3) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынуға;
4) егер халықаралық топқа қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;
5) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті органға еларалық есептілікті ұсынуға;
6) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.».
10-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7-бап. Мәмілелер мониторингі және трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік
1. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мынадай ақпаратты:
1) бағаларды қолдану негізділігін растайтын құжаттаманы, оның ішінде:
тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;
мәмілеге қатысушының кәсіпкерлік қызметінің, мәмілеге қатысушы өз қызметін жүзеге асыратын саланың және нарық шарттарының сипатталуын;
баға белгілеуге ықпал ететін факторларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, болжамдарды, бизнес стратегиясын, трансферттік баға белгілеу әдіснамасын;
функционалдық талдауды, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдауды;
халықаралық стандарттар бойынша есептерді, оның ішінде қаржылық есептілікті;
2) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдісті;
3) ақпарат көзін;
4) шарттардан (келісімшарттардан), шот фактуралардан (инвойстардан), тауарларға арналған декларациялардан алынған мәліметтерді, қаржы ұйымдары ұсынатын, сондай-ақ дифференциалды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын, осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелер бойынша ақпаратты;
5) физикалық сипаттамаларын, сапасы мен нарықтағы беделін, шығарылған елін және өндірушісін, тауар белгісінің болуын және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапалық сипаттамаларына байланысты басқа да ақпаратты қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипатталуын;
6) шарттық талаптарды;
7) іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясын;
8) маржаны, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыларды қамтиды. Бұл ретте, егер мәмілеге қатысушылар үшін маржаның құрамдас бөліктерін ашатын ақпарат қолжетімді болса, мәмілеге қатысушы осындай ақпаратты береді және егер маржа сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыны қамтыған жағдайда, уәкілетті органдар бұл құрамдас бөліктерді бақылауды жүзеге асыру кезінде есепке алмайды;
9) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын негіздейтін және мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа да деректерді қамтиды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпарат осы Заңда реттелетiн мәмiлелерді жасау кезінде мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететiн осындай шарттар мен деректер болған жағдайда уәкілетті органға берiледi.
2. Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде осы Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын, уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша ұсынылатын құжаттаманы жүргізуге міндетті.
3. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік еларалық есептілікті қамтиды.
Еларалық есептіліктің нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Осы тармақта көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын есептілік мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтымайтын бөлікте ұсынылады.
Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, ұсынылған есептілікті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.
Бұл ретте есептілікті ұсыну бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер түзетілген есептілікті ұсынуға қолданылмайды.».
11-бап. Осы Заң:
1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын, 4), 5) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 11) тармақшасының бесінші абзацын, 19) тармақшасын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8), 12) және 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының төртінші абзацын, 18) және 20) тармақшаларын, 26) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 23-тармағы 1) тармақшасының бірінші - жиырмасыншы, жиырма екінші - жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының жиырма алтыншы - қырық алтыншы абзацтарын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 13), 14), 15), 21), 24) және 25) тармақшаларын, 26) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 30) және 32) тармақшаларын, 24-тармағын, 41-тармағының 2) тармақшасын;
4) 2017 жылғы 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 28) және 29) тармақшаларын, 11-тармағының 1) тармақшасын;
5) 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 31) және 33) тармақшаларын, 5-тармағын, 16-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацын, 35-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын;
6) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 1), 22) және 23) тармақшаларын, 38-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын;
7) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 6-тармағын, 7-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 6) және 12) тармақшаларын, 11-тармағының 6) тармақшасын, 8) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтарын, 16-тармағы 3) тармақшасының төртінші - жиырмасыншы абзацтарын, 23-тармағы 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацын, 6) тармақшасының екінші - жиырма бесінші абзацтарын, 35-тармағы 2) тармақшасының төртінші - жиырмасыншы абзацтарын, 38-тармағы 8) тармақшасының төртінші - жиырма бірінші абзацтарын, 43-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын;
8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 2) тармақшасын, 8) тармақшасының он үшінші абзацын, 9) тармақшасының он екінші абзацын, 13) тармақшасының үшінші абзацын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 16) тармақшасын, 17) тармақшасының бесінші абзацын, 37-тармағын;
9) 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 27) тармақшасын;
10) 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болатын осы Заңның 2-бабын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 желтоқсан
№ 122-VI ҚРЗ