Кредитор келісімнің шарттарымен келіспеген кезде мұндай келісім жасалмайды.
Келісім жасалмаған кезде берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға:
1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші - сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2) осы Заңның 28-2-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші - осы баптың 1-тармағында белгіленген берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады.»;
24) 28-4-бапта:
2, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы өтінішке борышкер:
1) борышкер - дара кәсіпкер, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қойған, берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді;
2) барлық кредитордың тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін, сондай-ақ берешек сомаларын көрсете отырып, олардың тізімін қоса береді.»;
«6. Сот келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда, борышкердің берешегін қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға:
1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші - сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2) осы Заңның 28-2-бабының 2 және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші - берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
7. Кредитор (кредиторлар) мынадай:
1) борышкер мұндай келісімнің шарттарын бұзған;
2) осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасамаған жағдайларда, берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Келісім бұзылған жағдайда берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі, ал осы Заңның 28-5-бабына сәйкес басталған салдарлардың күші берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.»;
25) 3-тарау алып тасталсын;
26) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Оңалту және банкроттық туралы істі қозғау тәртiбi
1. Сотта оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-1-бабында көзделген негіздер болған кезде, салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторды, мемлекеттік органды немесе мемлекет қатысатын заңды тұлғаны қоспағанда, борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтініші негізінде қозғалады.
Борышкердің банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жіберуге де құқығы бар.
2. Сотта банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда прокурордың, осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда оңалтуды басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
3. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі.
4. Борышкер, оңалтуды басқарушы берген, банкрот деп тану туралы өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарып алынбайды. Кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiштерін олар борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.»;
27) 39-бапта:
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы);»;
«7) әкімші оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады.»;
8) тармақша алып тасталсын;
28) 40-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкер:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешiмi негiзiнде оңалту рәсімін қолдану немесе өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкер осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.»;
29) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берiледi. Оған борышкер - заңды тұлғаның басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын адам, не борышкер - дара кәсіпкер қол қояды.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы ақпаратты;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) өзімен уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауын, жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін;»;
30) 42-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын орнықты төлем қабілетсіздігін;»;
2-тармақта:
1), 2), 3), 5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың (осындай кредиторлар бар болған кезде) банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;»;
«5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;»;
«7) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты талап қоюлар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішіне кредиторлар жиналысының хаттамасы, сондай-ақ борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жататындығы және оны банкрот деп тану үшін негіздердің бар екендігі туралы қорытынды қоса беріледі.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкердің осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын уақытша төлем қабілетсіздігін;»;
5-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);»;
4) тармақшадағы «көшірмелері қоса беріледі.» деген сөздер «көшірмелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.»;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі)» деген сөздер «оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру ескеріле отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 43-бап алып тасталсын;
32) 44-бапта:
2-тармақта:
2), 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрған жері;
3) кредитор (кредиторлар) - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері немесе кредитор (кредиторлар) - заңды тұлғаның атауы, тұрған жері;»;
«7) кредитор (кредиторлар) талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі немесе атқарушылық құжат, борышкердің борышты мойындауы, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор өтініш беруші болып табылған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық берешекті, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасын қабылдау туралы мәліметтер);
9) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілуге тиіс.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының кандидатурасын таңдау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;»;
4-тармақ алып тасталсын;
33) 45-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кредитордың өтiнiшi негiзделетін өзге де мән-жайларды (бар болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледi.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кредитордың өтiнiшiне кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалмайды;»;
2-тармақ алып тасталсын;
34) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
«45-1-бап. Борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiн қараусыз қайтару
1. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану немесе банкрот деп тану туралы, осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi соттың өтiнiштi қараусыз қайтаруына негiз болып табылады.
2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылатын және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берілмеген жағдайларда, мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жетіспейтін құжаттарды сот талқылауына iстi дайындау тәртiбiмен сот талап етеді.
3. Кредитордың (кредиторлардың) осы Заңның 44 және 45-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтiнiшiн сот қараусыз қайтарады.»;
35) 48-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «түскеннен кейiн» деген сөздер «түскен күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сот, егер өтініш оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенге дейін берілген жағдайда, оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтарады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны тағайындайды.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
36) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысы
1. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша басқарушы банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, банкрот деп тану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер жоқ, бірақ оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды, егер:
1) борышкерде өтініш берушіден бөлек, басқа кредиторлар болмаған жағдайда жасалмайды.
Осы тармақшаның ережелері салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор немесе «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес атқарушылық құжат қайтарылған кредитор өтініш беруші болып табылатын жағдайларға қолданылмайды;
2) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына қол жеткізуге рұқсат бермеген жағдайда жасалмайды.
3. Уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, өзі тағайындалған күннен бастап:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың орынсыздығы туралы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың мүмкін еместігі туралы акт жасайды.
4. Оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша әкімші борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
5. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уақытша әкімші және уақытша басқарушы осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып жасайды.»;
37) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау
1. Борышкердің қаржылық орнықтылық сыныбын айқындау оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қаржылық орнықтылық сыныбының шекараларына сәйкес борышкер мына сыныптардың біріне жатады: І сынып - қаржылық жағынан орнықты; ІІ сынып - банкроттық қатерімен ұштасқан, бірақ қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мүмкіндігі бар; ІІІ сынып - қаржылық жағынан орнықсыз.
3. Коэффициенттерді есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
38) 50-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап:»;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер - дара кәсіпкерге, заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшысына (қатысушысына), барлық органдарына мүлiктi кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкердің мүлкіне қатысты бұрын қабылданған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер меншiк иелерiнiң (құрылтайшыларының, қатысушыларының), олар уәкілеттік берген органдардың немесе органдарының шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) есепке жазу тоқтатыла тұрады;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында, оның ішінде соттың интернет-ресурсында да оңалту туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жариялауға мiндеттi.»;
39) 51-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банкроттық туралы істі қарау кезеңінде борышкердің мүлкін сақтауға бағытталған өзге де әрекеттерді қолдануға құқылы.»;
40) 52-бапта:
1-тармақтағы «Оңалту туралы iстi» деген сөздер «Оңалту немесе банкроттық туралы iсті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Банкроттық туралы істі» деген сөздер «Оңалту немесе банкроттық туралы iсті» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бұрын тоқтатыла тұрған банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді сот осы Заңның 82-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартылған немесе ол тоқтатылған кезде қайта бастайды.»;
42) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Сот талқылауы
1. Алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн оңалту немесе банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл жөнінде сот ұйғарым шығарады.
Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.
2. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мәжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады.»;
43) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
44) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
1. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын немесе осы Заңның 49-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген актіні ескере отырып, қабылдайды.
2. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінде:
1) банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді тарату;
2) борышкерді басқару құқығының уақытша басқарушыға өтуі;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы;
4) банкроттың лауазымды адамдарының уақытша басқарушыға соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруі;
5) банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтарды (банкрот шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді, мүлікке тыйым салуларды және басқаларды) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан, әкімшінің өтініші негізінде алу туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
3. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды уақытша басқарушы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкроттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жерi;
3) банкротты мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.»;
45) 57-бап алып тасталсын;
46) 58-бапта:
тақырыптағы «Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша соттың» деген сөздер «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімді сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын немесе осы Заңның 49-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген актіні ескере отырып қабылдайды.
2. Сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкер өтініш берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.»;
47) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
1. Оңалту рәсімін қолдану туралы шешімді сот уақытша әкімшінің осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып қабылдайды.
Уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған жағдайда, сот кредиторлар жиналысы келіскен кезде оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарады.
2. Соттың борышкерге оңалту рәсімін қолдану туралы шешімінде:
1) оңалту рәсімін қолдану;
2) уақытша әкімшінің өкілеттігін тоқтату;
3) борышкерді оңалту жоспары бекітілгенге дейін осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғаның басқаруы;
4) борышкердің кредиторлар жиналысымен келісілген борышкерді оңалту жоспарын оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуы;
5) оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталуы туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
3. Сот:
1) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған;
2) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған кезде кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін қолдануға келіспеген жағдайларда, оңалту рәсімін қолданудан бас тартады.
Соттың оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешімінде кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш беру салдарынан келтірілген залалдардың орнын толтыруды борышкерден талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс.»;