3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де жолмен қатысуға;
4) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алуға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға;
4-2) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);
6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;
7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;
9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
10) мыналар:
тарифтік сметада қамтылатын;
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-2-тармақ алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шектеулер әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;
1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-IV (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;
2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
7-баптың бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасының қолданылуы 2015 ж. 1 сәуірге дейін тоқтатылды
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-3) осы бөліктің 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;
3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бірыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;
4) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіште беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдармен жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс;
7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
7-2) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-2) өңірлік электр желісі компаниясын, сондай-ақ осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген, жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ тұтынушылар алдында есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-4) тармақша алып тасталады (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-4) тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беруге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды
7-6) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар етуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7-7) тармақшамен толықтырылды
7-7) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыруға;
8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;
9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;
10) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге;
12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша алып тасталады (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
14-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен техникалық сараптама қорытындысын ұсынуға;
14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;
17) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келісуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;
19) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеуге;
21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;
22) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс етуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы ақпарат орналастыруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) сауалдар бойынша, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беруді қамтамасыз етуге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға міндетті.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен екінші бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 17), 18) және 24) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Үшінші бөлікке өзгерістерді қараңыз - 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қолданылмайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2011.20.07. № 462-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-2-бап өзгертілді
7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі
1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарық субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады.
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағасына сараптама жүргізілген кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жария тыңдаулар өткізуге міндетті.
Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің босату бағасының жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісіне уәжді қорытынды жіберілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.