Бұл ретте осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім түзетілген өтінішті ұсынуға қолданылмайды.
4. Халықаралық топқа қатысушының халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынбауы немесе халықаралық топқа осындай қатысушының уәкілетті органға анық емес мәліметтерді қамтитын өтінішті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
23-тармақтың 5) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-бап 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2019 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 10-бабының редакциясында қолданылады
5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік
1. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік халықаралық топқа қатысу туралы өтініштен және есептіліктің мынадай түрлерінен тұрады:
1) жергілікті;
2) негізгі;
3) еларалық.
Трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Осы бапта көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын есептілік мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтымайтын бөлікте ұсынылады.
3. Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, ұсынылған есептілікті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда халықаралық топқа осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.
Бұл ретте есептілікті ұсыну бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер түзетілген есептілікті ұсынуға қолданылмайды.
4. Халықаралық топқа қатысушының осы бапта көзделген есептілікті ұсынбауы немесе анық емес мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
6) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 және 7-4-баптармен толықтырылсын:
23-тармақтың 6) тармақшасының екінші - жиырма бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«7-1-бап. Жергілікті есептілік
1. Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін жергілікті есептілікті уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы жергілікті есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);
3) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;
4) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.
Осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшаларының ережелеріне қарамастан, егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы жергілікті есептілікті осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшаларында аталған тұлғаның атынан ұсынатын болса, осындай тұлға жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндетті орындады деп есептеледі.
3. Осы баптың ережелері есепті қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасаған және түсімінің мөлшері есепті қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бес миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын халықаралық топқа қатысушыға (осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда) қолданылады.
7-2-бап. Негізгі есептілік
1. Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті уәкілетті органға оның талап етуі бойынша ұсынады.
Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті уәкілетті органға осындай есептілікті ұсыну туралы талапты халықаралық топқа қатысушы алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте халықаралық топқа қатысушы бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясының немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушының (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жасау жөніндегі талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген негізгі есептілік бойынша ақпаратқа ұқсас ақпаратты қамтитын негізгі есептілігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынған жағдайда негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептеледі. Егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті шет мемлекеттің құзыретті органына электрондық түрде ұсынған жағдайда, мұндай есептіліктің көшірмесін нотариатта куәландыру талап етілмейді.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);
3) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;
4) егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады.
Егер осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлғаның атынан халықаралық топқа уәкілетті қатысушы немесе осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлға қатысушысы болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен негізгі есептілікті ұсынған жағдайда, онда осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлғаның уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.
3. Осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін халықаралық топқа қатысушыға қолданылады:
1) халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасайды;
2) негізгі есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері:
егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық нарықтық бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы;
егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде - осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болады.
23-тармақтың 1) тармақшасының жиырма алтыншы - қырық алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-3-бап. Еларалық есептілік
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға оның талап етуі бойынша, еларалық есептілікті ұсыну туралы талапты халықаралық топқа қатысушы алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте халықаралық топқа қатысушы бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясының немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушының (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жасау жөніндегі талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген еларалық есептілік бойынша ақпаратқа ұқсас ақпаратты қамтитын еларалық есептілігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынған жағдайда еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептеледі. Егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы еларалық есептілікті шет мемлекеттің құзыретті органына электрондық түрде ұсынған жағдайда, мұндай есептіліктің көшірмесін нотариатта куәландыру талап етілмейді.
2. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жүктеледі.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
1) мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттемелері болмаса;
халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған болса (уәкілетті органда ақпарат, оның ішінде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органынан алынған ақпарат болған кезде);
халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарты (келісімі) болмаса;
халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекет (аумақ) уәкілетті органмен автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамауға жол берсе, халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттарға ұқсас шарттардың бірі сақталған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасы бесінші абзацының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) болған кезде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органға еларалық есептілік бойынша мәліметтерді ұсынудан бас тартқан немесе шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органмен қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топқа қатысты еларалық есептіліктің деректері бойынша автоматты түрде ақпарат алмасуды уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде жүзеге асырмаған жағдайлар автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп түсініледі.
4. Осы баптың ережелері, егер еларалық есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері:
егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық нарықтық бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы;
егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде - осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болатын жағдайда халықаралық топтың негізгі компаниясына немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) немесе уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген халықаралық топқа өзге қатысушыға қолданылады.
5. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) негізінде, қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың қызметіне қатысты еларалық есептілік деректерінің осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жыл сайынғы негізде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы ұсынылуын сұратуға және талап етуге тиіс.
6. Шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы өзаралық қағидатын сақтаған жағдайда, уәкілетті орган тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарт (келісім) негізінде халықаралық топқа қатысушы резидент немесе кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органына Қазақстан Республикасында халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы ұсынған еларалық есептіліктің тиісті деректерін шет мемлекеттің сұрау салуы бойынша осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы жіберуге тиіс.
Осы баптың мақсаттары үшін өзаралық қағидаты деп уәкілетті органның және шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органының еларалық есептіліктің деректерін өзара ұсынуы түсініледі.
7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану
Уәкілетті орган трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті салық салу мақсатында пайдалануға құқылы.».
24-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №23, 113-құжат; 2009 ж., №13-14, 63-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 101-құжат; №22, 132-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №6, 43-құжат; №11, 80-құжат; №14, 94-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №11, 63-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №22, 116-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 21-құжат):
49-1-бап мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бапта көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.».
25. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №5, 22-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., №11, 52-құжат; №20-IV, 113-құжат):
16-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салықтардың және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысандарды қоспағанда, уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге;».
26. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №7, 27-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №5, 43-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 136-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №16, 56-құжат):
9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.».
27. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №17-18, 113-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №9, 22-құжат; №11, 29-құжат; №14, 51-құжат; №16, 56-құжат):
65-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері кіреді, олардың тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді.».
28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №19-I, 99-құжат; №19-ІІ, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VIІ, 117-құжат; №21-І, 124-құжат; №21-ІІ, 130-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №22-ІІ, 145, 148-құжаттар; №22-VІ, 159-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; №7-II, 56-құжат; №8-I, 62-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 22-құжат; №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
179-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға қолданылмайды.».
29. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №13, 113-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №11, 80-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №8-II, 66-құжат; №22, 116-құжат; №24, 124-құжат):
1) 8-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «шикі мұнайды» деген сөздердің алдынан «оларды қайта өңдеу мақсатында алынған (сатып алынған)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын екі және одан көп тұлғалардың бір мезгілде мұнай өнiмдерiн сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.».
30. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №15, 119-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №3, 19-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №11, 63-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 99-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 ж., №14, 51-құжат):