ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;»;
2) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы;»;
3) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;».
2-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат):
35-бапта:
2-тармақта екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, санамаланған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші деп танылған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.».
3-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 24-бөлімнің, 89-тараудың, 774, 775 және 776-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«24-бөлім. Бірыңғай жиынтық төлем
89-тарау. Бірыңғай жиынтық төлем
774-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер
775-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі
776-бап. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті»;
2) 1-баптың 1-тармағы 20) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «жалақының 55 еселенген ең төмен мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 647 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3) 26-бап мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.»;
4) 93-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 241-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, дивидендтер;»;
3-тармақтың 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
24) тармақшадағы «кірістері алып тасталуға жатады.» деген сөздер «кірістері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған және осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға өтеусіз беруге арналған мүліктің құны алып тасталуға жатады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайыз болу шартымен, өзінде азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивидендтер есепке жазылған жағдайда, осындай азайту көзделген қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер алып тасталуға жатпайды.
3-тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерге қолданылмайды.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
6) 288-баптың 2-тармағында:
8) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «9) тармақшасында» деген сөздер «9) және 11) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
7) 293-бапта:
1-тармақ 5) тармақшасындағы «болып табылатын салық төлеушілер қолданады.» деген сөздер «болып табылатын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар ретінде тіркелген;
2) кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алатын заңды тұлғалар жатады.
Осы тармақта көзделген, корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алған жағдайда, депозиттер бойынша сыйақы, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлеріне сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістер бойынша да қолданылады.
Бұл ретте «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тауарларды өндірген және өткізген жағдайда, мұндай тауарлар меншікті өндірістің өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.»;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
8) 300-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдар осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтеледі.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
9) 305-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «салық төлеушілер орындамайды.» деген сөздер «салық төлеушілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін салық төлеушілер орындамайды.»;
10) 317-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
3-тармақтың 10) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
7. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің 775-бабына сәйкес жүргізіледі.
Мұндай тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.»;
11) 341-баптың 1-тармағында:
11) тармақшадағы «ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына болатын ең төмен жалақы мөлшерінде» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «ең төмен жалақының мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 11) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:
«53) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері.»;
12) 342-бапта:
3-тармақтағы «ең төмен жалақының 48 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 564 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпедегі «ең төмен жалақы мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 346-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «бір ең төмен жалақы», «ең төмен жалақының» деген сөздердің алдынан «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші абзацындағы «ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 347-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға мынадай тәртіптердің бірімен:
1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне - әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде;
2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде қолданылады.»;
15) 349-баптың 3-тармағындағы «ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 350-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
17) 351-баптың 2-тармағындағы «ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 356-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 19) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
19) 373-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы бірінші абзацындағы «мыналардың» деген сөз «мыналарға» деген сөзбен, екінші абзацындағы «ұйымдарының» деген сөз «ұйымдарына» деген сөзбен, үшінші абзацындағы «білім беру ұйымдарының жұмыстары орындалса және қызметтері көрсетілсе» деген сөздер «білім беру ұйымдарына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе;»;
3-тармақтың 20) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
20) 394-баптың бірінші бөлігі 44) тармақшасындағы «қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 45) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:
«45) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өндіретін және өткізетін тауарларды;
46) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өткізетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
3-тармақтың 21) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
21) 399-баптың 1-тармағы 16) тармақшасындағы «шикізат тауарларының импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «шикізат тауарларының;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
17) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:
тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесіне енгізілсе;
тауарларды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттармен ресімделсе;
тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінсе, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.»;
3-тармақтың 22) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
22) 484-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «кірістерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің кірістері бөлігінде осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында белгіленген кірістерді» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 630-баптың 5-тармағында:
3) тармақшадағы «ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 631-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшеріне» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 633-баптың 3-тармағында:
4) тармақшадағы «ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 644-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
3-тармақтың 26) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлға төлейтін консультациялық, маркетингтік, инжинирингтік қызметтерді, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметтерді көрсетуден, деректерді өңдеу орталықтарын құру жөніндегі жұмыстарды орындаудан түсетін кіріс.
Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен қолданылады;»;
3-тармақтың 26) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
«4-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның кірісін қоспағанда, бейрезидент - заңды тұлғаның осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлға төлейтін роялти түріндегі кірісі.
Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызметті жүзеге асыру мақсатында төленетін, роялти түріндегі кіріске қолданылады;»;
3-тармақтың 27) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
27) 645-баптың 9-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі «Егер» деген сөзден кейін «, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 28) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
28) 646-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «2-тармағында» деген сөздер «2 және 3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.»;