2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
114-бап. Техникалық реттеу объектілері
Техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
азаматтық авиация өнімін, мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе заңға сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптар белгіленетін өнімді, бұрын пайдалануда болған өнімді, ветеринариялық препараттарды, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы) қоспағанда, өнім;
өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері;
ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік, медициналық, білім беру, қаржылық, банктік және реттелуі Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ерікті сертификаттау бөлігіндегі көрсетілетін қызметтер.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 115-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
115-бап. Техникалық реттеу субъектілері
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін жеке және заңды тұлғалар және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
11-тарау. БАҒАЛАР МЕН ТАРИФТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.
3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;
2) табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік бағалық реттеу енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);
5) трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын, халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітуге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) қоғамдық маңызы бар нарықтарда бағалар мен тарифтерді реттейді.
117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етiлетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шектерде ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн, бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып табылады.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары деп танылады.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге шарттар жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган сауда қызметі субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 118-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру
1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.
119-баптың қолданылуы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бап осы Кодекстің 324-бабының 9-тармағында қолданылды
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
119-бап. Мемлекеттік баға реттеу
Уақытша шара ретінде Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік баға реттеу енгізілуі мүмкін.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 120-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
120-бап. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу
1. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.
2. Монополияға қарсы орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді.
3. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жазбаша түрде мыналарды:
1) тауарларға мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
2) өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын негіздеуші материалдарды бере отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға бағалардың алдағы өзгеруі (көтерілуі және (немесе) төмендеуі) және олардың өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептері туралы хабарламаны беруге міндетті.
4. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспауға тиіс.
5. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында осы Кодексте белгіленген мерзімдерде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
6. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде хабарламаны немесе ақпаратты қарау мерзімі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
7. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.
8. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 120-1-баппен толықтырылды
120-1-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
121-бап. Халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
1. Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар арасында мәмiлелер жасасу кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан ерекшеленетін және «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға (трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.
3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; тараптарының бiрi Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiлелер; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 122-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге баға белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды реттейді.
2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген, стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларынан асырмауға міндетті.
Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізушілер бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағалардан асырмауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағалар мемлекеттік реттелген жағдайда, шекті бағалар айына бір реттен асырылмай белгіленеді.
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 122-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
122-1-бап. Дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекіту
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітеді.
2. Дәрілік заттарға баға белгілеу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 123-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
123-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейдi.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 124-бап жаңа редакцияда
124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-1-баппен толықтырылды; 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 124-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 124-1-бап өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
124-1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітеді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-2-баппен толықтырылды; 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 124-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 124-2-бап өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газ бағасын бекіту
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газ бағасын бекітеді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-3-баппен толықтырылды
124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі
Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-4-баппен толықтырылды
124-4-бап. Субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының пошта, байланыс, автомобиль көлігі және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес пошта, байланыс және тасымалдау саласындағы субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттейді.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен Кодекс 11-1-тараумен толықтырылды
11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар
124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:
1) электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізуге әзірлігін қамтамасыз ету, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу және электр қуатын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде бірыңғай сатып алушының жүктемелерін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сату;
3) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;
4) ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мыналарды:
теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
контейнерлерде, контрейлерлік жөнелтілімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингілік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған нарық субъектілеріне қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу жиынтығында мынадай талаптарға сай келетін:
1) бұрын бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған реттелетін нарық субъектілері көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұтынушыларға 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтер көрсететін;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұтынушыларға көрсетілген қызметтер көлемі бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтері көлемінің отыз бес және одан да көп пайызын құрайтын нарық субъектілеріне де қолданылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.
124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;