9-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау
10) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін есепке жазылған әлеуметтік аударымдар жөніндегі мәліметтер көрсетілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
Декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;
9-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 21-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі «сексен пайызын» деген сөздер «елу бес пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 11) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.»;
9-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 22-баптың 8-тармағында:
бірінші бөліктегі «сексен пайызын» деген сөздер «елу бес пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.»;
9-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
13) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш жасаған күннен бастап тағайындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
9-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
14) 23-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.»;
9-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 23-2-баптың 5-тармағында:
9-тармақтың 15) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады.»;
төртінші бөліктегі «он еселенген» деген сөздер «жеті еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар):
52-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.».
11-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат):
61-баптың 2-тармағындағы «ең төменгі жалақыдан» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
12-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 119-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):
12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған мемлекеттік тапсырманы немесе мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлерге ғылыми дәрежелері, дәрежелері үшін ғылым кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен ай сайын қосымша ақы белгіленеді.».
13-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат):
28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж. № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;»;
17) тармақшадағы «тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар» деген сөздер «және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тағайындалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі - салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;»;
2) 4-бапта:
1-тармақтағы «, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «жойылған» деген сөзден кейін «, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі.»;
4) 24-бапта:
2-тармақ 4) тармақшасындағы «алушылар босатылады.» деген сөздер «алушылар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.»;
7-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында аталған тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 5) тармақшасында аталған дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өзінің пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;»;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
14-тармақтың 4) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14-тармақтың 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
7) тармақшадағы «25-күнінен кешіктірмей аударады.» деген сөздер «25-інен кешіктірмей;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
14-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 25-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.»;
«4. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салықтық кезеңнің әрбір айы үшін есептелетін міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.
Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ дара кәсіпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын кіріс алатын кіріс болып табылады.
Кіріс болмаған жағдайда, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
14-тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.»;
14-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 29-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «белгіленбесе,» деген сөзден кейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 37-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші негізінде жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке зейнетақы шотын ашу туралы электрондық хабарлама жібереді.
Салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.»;
8) 39-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.
Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашуға қайта өтініш берілмейді.»;
14-тармақтың 8) тармақшасының жетінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтағы «Агенттер» деген сөз «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер» деген сөздермен ауыстырылсын.
15-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):
17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
1) 1-баптың 19-тармағы 1) тармақшасының он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі - салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;»;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 13) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы, 18) тармақшасының үшінші абзацы 26) тармақшасының отыз бірінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есебіне жазылған) сомалары жөніндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.»;
«10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті.».