116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау
Сот осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетiн, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Соттың іс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмелерiн сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына, сондай-ақ, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық әділет органына жiбередi.
117-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғаудың салдары
Сот банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы iсті қозғаған кезден бастап осы Заңның 87-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген салдар басталады.
118-бап. Соттың банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы істі қарауы
1. Сот іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде банкроттық рәсімін қозғамай борышкердi тарату туралы шешiм шығарады.
2. Соттың банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешімінде тарату рәсімін жүргізуді уәкілетті органға жүктеу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
118-1-бап. Уәкілетті органның банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді таратуды жүргізу тәртібі
1. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату рәсімін жүргізу жөніндегі міндеттер уәкілетті органға жүктелген кезде оған әкімшінің осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері өтеді.
2. Уәкілетті орган:
1) сот банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыруға;
2) осы Заңның 90-бабында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;
3) кредиторлар жиналысымен келіскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды есепті және тарату балансын бекіту үшін сотқа ұсынуға;
4) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жіберуге міндетті.
3. Борышкердің мүлкі болмаған жағдайда, уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі қалыптастырылған күннен бастап бір ай мерзімде қорытынды есепті және тарату балансын келісу үшін кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті.
4. Борышкерді таратуды жүргізу барысында мүліктік масса және (немесе) бұрын шығарылған мүліктің мүліктік массаға қайтарылғаны анықталған, сондай-ақ осы Заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген ережелер сақталмаған кезде уәкілетті орган банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім қабылдаған сотқа банкроттық рәсімін қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.»;
99) 125-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
100) 126-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банкроттықты басқарушы сатып алу-сату шарты жасасылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға мүлікті бірыңғай лотпен, сондай-ақ бірыңғай өндірістік кешенге кіретін мүлікті өткізу бойынша өткізілген сауда-саттық қорытындысы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.»;
«6. Мүліктік массаны өткізу бойынша аукционның өткізілетін уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен банкроттықты басқарушы айқындайды.».
18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 20-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) тармақша «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы» деген сөздер «5-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) 90-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы «мiндеттi зейнетақы жарналары» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «2-тармағы» деген сөздер «2 және 7-тармақтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «1-тармағының үшінші бөлігі» деген сөздер «2-тармағының екінші бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 52-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «әкімші -», «, уақытша әкімші (өкілі арқылы)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 35-баптың 5-тармағындағы «конкурстық» деген сөз «мүліктік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 37-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құрылыс салушыны көппәтерлі тұрғын үй құрылысымен байланысты емес қызметі бойынша «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп тануды кепілдік жағдайы деп тану туралы шешім қабылдайды.».
20. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат, № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Клиентке қатысты шығарылған соттың борышкер берешегін қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешімінің көшірмелерін алғанға дейін төлем жүйесіне өз қатысушысы жіберген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары кері қайтарып алынбайтын және түпкілікті болып табылады, орындалуға және аяқталуға жатады.».
21-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
мынадай мазмұндағы 57-4-баппен толықтырылсын:
«57-4-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:
1) осы Кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
2) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
3) осы Кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
10) кредиттік бюролардың қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;
15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;
16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.».
2-бап. Банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия, сондай-ақ оңалтуды және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркеу негізінде әкімші қызметін жүзеге асыратын тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін қызметтің басталғаны туралы хабарлама беруге міндетті деп белгіленсін.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының ережелері осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға олар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде хабарлама берген кезде қолданылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін жеке тұлға «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген ережелерді сақтаған кезде әкімші ретінде қызметті жүзеге асыруға құқылы.
3-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) - 13) тармақшаларын, 4-тармағының 6) тармақшасын және 21-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан
№ 290-VІ