22-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 42-құжат):
1) 5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«52) жұмыскердің салық салынатын кірісі - осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.»;
2) 28-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«49) жұмыскердің салық салынатын кірісі - осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.».
2-бап.
1. Осы Заң, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарын, 9-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2), 5) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларын, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын, 14-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 5) және 6) тармақшаларын, 8) тармақшасының жетінші абзацын, 15-тармағын, 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 6) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және тоғызыншы абзацтарын, 20, 21 және 22-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 1 және 2-тармақтары, 3-тармағы 10) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 26) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 34) тармақшасы, 9-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы, 2), 5) және 6) тармақшалары, 7) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары, 8) және 9) тармақшалары, 10) тармақшасының үшінші абзацы, 11) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 13) және 14) тармақшалары, 15) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 14-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары, 5) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары, 17-тармағының 2) тармақшасы, 3) тармақшасының он бірінші абзацы, 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары, 7) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы және тоғызыншы абзацтары, 6), 7), 8) және 9) тармақшалары, 11) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары, 19), 20), 21) және 22) тармақшалары, 26) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 27), 28) және 29) тармақшалары 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 203-VІ