28) 167-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «сенімхаттары теңестіріледі.» деген сөздер «сенімхаттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары теңестіріледі.»;
29) 168-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат маңызсыз болып табылады.»;
30) 170-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша «қайтыс болуы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде қайтыс болған деп жариялануы)» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша «қайтыс болуы» деген сөздерден кейін «(оның ішінде қайтыс болған деп жариялануы)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiмхатты ауыстырудың күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм маңызсыз болады.»;
31) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ережелер»;
32) 193-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер стратегиялық объектiге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару кезiнде осы баптың 3 және 4-тармақтарындағы талаптар бұзылса, мұндай мәмiлелер маңызсыз болады.»;
33) 218-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында жазылған қағидалар бойынша ортақ мүлiктi бөлу немесе одан үлестi бөлiп шығару мүмкiн болмаған кезде сот мүлiктi жария сауда-саттықта сату, одан түскен соманы кейін ортақ меншiкке қатысушылар арасында олардың үлестерiне мөлшерлес бөлiп беру туралы шешiм қабылдайды.»;
34) 236-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы мемлекеттік тіркеу кезінен бастап туындайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттік тіркеу кезіне дейін мүлікке материалдар мен жылжымайтын мүлік тұрғызылатын басқа мүлікке меншік құқығы туралы қағидалар қолданылады.»;
35) 249-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «алып қойған реттер кірмейді.» деген сөздер «алып қойған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлiктi бөлу не одан үлестi бөлiп шығару мүмкiн болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жария саудада мүлікті сатқан реттер кірмейді.»;
36) 250-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«250-бап. Меншiк құқығынан бас тарту
Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде ол ауызша немесе жазбаша нысанда жариялайды не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттетілетіні туралы айқын куәландыратын басқа әрекеттер (әрекетсіздік) жасайды.
Меншiк құқығынан бас тарту құқыққа сыйымды, ерікті болуға және онда меншік иесінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан, оған билік етуден бас тартатыны көрсетілуге тиіс.
Меншiк құқығынан бас тарту меншік иесінің ерікті білдіруі болып табылады. Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің және оның органдарының меншік құқығынан бас тартуға құқығы жоқ.
Меншiк құқығынан бас тарту осы мүлiкке басқа тұлға меншiк құқығын иеленген кезге дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға алып келмейді.»;
37) 251-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiп алуды қолдану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.»;
38) 268-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«268-бап. Мiндеттеме
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Кредитор борышкерден атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.
Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінде өзгеше көзделмесе, міндеттемелерге осы кіші бөлімнің ережелері қолданылады.»;
39) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«284-бап. Өзара мiндеттердiң орындалуы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасынан, шарттан, iскерлiк айналым ғұрыптарынан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауға тиiс.
2. Тараптардың бiрi мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, екінші тарап өз мiндеттемесiн орындауды тоқтата тұруға не осы мiндеттемесiн орындаудан бас тартуға және залалды өтеуін талап етуге құқылы.»;
40) 294-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жазбаша нысанды сақтамау тұрақсыздық айыбы туралы келiсiмнiң маңызсыздығына алып келеді.»;
41) 297-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«297-бап. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн азайту
Егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышкердің талабы бойынша борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылы.»;
42) 307-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Егер кепіл нысанасы жылжымайтын мүлік болған жағдайда кепіл туралы шартта оның бағасы көрсетілуге тиіс. Кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттарының (машина жабдығын және материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.
Кепіл туралы шартта кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс.»;
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы қағидаларды сақтамау кепiл туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
43) 308-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепiл нысанасының өзгеруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда басқа да өзгерістер тiркелуге жатады.
Міндетті тiркелуге жатпайтын кепiлдiң өзгеруі қатысушылардың қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.»;
44) 315-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепiл берушiнiң кепiлге салынған мүлiктi мұраға қалдыру құқығын шектейтiн келiсiмi маңызсыз болады.»;
45) 319-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Борышкер мен үшiншi тұлға болып табылатын кепiл берушi (заттай кепілгер) кепiл нысанасы сатылғанға дейiнгi кез келген уақытта оған өндiрiп алуды қолдануды және оны сатуды кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi немесе оның орындалу мерзiмi өтiп кеткен бөлiгiн орындап, тоқтатуға құқылы. Бұл құқықты шектейтiн келiсiм маңызсыз болады.»;
46) 327-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарларды кепiл берушiде қалдыра отырып және кепiл берушiге кепiлге берілген мүлiктiң (тауар қорларының, шикiзаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнiмнің және тағы басқалардың) құрамы мен нақты нысанын өзгерту құқығын бере отырып, оларды кепілге салу айналымдағы тауарларды кепiлге салу деп танылады.»;
«3. Егер тараптардың келісуі бойынша кепіл туралы шартта айналымдағы тауарлар кепілінің жалпы құны кепіл туралы шартта көрсетiлген құннан кем болмауға тиіс екендігі көзделген жағдайда, онда:
1) егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнын кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне мөлшерлес кемітуге жол берiледi;
2) айналымдағы тауарларды кепiлге берушi кепiлдердi жазу кiтабын жүргiзуге мiндеттi, оған тауарларды кепiлге салу шарттары туралы және кепiлге салынған тауарларды қайта өңдеуді қоса алғанда, олардың құрамының немесе нақты түрінің өзгеруіне алып келетін соңғы операция күніндегі барлық операциялар туралы жазбалар енгізіледі.»;
47) 331-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепiлдiк немесе кепiлгерлік шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлдiк немесе кепiлгерлік шартының маңызсыздығына алып келеді.»;
48) 336-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепiлдiк және кепiлгерлік өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, егер шартта кепiлдiкті тоқтатудың өзге де жағдайлары көзделмесе, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiл мен кепiлгердің жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де теріс салдарларға алып келмейтіндей болып өзгерген жағдайда тоқтатылады.»;
49) 337-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл қағида негiзгi мiндеттемені нотариат куәландыруға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлпұл туралы келiсiмнің маңызсыздығына алып келеді.»;
50) 350-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышкерді босату жөнiндегi мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылданған тараптардың келiсiмi маңызсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.»;
51) 351-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта: залал толық сомасында тұрақсыздық айыбынан тыс өндiрiп алынуы мүмкiн; кредитордың таңдауы бойынша не тұрақсыздық айыбы, не шығын өндiрiп алынуы мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсінше орындалмағаны үшiн тұрақсыздық айыбы ғана белгiленуі мүмкін болатын жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.»;
52) 358-баптың 2-тармағындағы «жарамсыз» деген сөз «маңызсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
53) 359-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мiндеттеменi әдейі бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт маңызсыз болады.»;
54) 387-баптың 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, жария шарт жасасуға қатысты бір тұлғаға басқалардың алдында артықшылық көрсетуге құқығы жоқ.»;
«3. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған кезде осы Кодекстiң 399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.»;
«5. Жария шарттың осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi маңызсыз болып табылады.»;
55) 390-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алдын ала шарт негiзгi шарт үшiн заңнамада белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, онда жазбаша нысанда жасалады. Алдын ала шарт нысаны туралы қағидаларды сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құжат; №4, 25-құжат; №11, 56-құжат; №14, 103-құжат; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; №6, 42-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50, 53-құжаттар; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13, 14, 15-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 85-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №11, 61, 69-құжаттар; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-VII, 117, 119-құжаттар; №22-I, 143-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; 2016 ж., №7-I, 49-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №24, 126-құжат):
1) мазмұнында:
28-тараудың және 518-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. Рента»;
«518-бап. Рентаны ресімдеуге қойылатын талаптар»;
мынадай мазмұндағы 521-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«521-1-бап. Рента шартын рента алушының талап етуі бойынша бұзу»;
533-баптың тақырыбы алып тасталсын;
873-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«873-бап. Комиссионердің жауаптылығы»;
2) 414-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үшiншi тұлғалар сатып алушыдан сатып алынған тауарды талап еткен жағдайда, тараптардың сатушыны жауапкершiлiктен босату немесе жауапкершiлiгiн шектеу туралы келiсiмi маңызсыз болады.»;
3) 428-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарттың осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтардан сатып алушының бас тартуы туралы талаптары маңызсыз болады.»;
4) 429-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар туралы өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келiсiм маңызсыз болады.»;
5) 431-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сатушы сатып алушыға тауарды шарттың талаптарына сәйкес жиынтықта беруге мiндеттi.»;
6) 506-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нақты сыйға тарту затын зат және құқық түрiнде көрсетпей немесе мiндеттен босатпай өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру маңызсыз болады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға сый беруді көздейтін шарт маңызсыз болады.»;
7) 508-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда маңызсыз болады.»;
8) 510-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын зат көрсетiлмесе, ол маңызсыз болады.»;
9) 512-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшін жою туралы хабарлама келіп түскен кезге қарай сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға не сыйланған зат иеліктен шығарылған жағдайда, оның құнын сыйға тартудың күшін жою туралы хабарлама келіп түскеннен кейін нарықтық бағалар бойынша өтеуге мiндеттi.»;
10) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. Рента»;
11) 518-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«518-бап. Рентаны ресімдеуге қойылатын талаптар
Рента шарты нотариатта куәландырылуға жатады.
Жылжымайтын мүліктің ренталық ауыртпалығы да жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.
Аталған талаптарды сақтамау рента шартының маңызсыздығына алып келеді.»;
12) мынадай мазмұндағы 521-1-баппен толықтырылсын:
«521-1-бап. Рента шартын рента алушының талабы бойынша бұзу
1. Рента төлеуші шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушіден осы Кодекстің 528-бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Егер рента төлеуші рента алушының өміріне қастандық жасаса не оған қасақана дене жарақатын салса, рента алушы шартты бұзуды және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Рента төлеуші рента алушыны қасақана өлтірген жағдайда шарттың бұзылуын және шығындардың өтелуін талап ету құқығы рента алушының мұрагерлеріне тиесілі болады.
2. Егер рента төлеу үшін тұрғынжай немесе өзге де мүлік тегін иеліктен шығарылған болса, рента төлеуші шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған кезде рента алушы осы мүліктің құнын рентаның сатып алу бағасының есебіне жатқыза отырып, оны қайтаруды талап етуге құқылы.»;
13) 526-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы маңызсыз болады.»;
14) 530-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына өмір бойына рента белгiлейтiн шарт маңызсыз болады.»;
15) 533-бап алып тасталсын;
16) 560-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер мүлiктік жалдау шарты осы Кодексте көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп табылса, онда оған сәйкес жасалған қосымша жалдау шарты маңызсыз болып табылады.»;
17) 575-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
18) 582-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғимаратты немесе үй-жайды жалдау шартының нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.»;
19) 591-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«591-бап. Көлiк құралын пайдалану туралы үшiншi тұлғалармен шарт жасасу
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға алынған көлiк құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өз атынан үшiншi тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгiленбесе - көлiк құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шартын және өзге де шарттар жасасуға құқылы.»;
20) 641-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тапсырыс беруші өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырыс берушінің шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырыс беруші мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығыстарын өтеуге мiндеттi. Тапсырыс берушіні бұл құқықтан айыратын шарт талаптары маңызсыз болады.»;
21) 701-баптың 2-тармағындағы «жарамсыз» деген сөз «маңызсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
22) 715-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтар мен заңды тұлғаларға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.»;
23) 728-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «жарамсыздығына» деген сөз «маңызсыздығына» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 733-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«733-бап. Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы
1. Қаржы агентiне ақшалай талапты беру, тiптi клиент пен оның борышкері арасында оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы келiсiм болғанда да жарамды болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ереже клиент пен борышкер арасындағы оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы қолда бар келісімді бұза отырып талапты беруге байланысты клиентті борышкер алдындағы міндеттемелерден немесе жауаптылықтан босатпайды.»;
25) 736-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары қолданылады.»;
26) 740-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен мүлікке билік етуге уақытша шектеу не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеу белгілеуі мүмкін.»;
үшінші бөлік «уақытша шектеу» деген сөздерден кейін «, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеу» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Клиенттің банктік шотына берілген тыйым салу туралы актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері келіп түскен күні мен уақыты ескеріліп орындалады.
Клиенттің банктік шотындағы ақшасын ол жеткіліксіз болған жағдайда және (немесе) ақшаға билік етуге шектеу болған кезде алып қою осы баптың 8-тармағы ескеріле отырып және осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес жүргізіледі.»;
7-тармақ алып тасталсын;
27) 748-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктiк шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
28) 758-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктік салым шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың маңызсыздығына алып келеді.»;
29) 764-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың не сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына банктік салым шарты маңызсыз болады.»;
30) 765-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банктік салым шартының, сондай-ақ шартты салымның ережесi, көзделген талаптар басталғанға дейiн маңызсыз болып табылады.»;
31) 807-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.»;
32) 809-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтанушының немесе пайда алушының сақтандырылған мүлiктi сақтап қалу мүддесi болмаған кезде мүлiктi сақтандыруға жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
33) 819-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтанушы өзін әдейі жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, тараптар сақтандыру шартында айқындалған мүлiк құнына дауласа алмайды. Егер сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып түссе, сақтандыру шартын сақтандыру сомасының шарт жасалған кездегi сақтандыру құнынан асып түскен бөлiгiнде сот жарамсыз деп тануы мүмкін.»;
34) 825-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.»;
35) 840-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқығы ауысады. Алайда қасақана залал келтiрген адамға талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы маңызсыз болады.»;
36) 843-бапта:
1-тармақтың 2), 8) және 9) тармақшалары алып тасталып, 5) тармақшадағы «шарт жасалса;» деген сөздер «шарт жасалса, жарамсыз деп танылады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру шарты мына жағдайларда:
1) егер құқыққа қайшы мүліктік мүдделер сақтандыру объектісі болса (осы Кодекстің 807-бабының 2-тармағы);
2) сақтандырылған адамның келiсiмiн алу мiндеттi болып табылатын жағдайларда оның келiсiмi болмаса;
3) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса (осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы) маңызсыз болады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде сақтандырудың жекелеген түрлерiне қатысты шартты жарамсыз деп танудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.»;