Қазақстан Республикасының жазық жерлеріндегі ормандарда және
қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану
үшiн ағаш кесудiң ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы
№ 48 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 14 ақпандағы № 141 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының жазық жерлеріндегі ормандарда және Қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерi (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн және олар 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының жазық жерлеріндегі ормандарды және Қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерiн республиканың барлық орман шаруашылығы мен ағаш дайындау кәсiпорындарының қажетiн қамтамасыз ететiндей таралымда шығарылуын қамтамасыз етсiн және олардың орындалуына қатаң бақылау жасайтын болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 13 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының жазық жерлеріндегі
ормандарда және қазақтың шағын адырлы ормандарында
басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң
Ережелерi
Жалпы ережелер
1. Осы аталған Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне, басқа да қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес әзiрленген және де бұл орман қорын барлық иеленушiлер мен орман пайдаланушылар үшiн, олардың қай ведомствоға байланыстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, жалгерлер мен жекелеген азаматтарды қосқанда, мiндеттi болып табылады.
2. Жазық жерлердегi және шағын адырлы жерлердегi ормандар - ағашсыз кең алқап iшіндегі шағын арал алаптар мен шоқ ағаштар, ұзын бойы созылған қарағайлы тоғайлар, сондай-ақ шағын адырларда, шөл далалар мен өзендердiң су жайылмалы жерлеріндегі ағаштар болып табылады. Орманды-далалы, далалық жерлерде, жартылай шөлейт аймақтарда қарағайлы, шоқ қайыңды және көктеректi ормандар; шөлейт аймақтарда - сексеуiлдi, интрааймақта - су жайылмалы және тоғайлы ормандар жиi ұшырасады.
3. Жазық жерлердегi ормандар мен шағын адырлы жерлердегi ормандар өзiнiң өнiп-өсуi жағдайына қарай төмендегiдей болып бөлiнедi:
Шоқ қайыңды ормандар
Қазақтың шағын адырлы орманы
Қарағайлы ормандар
Жапырақты ормандар
Шағын адырлы жерлердегi шоқ қайыңды орманның оңтүстiк шетi
Ұзына бойы созылған қарағайлы ормандар
Аралдардағы қарағайлы ормандар
Шөлейттегi ормандар
Сексеуiлдi ормандар
Жазық жерлердегi шоқ ағаштардың оңтүстiк шетi
Интрааймақтық ормандар
Су жайылмалы ормандар
Тоғайлы ормандар
Орманды табиғи аймақтар бойынша орман шаруашылық аудандар және әкiмшiлiк облыстар бойынша бөлу қосымшада келтiрiлген.
4. Жазық жерлердегi ормандар және Қазақтың шағын адырлы жерлердегi ормандары бiрiншi топқа жатқызылған, бұлар су қорғау, қорғаныш, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық қызмет атқарады.
Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесуде мынадай мiндеттер қамтамасыз етiлуге тиiс:
орманның табиғат қорғау ролiн сақтау және күшейту;
өсiп-жетiлу жағынан толысқан және жаңғыртуды қажет ететiн ағаштарды дер кезiнде алмастыру;
ормандық табиғи ортаны сақтау және ағашты кесу кезiнде орманның шаруашылық жағынан құнды тұқымын қалпына келтiру;
орманды үздiксiз де ұзақ пайдалану және орман жерлерiн ұтымды пайдалану;
ормандардың өнiмдiлiгiн арттыру;
экологиялық талаптарды ескере отырып ағаш дайындау жұмыстарында механизация құралдарын пайдалану мүмкiндiгi.
5. Ағаш тұқымдарының құнды және сирек түрлерiн кесуге жол берiлмейдi (шарын шетенi, грек жаңғағы, Семенов үйеңкiсi, тораңғы, ақ сексеуiл, каркас, шеркеш, қарағаш, шегіршін, қармала, қандыағаш, бадам, алмұрт, алма, шие және басқа түрлерiнде ағаш кесу белгiленбейдi). Осы тұқымдар басымырақ ағаштарды күтiп-баптау үшiн және санитарлық кесу үшiн рұқсат етiледi.
6. Қорықтар, ұлттық және тарихи-табиғи парктер, табиғат ескерткiштерi, қорықты аймақтар ормандарында, ғылыми маңызы бар орманарда, орман парктерiнде, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарында, орман жемiс ағаштарында, қала ормандарында, жасыл аймақты орман парктерi бөлiктерiнде, сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтары бiрiншi және екiншi белдеулерiнiң бiрiншi және екiншi аймақтары ормандарында, мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулерiнде, эрозияға қарсы және ерекше құнды орман алқаптарында, өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерiнiң жағаларындағы тыйым салынған (су жайылмалы жердегi жапырақты ормандардан басқа) белдеулерiнде, ерекше қорғалатын бөлiмдерде ағаштарды тек қана күтiп-баптау үшiн кесуге және санитарлық кесуге рұқсат етiледi.
7. Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген және шағын адырлы және жазық жерлердегi шоқ ағаштардың оңтүстiк шетiнен басқа барлық категориялы ормандарда мынадай ерекше қорғалатын учаскелер (ЕҚУ) бөлiнедi:
а) далалық, шөл және басқа ормансыз (ағашсыз) кеңiстiктiң шекарасы бойынша орман шетiнде енi - 100 м, ал ұзын бойы созылған, аралдағы қарағайлы және сексеуiлдi орманда - 200 м, ал ормансыз кеңiстiк арасында орналасқан орман учаскесiнде 100 гектарға дейiн. Ерекше қорғалатын учаскенiң бұл категорияларына шоқ ағашты орман жатпайды;
б) жыра-сайда, сумен тез шайылатын және топырағы желмен оңай ұшатын алқаптарда өсетiн орман учаскелерi, далалық орман мен далалық аймақтардағы құмдық адыр үстіндегі ормандардың өте құрғақ түрлерi, ормандардың ылғалды түрлерi (су жайылатын жерлерден басқа) өсетiн учаскелердi қоса, сондай-ақ учаскелердiң периметрi бойынша енi 100 метр жолағы;
в) мемлекеттік және облыстық мақсаттағы темір және автомобиль жолдары астасатын енi 100 метр орман шетi;
г) емдiк мақсатқа пайдаланылатын немесе перспективалық мақсаты бар санаторийлер, демалыс үйлерi, пансионаттар, пионер лагерьлерi, туристiк базалар мен басқа да емдеу және сауықтыру мекемелерi, селолық елдi мекендер мен жұмысшы поселкелерi, сондай-ақ минерал көздерi төңiрегіндегі шеңберi 1 шақырым орман учаскелерi;
д) құмды шөлейт жерден өтетiн газ, мұнай құбырларының қос қанатындағы енi 500 метрлiк орманның қорғаныштық белдеуi;
е) саңырау құр ойнағы төңiрегіндегі шеңберi 300 метрлiк орман учаскесi, самырсынды ормандарда, құндыз өсiретiн әрбiр өзендердiң әсiресе, ерекше қорғалатын қорықтардың жапырақты ормандарының енi 50 метрлiк белдеуi;
ж) арнайы шаруашылық мақсатты өтейтiн орман учаскесi (ағаш тұқымы, жаңғақ-жемiс, бал беретiн, эталонды, өте құнды ағаштар, құнды ағаштар төңiрегіндегі шеңберi 50 метрлiк күзетiлетiн аймағы бар тұрақты сынау алқабы және басқа);
з) құламалы жарқабақ, шөгiндi, көшкiн топырақты жиек бойындағы енi 100 метрлiк орман белдеуi; тау жынысының үстiне қарай көтерiлетiн көлемi 30 проценттен астам орман учаскелерi өте құрғақ құзды-жартасты жердегi қарағайлар және осы учаскелердiң периметрi бойынша енi 100 метр орман белдеуi;
и) тiк беткейдегi еңiсi 30 градустан және олардың экспозициясына қарамастан, одан да астам орман учаскелерi;
к) көгалдардың, сумен жабдықтауға арналған құдықтар мен скважиналардың, құмды шөлейт жерлердегi мал суатының маңайындағы шеңберi 1 шақырымдық ормандардың қорғаныштық белдеуi;
л) қайта реттелген карьерлер мен кен жыныстары үйiндiлерi маңайындағы ормандар;
м) мемлекеттік мақсаттағы туристiк жолдың екi қанатына енi 250 метрлiк орман белдеуi;
н) 20 градустан асатын су айрығы жоталарын қалыптастыратын тiк беткейлерде көлемi 2,5 мың гектардан астам су қоймасының шекарасы бойынша су айыратын жоталар мен желiлердi бойлай орналасқан енi 200 метрлiк орман белдеуi.
8. Ереженiң 6-тармағында тiзiп көрсетiлген қорғаныштық категориядағы ормандарда шаруашылық жағынан құндылығы аз және қорғаныштық, су қорғаушылық және экологиялық қызметi қасиетiн жоғалтқан ағаштарды қайта реттеуге байланысты шабу орман шаруашылығы облыстық мемлекеттік органы басқармасының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
7-тармақтың "а-н" қосымша тармақшаларында көрсетiлген ерекше қорғалатын учаскелердегi өзiнiң тұрқы бойынша кесудi қажет етпейтiн жекелеген ағаштарды жинау мақсаты көзделмейдi.
Тұрақты сынау алаңдарындағы, егер арнайы зерттеулер жүргiзуге байланысты болмаса, табиғи түрде қураған ағаштарды қоса, қандай да болсын ағаштарды кесуге тыйым салынады.
Темір жолдар мен автомобиль жолдары бойының (осы жолдарға келiп астасатын 100 метр жердегi белдеулерден басқасы) қорғаныш белдеулеріндегі қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштарды басты мақсатқа кесу ол бөлiнген шектегi тиiстi орман шаруашылығы ауданының орманы үшiн "Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесудiң тәсiлi мен техникасы" Ережесi тарауында белгiленген режим бойынша жүргiзiледi.
Өзендер, көлдер, су қоймалары жағасындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде және басқа да су жайылмалы жерлердегi жалпақ жапырақты ормандарға бөлiнген су объектiлерiнде жаппай кесу жүргiзiледi.
9. Ереженiң 5,6 және 7-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа барлық ағаш алқабында ағашты iрiктеп, бiртiндеп және жаппай тар қатарлы түрде кесу белгiленуi мүмкiн, бұл жұмысты жүргiзу ағаштың басымырақ тұқымының биологиялық өзiндiк қасиеттерiн, орман өсiмдiктерi жағдайының ерекшелiктерiн, орманды түлете өсiру сипатын, өсiп тұрған ағаштардың жас құрылымы мен толысуын, алқап бойында ағаштар мен көшеттердiң кең орналасуын, ал Қазақтың шағын адырлы ормандарында беткейлердiң қиялығы мен орналасу ерекшелiгiн ескеру негiзiнде атқару белгiленген.
Ағаш кесетiн жер мөлшерi таксациялық учаскенiң рұқсат етiлген көлемi мен мөлшерiне қарай анықталады. Ағашы бiр мезгiлде кесуге бөлiнген аралас алқапта кесу ағаш кесетiн бiр жерге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Барлық жағдайда ағаш кесетiн жерлердiң көлемi, олардың параметрi Ереженiң "Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесудiң тәсiлi мен техникасы" тарауында көрсетiлген нормативтен артуға тиiс емес.
10. Тұрғылықты жұмсақ жапырақты ормандарда ағашты тек қана жаппай кесу көзделген. Бұларды iрiктеп және бiртiндеп кесу өскiндердiң өспей қалуына әкеп соқтырады немесе олардың майысып қалуы салдарынан шаруашылық құндылығы жойылады.
Толымдылығы 0,5 және одан жоғары кесiлген ағаштарды бұтақша ретiнде өсiру көзделедi, ал толымдылығы аздарын (әсiресе қайыңдықтар) тұқымдыққа көшiру (Ереженiң "Ағашы кесiлген жерлердегi орманды қалпына келтiру жөніндегі шаралар" атауында) жүзеге асырылады.
11. Кесiлген, бос қалған және ашық жерлердегi өсiп-жетiлген, мерзiмi асқан жекелеген ағаштарды олар көшет берген соң, сондай-ақ толымдылығы 0,5-0,7 шыбықтар мен орта деңгейдегi ағаштарды кесу, өзен құламасының жиегiнен енi 20 метрден аспайтын белдеудiң "құлама қабақтары" iрi ағаштарын (ағаштардың жас бөлiгiнен басқалары) жинау, орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты (жол салу, өртке қарсы күрес т.б.) мақсатта пайдалану үшiн орман алқабын ормансыз алқапқа көшiру облыстық мемлекеттік орман шаруашылығы органы басқармасының рұқсатымен түрлi кесу тәртібімен жүзеге асырылады.
Орман шаруашылығын және орман пайдалануды жүргiзуге байланыссыз мақсатта пайдалану үшiн жердi ағаштардан тазалау (гидроқұрылғылар салу, труба құбырларын жүргiзу, электр беру желiлерiн беру, жалпы пайдаланудағы жолдар мен басқа да объектiлер салу) ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң рұқсатымен жүзеге асырылады.
Адамдар демалатын жерлерде, темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш белдеулерiнде, шабындықтарда, жайылымдарда және ормансыз жерлердiң басқа да категорияларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерде, жәй-күйiне байланысты жинаудан басқа, жекелеген ағаштарды кесу жоспарланбайды.
12. Жаппай және iрiктеп санитарлық кесу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-орман шаруашылығы органының басқармасы бекiткен күтiм жасау үшiн кесу жөніндегі Нұсқауға, ормандағы Санитарлық ережеге, санитарлық кесудi жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Беткейлер қиялығы бойынша жазықта - 10 градусқа
дейiн, еңiстiгiнде - 11-ден 20, құламада - 21-ден 30, қияда -
31 градус, одан да жоғары топқа бөлiнедi.
Солтүстiк беткейлер құрамына солтүстiк, солтүстiк-батыс, солтүстiк-шығыс және шығыс, оңтүстiк беткей құрамына - оңтүстiк, оңтүстiк-батыс, оңтүстiк-шығыс және батыс беткейлер жатады.
Тiк қия беткейлер, егер әрбiр жекелеген қия беткейдiң көлбеуi 5 градустан аспайтын болса, бөлiктердiң төменнен жоғарыға дейiнгi шекарасымен анықталады. Жекелеген тiк қия беткейлердiң ұзындығы 200 метрден асса, көлбеулiгi 5 градус боп, ағаш кесу тәсiлiн өзгертетiн болса, онда олардың әрқайсысының өз еңiстiгi анықталады.
14. Ағаштар мынадай жүйемен:
өзiнiң жай-күйiне қарай кесудi қажет ететiн өсiп-жетiлген және ұзақ тұрып қалған ағаштар, толық кесiлмеген, өткен жылдарда пайдаланылмаған ағашы кесiлетiн жер, шайыры ағып таусылған ағаштар учаскесіндегі;
астарында айтарлықтай жаңарған басты тұқымы бар (жуандығы 0,3-0,4) шiрiген және жiңiшке ағаштар;
өзiнiң өсу қабiлетiн жойған жапырақты ормандар;
бiрiншi қабаттағы жетiлген бөлiгiнiң жуандығы 0,3 және одан жоғары, ал екiншi қабаттағысы - 0,4 кем емес қос қабатты ағаштар;
кескен соң 1-2 жыл iшiнде ағашы кесiлген жерлерде
алдын-ала өңдеу немесе орман дақылдарын отырғызу жағдайы кезiнде
астыңғы жағында нашар өскен, жуандығы 0,3-0,5 ағаштар;
жуандығы 0,5 және одан жоғары таза әрi аралас, түрлi жастағы ағаштар;
қураған ағаштар;
басқа да өсiп-жетiлген ағаштар кесiледi.
15. Кесуi ұйғарылған алаңдарды бөлу, қайта есепке алу, ағаштарды таңбалау Қазақстан Республикасы ормандарында ағашы кесiлген алаңдарды бөлу мен анықтау жөніндегі Нұсқауға сәйкес жүргiзiледi.
16. Iрiктеп, бiртiндеп кесуге алқаптарды бөлу барысында бiрiншi кезекте қураған, кеуiп-сола бастаған, бүлiнген, өсуi жағынан әлсiз, балауса және жас ағаштардың өсуiне кедергi келтiрушi және басқа қажетсiздерi бөлiнедi. Аралас ағаштарда басты кезекте кесуге олардың құрамынан өртке қарсы мақсатта екi ағашқа дейiн қалдырып, жапырақ тұқымдылары басым түрде таңдап алынады. Қарағайды iрiктеп және бiрiншi кезекте бiртiндеп кесу кезiнде, санитарлық жай-күйi бойынша жинап алынатындарынан басқасын, олардың құрамында 4 қарағайға дейiн болса, онда оларды кесу көзделмейдi.
Кесуге iрiктеп алынған ағаштардың жалпы қоры интенсивтi түрде сұрыпталған мөлшерден (сүйеп шығарылғандарын шабу кезiнде дайындалатын ағаштарды және тиеу алаңын әзiрлеудi ескере отырып) артпауға тиiс.
17. Басты мақсатқа пайдалануға кесу үшiн алқапты бөлу кезiнде өсiп-жетiлу мерзiмi толмаған қылқан жапырақты және қатты жапырақты тұқымды ағаштарды кесу көзделмейдi.
Өсiп-жетiлмеген шабылған жерге астасатын ағаштары бар алқапты жаппай және бiртiндеп кесудiң соңғы кезегi үшiн бөлiп беру белгiленген талапқа сәйкес (Ереженiң "Ағашы кесiлген жерлерде орманды қалпына келтiру шаралары" бөлiмi) аталған алқапты ормандандыру жағдайында ғана жүзеге асырылады.
18. Орманды табиғи жолмен қалпына келтiрудi ескере отырып ағашты басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу көзделген ағаштарда мал жаю қарағайлы және қатты жапырақты ағаш өскен жерде кесуге дейiн 5 жыл бойы, жұмсақ жапырақты ағаш өскен жерде - 3 жыл, ал сексеуiлдiктерде бiр жыл бойы тоқтатылады.
Орман дақылдарынан құрылған немесе табиғи өсiп-жетiлуi үшiн қалдырылған орманның табиғи жолмен өсуiне жәрдемдесу жөніндегі шаралар жүргiзiлген барлық ормандық ағаш тұқымының жаппай алқабында, сондай-ақ алқаптың сыртқы жағына астасатын 10 метрлiк белдеулерде ағаштардың биiктеп өсiп, оны мал зақымдай алмайтын күйге жеткенге дейiн мұнда мал жаюға, пiшен шабуға болмайды. Ағашты бiртiндеп және iрiктеп кесу жұмысы жүргiзiлген жерлерде ол бiткенге дейiн мал жаюға тыйым салынады.
Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесудiң тәсiлi
мен техникасы
Орманды дала және далалық аймақтардың
шоқ ағашты ормандарында ағаш кесу
19. Орманды дала және далалық аймақтардың жапырақты байырғы шоқ қайыңды ормандарында, қайыңдар мен көктеректердiң ылғалды түрлерiнен басқа, жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi "ЖК" (1 кесте).
20. Жас шыбықтардың болуына және ағаштардың жуандығына қарамастан, көлемi 5 гектардан астам байырғы қайыңдар мен көктеректердiң шоқ ағашты ормандарында жаппай алқаптық кесу жұмысы жүргiзiледi.
Алқаптың енi - 50 метрден аспауға, ұзындығы - 1 шақырымға дейiн, көлемi 5 гектардан аспауға тиiс. Жанасуы, әдеттегiдей, ықтырма (2-3 ағаш алқабы арқылы), бөлiктiң енi кемiнде 100 метр, қара жолақты (1 ағаш алқабы арқылы). Алқаптың бiр қатарын екiншiсi үстiне орналастырған жағдайда олар алқаптың енiмен астасып кетедi (1-сурет).
Жанасу мерзiмi - 2 жыл. Ағаш кесу оны қазаннан желтоқсан
аралығында жүргiзу кезіндегі мерзiмге енгiзiлмейдi және ағаштарды
қаңтардан сәуiр аралығындағы кезеңде кескенде есепке алынады.
Ағаш кесу алқабы жел қатты соғатын жаққа ұзына бойы көлденең тартылады. Ағаш кесудiң бағыты жел қатты соғатын жаққа қарама-қарсы болуға тиiс.
Алаптың немесе шоқ ағаштың жел өтiне соңғы алқапты кескеннен кейiн 2 жылдан соң кесiлетiн алқап енiнiң шеңберiнде қорғаныш белдеуi қалдырылады.
21. Ағаштардың тығыздығына және жас шыбықтарының болуына қарамастан көлемi бес гектар не одан кем байырғы қайың
1 Кесте
Орманды дала мен далалық аймақтардың шоқ ағашты
ормандарында ағашты басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу
-------------------------------------------------------------------
Кесiлетiн ағаштардың | Кесу | Кесуге | Қоры бойынша
сипаттамасы | тәсiлi | дейiнгi | сұрыптау
| | жалпы |-----------------
| | жуандығы |жуандығы|сұрыптау
| | |кезiнде | %
--------------------------------------------------------------------
Жас шыбықтарының болуына
қарамастан байырғы шоқ
қайыңдар мен көктеректер
5 га астам шоқ ағаштар ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
5 га және одан кем шоқ ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
ағаштар
Өзендер мен су қоймалары ЖК 0,3-1,0 0,3-1,0 100
жағаларындағы тыйым
салынған орман белдеулерi
-------------------------------------------------------------------
Жанасу мерзiмi,|Алқаптың енi,| Алқаптың | Ескерту
жыл | метр | барынша |
| |үлкен көлемi|
| | га |
-------------------------------------------------------------------
Жуандығы 0,3-0,4 қайың
ағаштар кесiлген жерлерде
осы орман дақылдары
отырғызылады
2 50 5
** * 2,5 * Шоқ ағаштар екi кезекпен
кесiледi:
бiрiншiсi - оның жартысының
жел жақ бөлiгi
** екiншi кезек шыбықтарының
биiктiгi 1,5 метр кезiнде, ал
орман дақылдарын отырғызу
кезiнде 3 жылдан кейiн
жүргiзiледi
мен көктеректi шоқ орманда олардың қорғаныштық әсерiн сақтау
мақсатымен жаппай алқаптық кесу екi мәрте жүргiзiледi. Бiрiншi
кезекте - оның жартысының жел жақтағы бөлiгi кесiледi. Шоқ
ағаштың екiншi жартысы қажеттi кесуге жарамдылық деңгейiне
жеткенде және шыбықтарының биiктiгi 1,5 метрден (2-сурет)
асқанда iрiктеп алынады.
Шоқ ағаштың кесiп алынған бөлiгi қанағаттанғысыз өскенде онда орман дақылдары егiледi, ағаштардың екiншi жартысын оларды отырғызғаннан кейiн 3 жылдан соң кесу көзделедi.
22. Өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа да су объектiлерiнiң жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде алқаптардың енi 25 метрден аспайтын мөлшерде оның ұзына бойымен өзен арнасына немесе көлдiң шетiне кесе-көлденең белгiленедi (3 және 4 сурет). Алқаптардың барынша көлемi - 1,5 га. Ағаш кесудiң бағыты - өзен ағысына немесе қатты соғатын желге қарама-қарсы болады. Кесу Ереженiң 20-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
23. Көшеттердi отырғызу үшiн кесудi жүргiзудiң қолайлы мерзiмдерi: қазан айының екiншi жартысынан сәуiр айының ортасына дейiн. Түбiрдi жаруға, қабықты сыдыруға жол берiлмейдi. Ағашы кесiлген жерлерде орман дақылдары егiлсе, онда кесу мерзiмiне шек қойылмайды.
Қазақтың шағын адырлы ормандарында ағаш кесу
Қарағайлы ормандарда ағаш кесу
24. Қазақтың шағын адырлы пайдалануға жарамды қарағайлы ормандарында ағашты ерiктi-iрiктеп, бiртiндеп және жалпы алқаптық кесу жүргiзiлуi мүмкiн (2-кесте). Құрғақ қарағайлы ормандарда белдеулi - бiртiндеп кесу жүргiзiлуге тиiс.
25. Ағашты ерiктi-iрiктеп кесу тiк қияның 21-30 градус барлық экспозициясы баурайында өсiп-жетiлген жуандығы 0,6-1,0 қарапайым, күрделi, таза, жасы бiрыңғай және түрлiше жасы аралас қарағай ағаштарында, сондай-ақ тiк қияның қандай болуына қарамастан ормандардың құрғақ түрiнде жүргiзiледi.
Жуандығы 0,8-1,0 ағаштарда, егер iрiктеудiң аз интенсивi белгiленбесе, қордың 15-25 процентi, ал жуандығы 0,6-0,7 ағаштарда 15-20 процентi iрiктеп алынады. Барлық жағдайда ағаштардың жуандығы 0,5-тен төмендетiлмейдi. Ағаш кесетiн алқаптың көлемi 25 га дейiн.
Ағаш кесудiң келесi кезегi ағаштардың жуандығы 0,6 және одан жоғары жетуiне қарай немесе бiрiншi қабатының жуандығы 0,3 және одан жоғары, жас ағаштар үшiн екiншiсiнiң жуандығы кемiнде 0,4 орта жастағылар үшiн 0,3 күрделi ағаш қалыптастыруға қарай жүргiзiледi. 2 Кесте Қазақтың шағын адырлы қарағайлы ормандарында ағашты басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу --------------------------------------------------------------- Кесiлген ағаштардың |Беткейлердiң| Кесу | Кесуге дейiнгi сипаттамасы |экспозициясы| тәсiлi | жалпы жуандығы |мен қиялығы,| мен | | градус |кезектi-| | | лiгi | ---------------------------------------------------------------- Жас шыбықтардың болуына С - О EIK 0,6 - 1,0 қарамастан, қарапайым таза 21-30 және бiркелкi жастағылары
Қарағайлардың жас С - О EIK 0,6 - 1,0
шыбықтарының болуына
қарамастан, таза, аралас 21-30
қарапайым және күрделi
әртүрлi жастағылары
(күрделi ағаштар үшiн
4 және 5 кестелерде
қабаттардың жалпы жуандығы
көрсетiлген)
Қарапайым таза және аралас С - О БК 0,6 - 1,0
бiркелкi,әртүрлi жастағылары: 0-20
қарағайдың жас шыбықтарының БК-1 0,8 - 1,0
болуына қарамастан
қарағайларының қанағаттанар. БК-2 0,6 - 1,0
лықтай қайта өсуi
қарағайларының қайта
жақсы өсуi БК-3 0,6 - 1,0
Қарағайдың екiншi қабатымен С - О БК-1 0,5
қоса күрделi таза және аралас 0-20 одан жоғары
түрi (4 және 5 кестелерде
бiрiншi қабат жуандығы
көрсетiлген) БК-2 0,3 - 0,4
Жас шыбықтарының болуына С - О
қарамастан қарапайым таза 0-20 ЖК 0,3 - 0,5
және аралас бiркелкi,
әртүрлi жастағылары
Қарағайдың жақсы өскен С
бiркелкi жастағы таза және 0-15 ББК 0,5 - 0,7
аралас түрлерi Ю
0-10
оның iшiнде: енi 15-20 м жаппай кесу 0,5 - 0,7 белдеуi енi 30-40 м бiртiндеп кесу 0,5 - 0,7 белдеуi
-----------------------------------------------------------------
Қор бойынша iрiктеу | Кезектiң | Алқаптың| Ескерту
------------------------|қайталанылуы,| жалпы |
жуандығы | iрiктеу | алқаптың | аумағы, |
кезiнде | % |жанасу мерзiмi га |
| | жыл | |
-------------------------------------------------------------------
0,8 - 1,0 20 15 - 25
0,6 - 0,7 15 жас, ылғал
20 -
құрғақ
0,8 - 1,0 25 10 - 25 Күрделi ағаштардағы
жас, ылғал iрiктеу процентi қос
0,7 20 15 - қабаттың жалпы
0,6 15 құрғақ қорынан көзделедi
10
0,8 - 1,0 20-30 10-12
0,6 - 0,7 20-40 8-10 Дұрыс өспеген жағдайда
ықпал ету шаралары
жүргiзiледi