10. Уәкілетті орган әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен хабарлама алып тасталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына оңалтуды не банкроттықты басқарушының осындай тізілімнен алып тасталғаны туралы ақпарат жібереді.
11. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оның хабарламасы алып тасталған жағдайда осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жаңадан тағайындалған оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жүзеге асыруды жалғастырады.
12. Әкімші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өз біліктілігін арттыруға міндетті.
Біліктілікті арттыру туралы растаушы құжаттарды ұсыну үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Мерзімді есептеу әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне хабарлама енгізілген жылдан кейінгі жылдан басталады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімі - біліктілікті арттыру аяқталған жыл ішінде болады.
13. Әкімші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
13-бап. Әкімшінің сыйақысы
1. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының негізгі сыйақысы оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сотқа өтініш берген борышкердің немесе кредитордың қаражаты есебінен төленеді.
Негізгі сыйақының мөлшері борышкер немесе кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімде айқындалады және уәкілетті орган белгілеген ең төмен шектен төмен болмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген келісім оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сотқа өтініш берілгенге дейін жасалады және оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.
Борышкер немесе кредитор уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін уәкілетті орган белгілеген ең төмен шектен жоғары белгілеуге құқылы.
Оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі қолданылған жағдайда, уақытша әкімшіге немесе уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлеген кредиторға төленген қаражат мөлшеріндегі сома борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, онда уақытша басқарушының негізгі сыйақысын төлеу:
1) егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында осы Заңның 110-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталса - осы Заңның 110-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган белгілеген ең төмен шек мөлшерінде;
2) егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында осы Заңның 110-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталмаса, уәкілетті орган белгілеген ең төмен шек мөлшерінде борышкердің мүлкі есебінен жүзеге асырылады.
2. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін уәкілетті орган белгілейді.
Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін уәкілетті орган белгілеген шекте кредиторлар жиналысы айқындайды.
Осы Заңның 84-бабының 1-тармағында белгіленген рәсімді жүргізу мерзімінен асып кеткен кезде банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы азайтылуға жатады және:
банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айдан асқан айдан кейінгі айдан бастап - кредиторлар жиналысының шешімі негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің жетпіс бес пайызы;
банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі екі жылдан асқан айдан кейінгі айдан бастап - кредиторлар жиналысының шешімі негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төленеді.
Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін кредиторлар жиналысы айқындайды.
3. Банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы:
1) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жиырма бес пайызынан аз қанағаттандырылған жағдайда - талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың бір пайызы мөлшерінде;
2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жиырма бестен елу пайызына дейін қанағаттандырылған жағдайда - талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызы мөлшерінде;
3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының елуден жетпіс бес пайызына дейін қанағаттандырылған жағдайда - талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың үш пайызы мөлшерінде;
4) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жетпіс бес пайызынан жоғары қанағаттандырылған жағдайда - талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың төрт пайызы мөлшерінде борышкердің мүлкінен төленеді.
Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың мақсаттары үшін кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлардың талаптары деп тізілімнің екінші, үшінші, төртінші және бесінші кезектеріне жатқызылған талаптар түсініледі.
Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеу кезінде осы Заңның 104-1-бабына сәйкес қанағаттандырылған кепілді кредиторлар талаптарының мөлшері, сондай-ақ құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкроттың мүліктік массасына түскен сомалар есепке алынбайды.
Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысы бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары толық көлемде қанағаттандырылған жағдайда төленуге жатады.
4. Банкроттықты басқарушы қосымша сыйақы сомасын есепке жатқызу үшін борышкердің арнайы банктік шотын ашуға міндетті.
Арнайы банктік шотқа түсетін ақша банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымы негізінде банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асырған тұлғаның алуына жатады.
Арнайы шот осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақша алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асырған тұлғаның өтініші бойынша жабылуға жатады.
5. Оңалтуды басқарушының қосымша сыйақысы оңалту рәсімінің мақсаттарына қол жеткізілген жағдайда кредиторлар жиналысы айқындаған мөлшерде төленуге жатады.
6. Кредитор өзінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражат есебінен банкроттықты басқарушыға сыйлықақы төлеуге құқылы. Сыйлықақының мөлшері мен оны төлеу тәртібін кредитор дербес айқындайды.»;
13) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар түлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
1-2) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындайды;
1-3) егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4), 5), 10), 11) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) оңалтуды басқарушының оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды;»;
«10) құқық қорғау органдарына әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін қолда бар деректер туралы хабарлайды;
11) әкiмшiнiң әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;»;
«13) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
14) тармақша алып тасталсын;
15), 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мемлекеттiк органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан оңалту немесе банкроттық рәсімі қолданылған борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;»;
«21) өз құзыреті шегінде берешекті қайта құрылымдау, оңалту, банкроттық және банкроттық рәсімін қозғамай тарату рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату бойынша түсіндірме мен комментарийлер береді;
22) уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы ескеріле отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын бекітеді;»;
23) тармақша алып тасталсын;
23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-2) біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
14) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды бақылау субъектісінің өзі дербес жою құқығын беру болып табылады.
Әкімші бақылау субъектісі болып табылады.
2. Уәкілетті орган алған деректер мен ақпаратты өзара салыстыру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәсілі болып табылады, осы деректер мен ақпаратқа мыналар жатады:
1) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпарат.
Мұндай ақпаратты берудің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ әкімші мен борышкердің қызметі бойынша өзге де көздерден алынған мәліметтер.
Атына уәкілетті органның сұрау салуы келіп түскен мемлекеттік орган, жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен кез келген құпия ақпаратты (банктік, салықтық, коммерциялық құпия) ашуға және борышкерге және әкімші жүзеге асыратын оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне қатысты құпия ақпаратты қамтитын кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Уәкілетті органның сұрау салуын орындау мерзімі, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі сұрау салудың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
3. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - хабарламада алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта арқылы - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімі алынғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - қызметінің басталғаны немесе уәкілетті органда деректердің өзгергені туралы хабарламада көрсетілген әкімшінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.
4. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, уәкілетті орган жазбаша шешім шығарады және оны осы баптың 3-тармағында көзделген тәсілдердің бірімен бақылау субъектісіне жібереді.
6. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
7. Уәкілетті орган жойылуы мүмкін емес бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, әкімшіге бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
8. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.»;
15) 19, 20 және 21-баптар алып тасталсын;
16) 22 және 23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Кредиторлардың оңалту рәсіміне және банкроттық рәсіміне қатысуы
1. Оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі барысында барлық кредитордың мүдделерін осы Заңға сәйкес құрылатын кредиторлар жиналысы білдіреді.
2. Кредитор оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүргізілу барысында соттың шешіміне, әкімшінің әрекетіне, егер осы шешімдер немесе әрекеттер оның заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе, шағым жасауға құқылы.
23-бап. Кредиторлар жиналысы
1. Оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар жиналысын өткізу күніне кредиторлар талаптарының тізіліміне талаптары енгізілген кредиторларға тиесілі.
Кредиторлар жиналысына борышкер - дара кәсіпкер, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшылары (қатысушылары) және уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.
2. Кредиторлар жиналысының өкілеттіктері осы Заңның 75 және 93-баптарында көзделген.»;
17) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, кредиторлар жиналысын ұйымдастыру мен өткізуді әкімші жүзеге асырады.
Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды кредиторлар комитеті оңалтуды басқарушыны шеттету, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны шеттету және банкроттықты басқарушыны бір мезгілде таңдау мәселесін қарау кезінде жүзеге асырады.»;
18) 25-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәсілмен кредиторды хабардар ету мүмкін болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген тәсіл мұндай кредиторды тиісінше хабардар ету деп танылады.»;
бесінші бөлік «әкімші» деген сөзден кейін «, ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда - кредиторлар комитетінің төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күн тәртібінде қарауға ұсынылатын. кредиторлар жиналысының құзыретіне тікелей кіретін мәселелер қамтылуға тиіс. Күн тәртібін қалыптастыру кезінде кең ауқымда түсінілетін тұжырымдауды пайдалануға жол берілмейді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер кредитор сырттай дауыс беретін болса, ол бұл туралы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға жиналыс өткізілгенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.»;
19) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредиторлар жиналысы оған, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлар дауыстарының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, кредиторлар жиналысы заңды болған кезде кредиторлар жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарауды ауыстыруға жол берілмейді.
Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы оған кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауыстарының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болады.»;
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімші, ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда - кредиторлар комитетінің төрағасы кредиторлардың шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың бір теңгесі - бір дауыс» қағидаты бойынша айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қорытынды есепті келісу мәселесі қаралған жағдайда, осы тармақтың бесінші бөлігінің күші кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындау және оның шешім қабылдауы кезінде қолданылмайды.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына және 90-бабының 5-тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімші, ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда - кредиторлар комитетінің төрағасы кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Кредиторлар жиналысының отырысын дауыс беру құқығы бар, қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төраға жүргізеді. Хаттаманы дауыс беруге құқығы бар, қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қатысып отырған кредиторлар арасынан қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төраға, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Осы Заңның 76-бабының 10-1) және 10-2) тармақшаларында және 94-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастырған кезде кредиторлар жиналысының хаттамасына әкімшінің қол қоюы талап етілмейді.
Кредиторлар жиналысының хаттамасын хатшы үш данада жасайды, олардың біреуі - оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі - кредиторлар комитетіне, үшіншісі әкімшіге беріледі.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
1) жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;
2) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
3) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен орны туралы кредиторлардың тиісінше хабардар етілгенін куәландыратын құжаттардың;
4) әкімшінің немесе кредиторлар комитеті төрағасының ұйғаруы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Рәсімдерге қатысушылар кредиторлар жиналысының шешіміне ол қабылданған күннен бастап бір ай ішінде шағым жасай алады.»;
20) 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Кредиторлар комитеті
1. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылады.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген, кредиторлар комитеті мүшелерінің ең аз саны туралы талапты сақтау мүмкін болмаған кезде кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырады.
2. Кредиторлар комитетінің құрамын кредиторлар жиналысы қалыптастырады және бекітеді. Кредиторлар комитетіндегі мүшелердің ең аз саны үш адамнан кем болмайды.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, кредиторлар комитетінің құрамына біртекті кредиторлардың әрбір тобынан бір кредитор кіреді.
Борышкерге бірдей талаптары бар басқа кредиторлардың болмауы себебінен біртекті кредиторлар тобын құрмаған кредитор кредиторлар комитетінің құрамына кіргізілуі мүмкін.
Кредиторлар комитетінің мүшесі үлестес тұлға немесе кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылған тұлға болмауға тиіс.
3. Мыналар:
1) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау;
2) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі болатын мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалары);
3) үлестес тұлғалардың анықталуы;
4) кредиторлар комитетінің отырыстарына кредиторлар комитеті мүшесінің осы Заңның 26-бабының 4-тармағы төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген дәлелсіз себеппен екі реттен көп қатыспауы кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына өзгерістер енгізудің негіздері болып табылады.
4. Кредиторлар комитетінің отырысын өткізу туралы хабарламаны әкімші отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, пошта арқылы тапсырысты хатпен жібереді.
Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырған кезде кредиторлар жиналысының отырысын өткізу туралы хабарлама осы бапта көзделген тәртіппен жіберіледі.
5. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктері осы Заңның 76 және 94-баптарында көзделген.
28-бап. Кредиторлар комитетінің шешімдер қабылдауы
1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
2. Кредиторлар комитетінің шешімі «комитеттің бір мүшесі - бір дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде кредиторлар комитетінің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі.
3. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді.
Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, кредиторлар комитетінің дауыс беруге қатысқан мүшелері, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері мен қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға кредиторлар комитетінің дауыс беруге қатысқан барлық мүшесі, әкімші қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Әкімші хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға, кредиторлар комитетінің мүшелеріне жібереді. Хаттаманың бір данасы әкімшіде болады.
4. Кредиторлардың, борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген тұлғаның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға құқығы бар.
5. Осы Заңның 27-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырған кезде кредиторлар жиналысы шешімдерді осы бапта көзделген тәртіппен қабылдайды.
6. Рәсімдерге қатысушылар кредиторлар комитетінің шешіміне ол қабылданған күннен бастап бір ай ішінде шағым жасауы мүмкін.»;
21) 28-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, борышкер оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істер болмаған жағдайда, осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын уақытша төлем қабілетсіздігі туындаған кезде өз берешегін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкер уақытша төлем қабілетсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген;»
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот борышкердің берешекті қайта құрылымдау туралы өтініші қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін шығарады:»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігін куәландыратын құжаттарды ұсынбауы не оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істердің болуы борышкердің берешегін қайта құрылымдау рәсімін қолданудан соттың бас тартуына негіз болып табылады.»;
22) 28-2-баптың бірінші абзацындағы «заңды күшіне енген» деген сөздер «шығарылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 28-3-бапта:
2-1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салықтық берешек осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілімен және (немесе) банктің кепілдігімен өтеледі.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек» деген сөздер «салықтық берешек» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады және оған борышкер - дара кәсіпкер, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қояды.