"Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлігі жоғары машиналар мен
жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005
жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 16 наурыздағы № 353 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462; 08.04.04 ж. № 387 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
"Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1347 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай шешiмдерiне өзгерістер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 450-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасының 7-бөлiмiнiң 6-кiшi бөлiмi 1-тармағының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы әзiрленсiн;
"Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесінде 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2001 жылғы 16 наурыздағы
№ 353 қаулысымен
бекiтілген
2001-2005 жылдарға арналған "МАШИНА ЖАСАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ЖӘНЕ ТИIМДIЛIГI ЖОҒАРЫ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ
ЖАСАП ШЫҒАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ"
республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен бағдарламаның төлқұжаты толықтырылды (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 08.04.04 ж. № 387 қаулысымен төлқұжаты - өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаның атауы "Машина жасауды дамытудың және
тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен
жабдықтарды жасап шығарудың
ғылыми-техникалық проблемалары"
республикалық мақсатты
ғылыми-техникалық бағдарлама.
Бағдарламаның қысқаша Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi: мазмұны iшкi өндiрiстi кеңейту және бәсекеге
қабiлеттi машина жасау өнiмдерiн
шығарудың ғылыми-техникалық және
технологиялық алғышарттарын жасау;
машина жасау саласы үшiн ғылым
жетiстiктерi қолданылған, ресурстар мен
энергияны үнемдейтiн технологиялар
жасау және машина жасауда
ғылыми-ақпараттық орта құру;
ел экономикасының басымды
салалары үшiн қажеттi жоғары
тиiмдiлiктi машиналар мен жабдықтар
жасау;
машина жасау өнiмiн импорт
алмастыруды қамтамасыз ету және оның
экспорты мүмкiндіктерiн арттыру үшін
Қазақстанда жоғары технологиялы
өндiрiстердi дамытуды ғылыми қолдау;
ғылыми-технологиялық мониторинг
және машина жасауды стандарттау,
метрология, сертификаттау және
лицензиялау саласындағы мемлекеттік
саясаттың басымдықтары бойынша
ұсыныстар дайындау;
ғылым жетiстiктерi қолданылған
өндiрiстер ашу және инженерлiк-техникалық
қызметкерлердiң (бұдан әрi - ИТҚ)
арасындағы функционалдық жұмыссыздықты
азайту үшiн жағдай жасау;
республиканың машина жасау саласының
басым бағыттарының болжамдары және оларды
машина жасау өнiмiнiң қажеттi
номенклатурасын жасау мүмкiндiгiн
анықтаудың негiзiнде дамыту және оны
шығарудың экономикалық мақсаттылығын
белгiлеу;
өнеркәсiптiң басым салалары үшiн
машина жасау өнiмiн жасап шығару және
оларды өткізу жөніндегі технологиялық
тiзбектер кешенiн құрудың
ғылыми-әдiстемелiк негiзiн жасау;
iшкi және сыртқы рыноктарда жоғары
сапалы, ғылым жетiстiктерi қолданылған
бәсекелесе алатын өнiмнiң өмiрлiк циклын
компьютерлiк үлгiлеудiң бағдарламалық
және техникалық құралдарының кешенiн
әзiрлеу және машина жасау саласында
қолданып көру;
машина жасау саласын ғылыми-техникалық
қолдау;
машина жасау саласында ғылыми-ақпараттық
ортаны қалыптастыру;
машина жасау саласының жаңартпашылық
инфрақұрылымын қалыптастыруға ұсыныстар
дайындау;
машина жасау саласында стандарттаудың,
сертификаттаудың және метрологияның
ғылыми-технологиялық және нормативтiк
базасының мониторингi.
Қаржыландыру көлемi мен көздерi.
Бағдарламаны iске асыруға арналған
қаржылық шығындар республикалық
бюджет есебiнен көзделедi, жыл сайынғы
көлем тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттi қалыптастыру
кезiнде нақтыланады және 2001-2005
жылдарға 623 319 мың теңгенi құрайды,
оның iшiнде жылдар бойынша: 2001
жылға - 110 000 мың теңге, 2002 жылға -
119 287 мың теңге, 2003 жылға 127
040 мың теңге, 2004 жылға - 130 240 мың теңге;
2005 жылға - 136 752 мың теңге.
Іске асыру мерзімдері 2001-2005 жылдар
2. Кiрiспе
2001-2005 жылдарға арналған "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрi - РМҒТБ), Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және "Машина жасауды болжау жөніндегi ғылыми-зерттеу орталығын" құру туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 және "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 1347 қаулыларын іске асыру мақсатында әзiрлендi және машина жасауды дағдарыстық жағдайдан шығаруды ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын, оның нарықтық экономикада жұмыс iстеу және даму шарттарын анықтайды.
Бағдарлама 1998-2000 жылдар кезеңiнде iске асырылған "Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жоспарланған жалғасы болып табылады және ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық зерттемелердiң нәтижелерiн шығарылатын машина жасау өнiмiнiң номенклатурасын кеңейту мен жаңарту сапасын арттыру және оларды жасаудың технологиясын жетiлдiрiп өндiрiске енгізу және iшкi және сыртқы рыноктарда тиiмдi сату үшiн одан әрi пайдалануға бағытталған және машина жасау салаларының өндiрiстерiн тұрақтандыру мен тиiмдiлiгiн арттырудың жолдары мен тәсiлдерi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi. "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" РМҒТБ жобасы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Ғылыми-техникалық кеңесiнде (2000 жылғы 17 наурыздағы № 1 хаттама) және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының отырысында (2000 жылғы 27 маусымдағы № 11-60/И-374 хаттама) қаралды және мақұлданды.
3. Республикадағы машина жасаудың қазiргi жағдайын талдау
1998-2000 жылдарға арналған "Машина жасаудың және тиiмділігi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның шеңберінде "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы мен "Машина жасауды болжау ғылыми-зерттеу орталығы" жүргiзген маркетингтiк зерттеулер, оларды енгізу машина жасау өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға, импортты азайтуға және экспортты арттыруға мүмкiндiк беретінін шетелдiк аналогтардан кем түспейтiн ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелер санының көп екендiгiн көрсеттi. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан көрсетiлген қолдаудың көмегiмен машина жасау саласындағы өндiрiстi өркендету мәселесiн ойдағыдай шешу және өнеркәсiптiң әртүрлi салалары үшiн бәсекелесуге қабілеттi машина жасау өнiмiнiң қажеттi номенклатурасын шығару үшiн республикамыздың ғылыми, инженерлiк-техникалық және өндiрiстiк қарымдары жеткіліктi.
Машина жасау кәсiпорындарының қазiргi жағдайдағы мүмкiндiктерiн талдау машина жасау зауыттарының арасындағы кооперациялық байланыстарды қалыптастырудың көмегiмен басымды салаларды бiрiншi кезектегi қажеттi машиналармен және құрал-саймандармен жабдықтау, машина жасау кәсiпорындарын технологиялық әбзелдермен, кескiш құралдармен, импорт алмастыратын игерiлген машиналардың қосалқы бөлшектерiмен қамтамасыз ету орташа алғанда 3-5 жылдың ішінде жүзеге асырылуы мүмкiн екендiгi көрсетілдi.
Бұл ретте, қазiргi кезде республикамыздың машина жасау саласы әртүрлi себептермен дағдарысты жағдайда тұр:
сала кәсiпорындарының шығаратын өнімдерiнiң сапа және баға жағынан бәсекелесе алмауы. Соңғы он жыл ішінде нақты инвестициялардың және жаңалықтардың осындай өнiм шығаратын әлемнiң жетекші өндiрушiлерiмен ара-қатынастың және қазiргi заманның конструкторлық құжаттарына қол жеткізудің болмауы сала кәсiпорындарын технологиялық қалыс қалуға және шығаратын өнiмдердiң шетелдiк аналогтармен салыстырғанда бәсекелесе алмайтындығына әкеп соқтырды;
машина жасау өнiмдерiнiң төлеуге қабiлетті отандық рыногының күрт тарылуы;
өнiмдердiң экспорттық қарымының төмендігі;
шетелдiк өндiрушiлер жағынан туындаған қатты, көбiнесе демпингтiк бәсекелестiк;
менеджмент және маркетингтiң төмен деңгейi, кәсiпорынға салынатын салықтық жүктеме;
өндiрiс қарымының отандық рыноктың көлемiнен едәуiр артықтығы;
зауытаралық бiрлесудiң жоқтығы және нарық сұранысының конъюнктурасы өзгерген кезде машина жасау кәсiпорындарының икемсiздiгi;
машина жасау өндірісінің инфрақұрылымынан (салалық жобалау, конструкторлық-технологиялық және ғылыми-зерттеу институттары, стандарттау, сертификаттау, бақылау нормалары, ақпарат беру объекттерi, тәжiрибелiк-экспериментальдық және сынақтан өткізу базалары, кадрларды даярлау және білiктілігiн арттыру орталықтары) деректi түрде айырылу;
кәсiпорындарда және бүтiндей республика бойынша саланы инвестициялаудың, ынталандырудың болмауының, сондай-ақ ғалымдардың, мамандар мен жоғары біліктi жұмысшылардың айтарлықтай бөлiгiнiң жұмыстан кетуінің салдарынан техникалық және технологиялық жаңғырту iс жүзінде тоқталды.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның машина жасауының қазiргi жағдайына баға берудiң нәтижелерi төмендегiдей:
қазiргi кезде, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк негiзгi қордың (бұдан әрi - ӨӨНҚ) 5%-ға жуығы, өндiрiске арналған негiзгi капиталға инвестициялар көлемiнiң небәрi 0,6%-ы, жыл сайын енгiзiлетiн ӨӨНҚ-ның құнының 0,86%-ға жуығы, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк салада қызмет iстеушiлердiң жалпы санының 11%-ға жуығы, шығарылатын өндiрiс өнiмдерінің жалпы көлемінің кемiнде 4%-ы машина жасау кешенiнiң үлесiне тиедi;
негiзгi қорлардың тозу дәрежесi 45-55%-ға, оның iшiнде активтi бөлігі - 80-90%-ға жеттi. Кәсiпорындардың көпшiлiгiнде негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi 1-3%-ды құрайды, ал олардың істен шығу коэффициентi 9,6%-ға дейiн жеттi. Осының салдарынан ӨӨНҚ-ның құны соңғы бiрнеше жыл бойы жылына 7-8%-ға кемуде. Өнiм шығарудың көптеген түрлерi бойынша кәсiпорындардың басым көпшiлiгінің өндiрiстiк қуатының қолданылуы 10-15%-дан аспайды;
соңғы 8-9 жылда республикадағы машина жасау кәсiпорындарының саны 2 еседен астамға кемiдi. Машина жасау өнiмдерiнiң ақырғы түрлерiн шығаратын зауыттар машина жасау кәсiпорындарының жалпы санының 5,4%-ын ғана құрайды;
республикадағы машина жасау өнiмінің үлесi экспорттың жалпы көлемiнiң 3%-ына жуық, ал импорттың - 41%-дан астамы;
қазақстандық өндiрiс бұйымдарының машина жасау өнiмінің республикаiшiлiк рыногындағы үлесi 15%-ға жуығын құрайды, қалған 85%-ы импорттың есебiнен жабылады.
Қазақстандық өндiрiстiң машина жасау өнiмiнiң оған ұқсас шетелдiк бұйымдармен салыстырғанда бәсекеге түсе алмауының негiзгi себептерi - оның құнының жоғарылығы және сапасының нашарлығы. Республикамыздың кәсiпорындарының басым көпшiлігiнде өндiрiстiң ескiрген технологияларының қолданылуынан, импортталатын құрамдас бөлiктердiң шектен тыс жоғары үлесiн, бағалы энергия көздерiн пайдаланудан туындап отыр. Бұдан басқа, отандық зауыттар шығаратын бұйымдар номенклатурасының басым көпшiлiгi шетелдiк аналогтардан техникалық және пайдалану көрсеткiштерi бойынша бiраз төмен.
Сонымен, Қазақстанның машина жасау саласы өзiндiк жеке даму көздерiн, техникалық деңгейдi арттыруды және шығаратын өнiмiнің бәсекелестiк қабiлетiн іс жүзiнде өтеусiз жұмсауда толыққанды өндiрiстiк инфрақұрылымы мен қазiргi заманғы ғылыми-техникалық базасы жоқ. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының машина жасау кешенінің қазіргі уақыттағы шығаратын машиналары мен жабдықтарының номенклатурасы Қазақстан өнеркәсiбi салаларының қажеттіліктерiн толық қанағаттандыруға бейiмделмеген.
Мал шаруашылығы, мал азығы өндiрiсi мен дән өсiрудегi айтарлықтай еңбек сiңiрудi керек ететiн жұмыстар қазiргi кезеңнiң техникалық құралдарымен жабдықталуы тиiс болғандықтан, Қазақстанда ауыл шаруашылығы үшiн машина жасауды дамыту басымды түрде жүргiзiлуi керек.
Тау-кен және металлургия, мұнай-газ өндiру өндiрiстерiнiң, өңдеу өнеркәсiбiнiң дамуы, темір жолмен және автомобильмен тасымалдаудың республика экономикасындағы рөлiнiң артуы, өнеркәсiптiң негiзгi салаларын қазiргi тиiмдiлiгi жоғары машиналармен, жабдықтармен, тетiктермен қамтамасыз етуді және сервистiк қызмет көрсетудi талап етедi.
Республиканың машина жасауын дамытудың басым бағыттарына мыналар жатады:
ауыл шаруашылығы және тракторлық машина жасау;
тау-кен өндiрiсi мен өңдеу өнеркәсiбi үшiн машина жасау;
мұнай-газ өндiру және мұнай өңдеу өнеркәсiптерi үшiн машина жасау;
құрылыс және жол құрылысы салалары үшiн машина жасау;
жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiне арналған машиналар мен жабдықтар жасап шығару;
өндiрiстi түпкiлiктi өзгертуге, техникалық және технологиялық жағынан жаңартуға және экологизациялауға, энергия мен ресурстарды үнемдеуге, табиғи қалдықтар мен қайталама шикiзаттарды өндiрiс сапасына тартуға бағытталған ғылыми-техникалық саясатты жасау және жүзеге асыру;
қазiргi кезеңнiң ақпараттық технологияларын қолдана отырып, машина жасау өнiмiнiң өмiрлiк циклына барлық қатысушылардың арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылдарды ұйымдастыру;