15-тармақтың бірінші бөлігі «бере отырып,» деген сөздерден кейін «рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 11-2-бапта:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:»;
5-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 2), 3), 7) 10) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.»;
4) 17-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.»;
4-тармақтың 5) тармақшасындағы «мәлімдемесін табыс етеді.» деген сөздер «мәлімдемесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты ұсынады.»;
4-1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;
5) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.»;
11-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттар бойынша ақпаратты беру үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен интеграциялауды тікелей жүзеге асырады.»;
7) 43-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
8) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) банктердің мемлекеттік кіріс органына коллекторлық агенттіктермен жасалған талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша ұсынуы;
11-тармақтың 8) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-4) банктердің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органына клиенттердің экспорттық немесе импорттық операциялары бойынша ақпарат ұсынуы;
50-бабы 4-тармағы екінші бөлігінің 1-5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы Заңның 5-бабының редакциясында қолданылады
1-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру және деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттар ұсынуы;»;
11-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«4-4) банктердің салықтық әкімшілендіру шеңберінде мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттарды иеленушілер мен олардың нөмірлері, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;
4-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына тауарлардың электрондық сауда-саттығы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;»;
6-тармақтың д) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіпқой медиаторға қатысты;»;
9) 60-1-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы және 61-2-баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «581-бабының» деген сөздер «24-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 61-3-бапта:
2-тармақтағы «30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32, 42-баптары мен 43-бабының 1-тармағында» деген сөздер «30-бабының 5 және 13-тармақтары мен 31, 32 және 42-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «және 43-бабының 1-тармағының» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 206-құжат; 1998 ж., №22, 307-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №15-16, 236-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 48-құжат; №12, 86-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №21, 172-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 84-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салықтық берешегі болған, қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.»;
2) 30-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған адамдар;».
13. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №20, 720-құжат; 2004 ж., №5, 27-құжат; №23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., №23, 141-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №17, 82-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; №22, 128-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №19-I, 101-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №22, 116-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары - уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар;»;
2) 7-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.
Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
3) 9-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;
6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.».
14. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №22, 406-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 85-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; 2005 ж., №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; №8, 52-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.»:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;»;
6-1-тармақтын бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 6-тармағының 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;»;
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;
2) 32-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құрған немесе сатып алған не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда, уәкілетті орган, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын беретін тиісті құжатты берумен бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді.»;
3) 34-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.».
15. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 243-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №6, 10-құжат; №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №23, 144-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 21, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №2, 10, 12-құжаттар; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 86-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №14, 51-құжат):
1) 62-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.»;
2) 63-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.»;
3) 64-5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысы кезең-кезеңімен сараптама жүргізу ілесіп жүретін (сараптамалық қолдау), тиісті кезеңдер бойынша әзірленетін жобалау-сметалық құжаттама бойынша кезең-кезеңімен жүргізілуге тиіс болса;».
16. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №9, 41-құжат; 2004 ж., №23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., №23, 141-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №20, 152-құжат; №24, 178-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №9-10, 50-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; 2011 ж., №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №14, 117-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №3, 15-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 1, 4-құжаттар; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; 2016 ж., №7-І, 49-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат; №13, 45-құжат):
1) 1-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - әлеуметтік аударымдардың есептелген және мерзімінде аударылмаған сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;»;
2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері
1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 1,5 пайызы;
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 2 пайызы;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 3 пайызы;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 4 пайызы;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 пайызы;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi:
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 1,5 пайызын;
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 2 пайызын;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 3 пайызын;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 4 пайызын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 5 пайызын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 5 пайызын құрайды.»;
3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
16-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2017 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1. Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндiрiп алады немесе төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиiс.
16-тармақтың 3) тармақшасының төртінші - жиырмасыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Төлеуші мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны қорға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.