ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.05. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Банктің реттелген борышы - бұл банктің осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін банктің қамтамасыз етілген міндеттемесі.
12. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 126 Қаулысымен 12-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер меншікті капитал есебіне банктің меншікті сатып алынған акцияларын шегергенде төленген жарғылық капиталының сомасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын көлемдегі қайта құрылымдау шегінде шығарылған (сатып алынған) қаржы құралдарының есептелген амортизациясын ескергендегі әділ құндарының арасындағы теріс айырманы кіргізбеуіне болады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.05. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда
13. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен сипатталады:
1) негізгі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k1):
негізгі капиталдың мынадай сомаға қатынасы:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел;
2) бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті k1-2):
бірінші деңгейдегі капиталдың мынадай сомаға қатынасы:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел;
3) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k2):
меншікті капиталдың мынадай сомаға қатынасы:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел.
k1, k1-2 и k2 коэффициенттерінің есебіне қабылданатын тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегере отырып, енгізіледі.
Капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні осы Нұсқаулықтың 1-2-қосымшасында белгіленген.
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:
консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мыналарды:
барлық банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1 пайыз;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2 пайыз;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3 пайыз;
жүйе құраушы банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайыз;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3 пайыз;
Осы абзацтар 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
уәкілетті орган қарсы циклдік буферді есептеу басталған күнге дейін кем дегенде 12 ай бұрын енгізу мөлшері мен мерзімдерін белгілейтін қарсы циклдік буфер. Қарсы циклдік буфер мөлшерінің ауқымы тәуекелдерді ескере отырып, мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызға дейін;
жүйелік буфер, мұны есептеуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес танылған жүйе құраушы банктерге қолданылады. Жүйелік буферге қойылатын талап 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдерді ескере отырып, мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды.
Егер k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің нақты мәні осы Нұсқаулықтың 1-2-қосымшасында белгіленгеннен төмен болмаса, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттерінің кез келген біреуі меншікті капитал буферлерін ескере отырып талап етілетін нормативтердің белгіленген мәнінен кем болса, онда дивидендтерге төлемді тоқтату және «Акционерлік қоғамдар туралы» 2013 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, акциялардың кері сатып алу бөлігінде банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға осы Нұсқаулықтың 1-3-қосымшасына сәйкес шектеу қойылады.
Меншікті капитал буферлерін ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне тізбесі осы Нұсқаулықтың 4-тармағында белгіленген негізгі капитал компоненттерінің есебінен жетеді.
Осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталдың буферлер мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.
Уәкілетті орган меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капиталы буферлерінің мәндерін үш жылда бір реттен жиі емес қайта қарайды.
14. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-1. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.05. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда
16. Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жүргізіледі.
Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттарында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептелік стандарттарына сәйкес олар бойынша құрылған резервтер сомасына азайтылады.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдер көтеретін тәуекелдің осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агенттің санатына сәйкес келетін дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар аталған қаржы құралдарының нарықтық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі нарықтық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-тармағына сәйкес жасалады;
Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін есептеу кезінде (kl-1, kl-2 және k2) салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің мөлшерінен және активтер мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
Осы Меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің (kl-1, kl-2 және k2) ең төменгі мәнін сақтау бойынша нұсқаулықтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), ірі акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылатын банктерге таратылмайды, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайын және тәуекелдерді ұлғайту бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің (kl-1, kl-2 және k2) мәні мен меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса банк жүйесін құрайтын критерийлерге сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.22.10. № 211 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. Шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне орындалуы банктің үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауына байланысты және банктің қосымша кредиттік тәуекелдері туындамайтын банктің шартты және ықтимал міндеттемелері кірмейді.
17-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17. Рыноктық тәуекелдi (валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) ескергендегi активтердiң, шарттың және мүмкiн талап етулердiң және мiндеттемелердiң есебiне банктердiң рыноктық немесе әдiл құн бойынша (бұдан әрi - рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары) ескерген активтерi, шартты және мүмкiн талап етулері және мiндеттемелерi және мына талаптардың кез-келгенiне сәйкес келген жағдайда енгiзiледi:
1) аталған кезеңдегi сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кiрiс алу үшiн сатып алынған жылдан кейiнгi 3 жыл iшiнде сату мақсатында сатып алынған;
2) рыноктық тәуекелi бар басқа қаржы құралы бойынша рыноктық тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында сатып алынған.
18-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 13,3-ке тең келтіру коэффициентінің туындысы ретінде мына сомада есептеледі:
сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металдардың бағамдарының өзгеруіне байланысты нарыктық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 12,5 тең.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 12,5 тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 11,1 тең.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 10 тең.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 8,3 тең.
19-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
19. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен есептесу айрықша проценттiк тәуекел мен жалпы проценттік тәуекел сомасын білдіреді.
20-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
20. Айырықша проценттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес айрықша проценттiк тәуекел коэффициентi бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын ұсынады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес келетiн қаржы құралдары болып табылады:
бір эмитент шығарған;
тең кiрiстiлiк мөлшерi бар;
рыноктық құн сол бір ғана валютамен көрсетiлген;
өтелгенге дейiн теңдей мерзiмi бар.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) мыналардың арасындағы айырманы көрсетедi:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасымен, оның iшiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарын сатуға арналған талап етулердi бiлдiредi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сатуға арналған мiндеттемелердi бiлдiредi.
Опциондар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң жай-күйi бойынша қалыптасқан опциондардың рыноктық құны мөлшеріндегі ашық позицияның (ұзын немесе қысқа) есебiне енгiзiледi.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) аталған қаржы құралдарының рыноктық құны белгiленген валюталар бөлiгi шеңберiнде есептеледi.
21-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
21. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар айрықша проценттiк тәуекелдiң коэффициентi бойынша мынадай тәртiппен сараланады:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 149 Қаулысымен (бұр .ред. қара ); 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 0 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА» рейтингiнен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейiнен төмен емес шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) 0,25 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары 6 айдан кем емес өтеу мерзiмiмен шығарған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Sta№dard & Poor's агенттігінің «А+»-дан «ВВВ-»-ге дейін немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Yкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тiзiмiне енгiзiлген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар;
3) 1 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар, өтеу мерзiмi 6 айдан 24 айға дейiнгi қаржы құралдары;
4) 1,6 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар өтеу мерзiмi 24 айдан асатын қаржы құралдары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 8 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары.
Туынды қаржы құралдары айрықша проценттiк тәуекел есебiне енгiзiлмейдi.
22-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
22. Жалпы проценттiк тәуекел мынадай соманы көрсетедi:
әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 процентi;
1-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
3-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
1 және 2-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
1 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 100 процентi.
23-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
23. Сараланған позициялар мынадай тәртiппен есептеледi:
1) сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерiн айқындау.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң (бұдан әрi - сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдары) өзгеруiне байланысты ашық позицияның мөлшерiн айқындау кезiнде қаржы құралдары (фьючерстiк келісім-шарттар, форвардтық келісім-шарттар, проценттiк мөлшерлемедегi форвардтық келісім-шарт) тиiстi базистiк активтердiң рыноктық құнында көрсетiлетiн ұзын және қысқа позиция комбинациясы ретiнде қарастырылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзiмi туынды қаржы құралдарын орындау немесе жеткiзу мерзіміне дейінгі және олардың базистік активінің айналыс мерзімінің сомасы ретiнде есептеледi (туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу талабы жағдайында - ұзын позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады, ал туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу мiндеттемесi жағдайында - қысқа позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады).
Своп ашық позициясының мөлшерiн анықтау кезiнде келісім-шарттар базистiк активтерде белгiленген өтеу мерзiмiмен тиiстi базистiк активтерде көрсетiлген ұзын және қысқа позициялардың комбинациясы ретiнде қаралады.
Ашық позиция есебi кезiнде мынадай талаптарға сәйкес келетiн борыштық бағалы қағаздарды сатуға арналған мiндеттеменi немесе сатуға талап етудi ұсынатын сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге байланысты мерзiмдi туынды қаржы құралдарымен арадағы өзара қарсы позиция сынағы болуы мүмкін:
бір эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар;
борыштық бағалы қағаздардың белгiлi бір шетел валютасында немесе теңгеде тең рыноктық құнының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың өтелгенге дейiнгi тең мерзiмi болуы.
2) уақыт интервалы бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:
белгiленген сыйақы мөлшерлемесiмен, өзгертiлген сыйақы мөлшерлемесiмен байланысы бар қаржы құралдары кезектi төлем жасау күнiне дейiн қалған мерзiмге байланысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты, өзгермелi сыйақы мөлшерлемесiне байланысты қаржы құралдары сыйақы мөлшерлемесiн қайта қарау күнiне дейiн қалған мерзiмге қатысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
орындалу мерзiмi екi уақытша интервалдардың шекарасында тұрған қаржы құралдары мейлiнше жоғары уақытша интервалға бөлiнедi;
айырбасталмайтын артықшылықты акциялар уақытша интервалдарға дивидендтерге төлем жасау мерзiмiне қатысты бөлiнедi, ал дивидендтерге төлем жасау туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша интервал есеп беру жасалған күннен бастап заңды тұлға белгiлеген дивидендтердiң жылдық төлем жасау күнiне дейiн анықталатын болады;
3) әр уақытша интервалдың iшiнде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;
4) әр уақытша интервал бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақытша интервалға сәйкес келетiн коэффициент бойынша сараланады;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әр уақытша интервал бойынша анықталады.
Әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге алынады.
Толық өзара есептесуге алынуы тиiс әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларының сомасы уақытша интервалдың жабық сараланған позициясын бiлдiредi. Өзара есептесуге алынуы тиiс емес немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгi уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.
Уақытша интервалдар мына аймақтар бойынша топталады:
1-аймақта жылдан кем төрт уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейiн, 3 айдан 6 айға дейiн, 6 айдан 12 айға дейiн;
2-аймақта бір жыл мен 4 жылдан аса уақытты қосатын үш уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 жылдан 2 жылға дейiн, 2 жылдан 3 жылға дейiн, 3 жылдан 4 жылға дейiн;
3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақытша интервал болады, оның iшiнде 4 жылдан 5 жылға дейiн, 5 жылдан 7 жылға дейiн, 7 жылдан 10 жылға дейiн, 10 жылдан 15 жылға дейiн, 15 жылдан 20 жылға дейін, 20 жылдан астам жылға дейiн;
Әрбір аймақтың уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгiнiң сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын бiлдiредi.
Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлi уақытша интервалдардың сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлiгi әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып, жинақталады;