3-тармақтың 29) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
29) 654-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер осы баптың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлғаның активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі дивидендтер төлеу күніне 50 пайыздан аспауы талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Егер, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері резидент - заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;
резидент - заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент - заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы резидент - заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
30) 658-баптың 5-тармағының бесінші бөлігіндегі «ең төмен жалақы мөлшерінің» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 683-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:
патент негізінде - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;
оңайлатылған декларация негізінде - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;
тіркелген шегерімді пайдаланумен - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын;»;
32) 687-баптың 2-тармағындағы «ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде - кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлерде - кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 694-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 34) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
34) мынадай мазмұндағы 24-бөліммен толықтырылсын:
«24-бөлім. Бірыңғай жиынтық төлем
89-тарау. Бірыңғай жиынтық төлем
774-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер
1. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.
2. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтізбелік жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
3. Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:
1) коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде меншік, жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беретін адамдар;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
4. Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.
775-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.
2. Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
3. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша оның жеке табыс салығы бірыңғай жиынтық төлем сомасының 10 пайызын құрайды.
4. Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жалпы сомамен төленуге жатады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
776-бап. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді;
2) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отырады;
3) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады;
4) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.».
4-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 21, 102-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):
23-бапта:
7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- қаза болған адам өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет істеген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 411 еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.»;
8-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет істеген адамдар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 706 еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.».
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
13-баптың 3-тармағы «жоғары» деген сөзден кейін «және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын.
6-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;
4-3) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;»;
2) 7-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
10-2) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;».
7-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 жылғы 7 қарашада «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
36-1-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 294 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кандидаттың өз қаражаты;
2) жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 588 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.».
8. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат):
1-баптың 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;».
9. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
9-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
«6) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) - осы Заңда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;»;
13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-3) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.»;
3) 10-1-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;»;
4) 11-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;»;
9-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
5) 13-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:»;
9-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
6) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20 пайызын құрайды.»;
7) 15-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері болып табылады:
өзі үшін - алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;
жалдамалы жұмыскерлер үшін - Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.»;
9-тармақтың 7) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақтың 7) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері болып табылады.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он еселенген» деген сөздер «жеті еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
8) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен төлейді.»;
9-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
9) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе төлеуші оларды мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған өсімпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиіс.»;