiзгi жол бiртiндеп алыстаған сайын тартыла бередi. Әрбiр таспалы жол орман қабырғасынан басталады. Кейiн орман қабырғасы ағаш кесу жолынан 50-60 метр қашықтаған соң қажетiнше трактор (алаң бойынша шоқ ағаштарды кесу кезiнде, Ереженiң 21-тармағы) келесi жолды салады. Ағаш бумаларын трактормен алаңшалардағы таспалы жолдарға шығарады, ал сонан соң оларды құрастырып трактор ағаш таситын жолға шығады.