Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N
434 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiнде:
10-1 және 13-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 21 наурыздағы № 288
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңiне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 60-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 желтоқсандағы № 1886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 536-құжат).
3. "Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының жаппай көбеюi мен таралуының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі республикалық бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 мамырдағы № 772 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 269-құжат).
4. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" республикалық мақсатты бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1167 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 398-құжат).
5. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіруді, қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 466-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 қарашадағы № 1546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 41-42, 530-құжат).