2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және осы құрамын, кредиторлар комитетінің төрағасын бекіту;»;
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен өзіне жүктелген жағдайларда, оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін айқындау;»;
14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) оңалтуды басқарушы оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген жағдайда оған қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
15) борышкер - дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;»;
16) тармақшадағы «(борышкердің)» деген сөз алып тасталсын;
59) 76-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаны шеттету мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-2) осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша оңалту рәсімін тоқтату мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-3) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау қажеттігі туралы шешім қабылдайды;»;
60) 77-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Борышкердің міндеттемелері бойынша есеп айырысу»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап орындалу мерзімі оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде басталған мынадай:
1) моральдық зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі, сондай-ақ жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу жөніндегі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жөніндегі, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу жөніндегі;
3) мәмілелерден, оның ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлға жасасқан мәмілелерден туындаған;
4) соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін борышкер салықтық есептілікке сәйкес есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер борышкердің орындауына жатады.
2. Кредиторлардың оңалту рәсімі қолданылғанға дейін туындаған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарын қанағаттандыру, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигіне сәйкес жүргізіледі.
Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигі осы Заңның 100-бабының 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында және 101-бабының 1-тармағында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып жасалады.
Өткен салықтық кезеңдер және соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезең үшін салық төлеуші салық есептілігінде есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне және оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осындай кредитордың талаптарын қанағаттандыру графигі бұзылған;»;
«4) өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкердің қызметін жалғастыру немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.»;
61) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сәйкес санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс.
Дара кәсіпкер - борышкерді оңалту жоспарында санация қамтылмайды.»;
62) 79-баптағы «борышкер мүлкiн» деген сөздер «борышкерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
63) 80-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы, егер еңсерілмейтін күштiң әсері немесе кредиторлардың не борышкердің, борышкер мүлкi меншік иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның) әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, борышкер таратылғаннан кейiн оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.»;
2-тармақтағы «Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар» деген сөздер «Кредиторлардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
64) 82 және 83-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«82-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген;
2) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімімен борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтуды басқарушының өтінішіне қорытынды есеп қоса беріледі.
2. Оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы оңалту жоспарын келіспеген не осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде борышкер оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
3. Борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы):
1) оңалту жоспарын іске асыру нәтижесінде өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
2) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
3) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайда, оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаға жүктелген жағдайда, осы тармақтың ережелері борышкер - дара кәсіпкерге қолданылады.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкерді оңалту жоспарын іске асыру өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
2) оңалтуды басқарушының әрекеттері (әрекетсіздігі) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
3) кредиторлар жиналысын өткізу туралы тиісінше хабардар етілмеген кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда оңалту рәсімі тоқтатылады.
83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту
1. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту соттың оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Оңалту рәсімі барысында борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатқызылатыны және оны банкрот деп тану үшін негіздер бар екендігі туралы қорытынды жасалған жағдайда, оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып, оңалтуды басқарушы жасайды.
3. Оңалту рәсімі барысында оңалтуды басқарушы борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны:
1) кредиторлар комитеті осы Заңның 71-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көзделген ақпаратты қарау нәтижелері бойынша осындай қорытындыны жасау қажеттігі туралы шешім қабылдаған;
2) борышкер кредитор алдындағы талаптарды қанағаттандыру графигін үш айдан аса орындамаған кезде осындай кредитордың өтінішхатын алған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасайды.
4. Оңалтуды басқарушының сотқа жүгінуі туралы шешім қабылданған кезде кредиторлар жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын бір мезгілде сайлауға міндетті.
5. Сот оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен бірге азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім шығарады.»;
65) 84-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айды құрайды және оны кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін осындай рәсімді жүргізудің жалпы мерзімі бес жылдан аспауға тиіс екені ескеріліп, қайта ұзартуға жол беріледі.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі қайта ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы және басқа да әкімшілік шығыстар осындай ұзартуға дауыс берген кредиторлардың қаражаты есебінен олардың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарының сомасына пропорционал төленеді.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
66) 85-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банкрот мүлкiнің меншiк иесі (ол уәкілеттік берген орган), қатысушылар (құрылтайшылар);»;
67) 86-бапта:
1) тармақшадағы «, ұзартады» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшадағы «заңды тұлғаны» деген сөздер «борышкерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кредитордың өтініші бойынша әкімшілік шығыстар не банкроттық рәсімін жүргізу мақсаттары үшін алынған қарыз мөлшерінің негізділігін қарайды.»;
68) 87-бапта:
1-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшыларына (қатысушыларына), барлық органдарына мүлікті пайдалануға және өткізуге, сондай-ақ міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;»;
«6) әкімшінің өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкер шоттарына қойылған инкассолық өкімдер, мүлікке тыйым салулар және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттың банкроттық рәсімін қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күнге сатып алушыға берілмеген банкрот мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе сатып алмаған сатып алушы орындалмаған міндеттеме бойынша банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы.»;
69) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-бап. Уақытша басқарушының өкілеттігі
1. Уақытша басқарушы:
1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзіне өтеусіз негізде берілуге тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, борышкер, оның мүлкі туралы ақпаратты сұратуға;
2) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
3) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап және оны қарау аяқталғанға дейін уақытша басқарушы:
1) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік құжаттары негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға;
2) сотқа борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны ұсынуға;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылғаннан кейін және банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін уақытша басқарушы:
1) борышкер банкрот деп танылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді банкрот деп тану туралы жарияланымды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде жіберуге;
2) борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпаратты сұратуға;
3) банкроттың жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартының алдағы уақытта тоқтатылатыны туралы хабардар етуге;
4) банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;
6) кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптарын сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алуды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
7) банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізуге және түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуға;
8) сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныс жіберуге;
9) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
10) кредитордың, банкрот - дара кәсіпкердің, банкрот - заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға;
11) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге;
12) сот борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акт шығарған жағдайда, осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге оның көшіремесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға;
13) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;
14) банкроттықты басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
15) соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, борышкерге тиісті сот актісі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;
70) 89-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «жасауға құқылы.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға;
5) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен жасалған және мүлікті шығаруға алып келген борышкердің қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банкроттықты басқарушы:
1) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
2) тағайындалғанынан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзіне өтеусіз негізде берілуге тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін, егер оған уақытша басқарушы көрсетілген ақпаратты және құжаттарды бермеген болса, талап етіп алдыруға;
3) тағайындалғанынан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органнан соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы ақпарат сұратуға;
4) банкрот мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуге;
5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;
6) кредиторлар комитеті отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей реверсивтік факторинг шартын жасасуға;
7) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
8) кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторлар комитеті отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды өзгертуге, бұзуға, орындаудан бас тартуға немесе олардың жарамдылығын даулауға;
9) кредиторлар жиналысы келіскен оңалту жоспарын борышкер ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей борышкер - дара кәсіпкерге, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшысына (қатысушысына) оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны ұсынуға;
10) сату жоспарына сәйкес банкрот мүлкін өткізуді жүзеге асыруға;
11) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
12) осы Заңның 11-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларды анықтауға және оларды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
13) борышкердің пайдасына ақша келіп түскеннен кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыруға, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізуге;
14) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
15) кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлауға;
16) егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісін шығарған жағдайда, кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарау үшін оның көшірмесін алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға;
17) кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге;
18) соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтініш жіберуге, банкроттың мөрін (болған кезде) жоюға;
19) сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, оңалтуды басқарушыдан тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
20) құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды:
соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға;
банкроттың кәсіпорнын сату кезінде тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алушыға беруге;
21) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы және қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты беруге;
22) тағайындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетімен банкроттық рәсімін жүргізу туралы шарт жасасуға;
23) құқық қорғау органдарына әдейі банкроттық белгілерінің бар екенін көрсететін қолда бар деректер туралы хабарлауға;
24) осы Заңның 6-бабында белгіленген жағдайларда, құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
25) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: