3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Төлеуші мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны қорға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды қорға Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
7. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
8. Осы баптың мақсаттары үшін төлеуші деп аударымдарды төлеушілер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар түсініледі.»;
9) 40-баптағы «2018» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын;
10) 41-баптың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы және 2-тармағындағы «2018» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын.
39. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-I, 143-құжат; 2016 ж., №7-I, 49-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №13, 45-құжат):
3-бапта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 3) және 4) тармақшаларын, 5-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацын, 7) және 11) тармақшаларын, 7 және 15-тармақтарын;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағының 6) және 13) тармақшаларын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 3-тармағының 2) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:
«2) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) денсаулық сақтау:
денсаулық сақтау ұйымдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі;
республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;
айрықша қауіпті инфекцияларға қарсы іс-қимыл;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
жергілікті бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
40. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-III, 149-құжат; 2016 ж., №22, 116-құжат; 2017 ж., №14, 50-құжат):
1-баптың 5-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну».
41. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №22, 116-құжат):
1) 1-баптың 3-тармағында:
1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мынадай мазмұндағы 283-1-баппен толықтырылсын:
«283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу
1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, темекі бұйымдарының, биоотынның айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
41-тармақтың 2) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 15-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «3-тармағының» деген сөздер «1-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №7-I, 48-құжат; 2017 ж., №13, 45-құжат):
32-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.
43. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №12, 86-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат; №13, 45-құжат; №14, 53-құжат):
25-бапта:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.»;
43-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Банктер мемлекеттік кіріс органдарына «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды иеленушілер туралы мәліметтерді, олардың ашылуы және жабылуы, жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты береді.».
44. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., №9, 20-құжат):
15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді өзінің тұрған жеріндегі мемлекеттік кіріс органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей ұсынуға;».
45. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., №13, 45-құжат):
1) 1-бапта:
4-тармақтың 9) тармақшасының тоғызыншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.»;
«4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
10-тармақ алып тасталсын;
2) 2-бапта:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының он үшінші абзацын, 5) тармақшасының бесінші абзацын, 7) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші - төртінші, жетінші - он бірінші абзацтарын, 10) тармақшасының алтыншы абзацын, 15) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 18-тармағы 17) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацын, 9) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 15) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 17) және 19) тармақшаларын, 6, 8, 9, 11, 12, 14, 15, 16 және 17-тармақтарын;»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 4-тармағы 6) тармақшасының екінші және төртінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:
«3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;»;
«14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Осы Заңның 4-тармағының 16) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:
«16) 89-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2-бап 2017 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 568-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған шаруа немесе фермер қожалығы осындай тіркеу есебінен алып тасталуға құқылы деп белгіленсін.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастау мақсатында осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлға тұрған жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті және қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын береді.
Салық төлеуші осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органы осындай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастауды жүргізуге міндетті. Бұл ретте осындай салық төлеушіге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 571-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.
3-бап. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабының бірінші және 2-1-бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарды, декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарда, декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарда дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің қолданысы;
2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282-бабының бірінші және 2-1-бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатты, декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«2-1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатта, декларацияда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкжұқатта дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
4-бап. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына және биоотынға арналған ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
5-бап. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағы екінші бөлігінің 1-5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1-5) мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттарды ұсыну;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы.».
7-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Бұл ретте халықаралық топқа қатысушының өзінің атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға халықаралық топқа басқа қатысушыға уәкілеттік беруге де құқығы бар.».
8-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Халықаралық топқа қатысушылар:
1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;
3) егер халықаралық топқа қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;
4) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті органға еларалық есептілікті ұсынуға;
5) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.».
9-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Халықаралық топқа қатысушылар:
1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;