Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 26 мамырдағы № 434 қаулысы
(2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттік ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 11.09.00 ж. № 1378 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігіне аталған бағдарламалар бекітілгенге дейiн оларды жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 26 мамырдағы
№ 434 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 24.10.96 ж. № 1294; Үкіметінің 09.12.96 ж. № 1502; ҚР Үкіметінің 09.01.98 ж. № 2; 08.01.99 ж. № 15; 01.08.00 ж. № 1167; 11.09.00 ж. № 1378; 29.12.00 ж. № 1956; 16.03.01 ж. № 353; 26.06.01 ж. № 871; 24.07.01 ж. № 996; 13.03.03 ж. № 243; 18.03.03 ж. № 263; 21.03.03 ж. № 288 06.02.04 ж. № 135; 06.07.04 ж. № 147; 17.02.04 ж. № 187; 25.06.04 ж. № 703; 2006.13.04. № 274 ; 2007.24.05. № 417 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
бағдарламалардың
Тiзбесi
1. Кен-металлургия кешенiнiң ресурс үнемдеушi аса тиiмдi технологиялары негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану.
2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
3. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру.
4. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту.
5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту.
6. Ғаламдық экологиялық және табиғи-ресурс мониторингiн жасау.
7. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттік жүйесiн дамыту.
8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинаудың дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру.
9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу.
10. Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету.
10-1. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету.
11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары.
12. ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
13. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлар мен микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту мен пайдалану.
14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту.
15. ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
16. ҚР Үкіметінің 2005.05.04. № 307 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
17. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
18. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу.
19. Әр түрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу.
20. 2007-2009 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кластерді дамытуға арналған бірегей, экспортқа бағдарланған фитопрепараттарды әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру.