“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы
№ 434 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
6 ақпандағы № 147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 307 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесінде:
16-тармақ алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінің ұлттық жүйесі" 2004 - 2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 147 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 86-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |