17. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):
1) 1-бапта:
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;»;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) инвестициялық кіріс - қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көріністегі өсімі;»;
17-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2) 5-бап:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген адамдар медициналық көмек алған күннің алдында кемінде үш ай қатарынан қорға жарналар төлеуге міндетті.»;
17-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 14-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Жарналарды төлеушілер» деген сөздер «Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке практикамен айналысатын адамдар;»;
5), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мыналарды:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - дербес төлеушілер);
17-тармақтың 3) тармақшасының он бірінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
10) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.»;
3, 4-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістері есебінен жүзеге асырады.»;
«4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.»;
«6. Төлеушілер (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған тұлғаларды қоспағанда):
1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;
2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.»;
7-тармақ «жұмыскерлерді», «жұмыскерлердің» деген сөздерден кейін тиісінше «, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді», «, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.»;
5) 27-баптың 2-тармағы «жұмыскерге» деген сөзден кейін «, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 28-бапта:
1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.»;
«3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4. Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
17-тармақтың 6) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-тармақтың 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.
17-тармақтың 6) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.»;
7) 29-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.»;
3-тармақта:
17-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші, екінші және үшінші бөліктердегі «жалақының он бес еселенген ең төмен» деген сөздер «ең төмен жалақының 10 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары:
1) дербес төлеушілер;
17-тармақтың 7) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
8) 30-бапта:
1-тармақ «Жұмыскерлердің» деген сөзден кейін «, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.»;
6-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;»;
6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге де төлеушілер» деген сөздер «дербес төлеушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 31-баптың 6-тармағындағы «жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар» деген сөздер «жеке практикамен айналысатын адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):
13-1-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің тіркелген жерінде болуға тиіс.».
19. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;»;
мынадай мазмұндағы 5-2), 7-1), 9-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесі - жұмыс күшіне болжамды тұрғыдан сұранысты және ұсынысты айқындауға мүмкіндік беретін, қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені;»;
«7-1) жалдамалы жұмыскер - еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;»;
«9-1) жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіпқой медиатор;»;
«12-1) жұмыспен қамтылған адам - ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;»;
16) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары;»;
«19) жұмыссыз адам - жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;»;
29) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) тәуелсіз жұмыскер - дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын, акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жеке тұлға;»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Жұмыспен қамтылған адамдар
Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 26-4) және 26-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-4) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-5) еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды;»;
5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
«11-1-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі - өңірлік комиссия) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқарушы орган құрады.
2. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Өңірлік комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.
11-2-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияны (бұдан әрі - аудандық (қалалық) комиссия) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқарушы орган құрады.
2. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
4. Аудандық (қалалық) комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.»;
6) 14-баптың 6-тармағы 4) тармақшасындағы «адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.»;
7) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын, оралмандарды, сондай-ақ студенттерді, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жеке адамның кәсіптік білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсету және біліктілігін арттыру мақсатында бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі.»;
8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу
1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны қолдап отыру бойынша сервистік қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жолымен көрсетіледі.
2. Жұмыссыздар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін:
1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдардың;
2) мүгедектердің, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;
3) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін елу жастан асқан адамдардың;
4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың басым құқығы бар.»;
9) 24-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.».
20-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20. «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
18-бапта:
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қаза болған адам өтеусіз негізде ынтымақтасып жұмыс істеген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1411 еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.»;
6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өтеусіз негізде ынтымақтасып жұмыс істегендер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 706 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.».
21-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):
33-баптың 2) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«5. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
6. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің 775-бабына сәйкес жүргізіледі.
Мұндай тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.»;
төрт жүз он бесінші абзацтағы «ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
төрт жүз он алтыншы абзацтағы «ең төмен жалақы мөлшерінде» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
төрт жүз жиырма бірінші абзацтағы «ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
төрт жүз жетпіс алтыншы абзацтағы «ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
төрт жүз сексен тоғызыншы абзацтағы «ең төмен жалақы мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бес жүз жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:
«50) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері.»;
бес жүз отыз тоғызыншы абзацтағы «ең төмен жалақы мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
бес жүз елу жетінші абзац «бір ең төмен жалақы», «ең төмен жалақының» деген сөздердің алдынан «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын» деген сөздермен толықтырылсын;
бес жүз алпыс үшінші абзацтағы «ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
бес жүз алпыс тоғызыншы абзацтағы «ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
бес жүз сексен үшінші абзацтағы «ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
бес жүз сексен төртінші абзацтағы «ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
жеті жүз қырық сегізінші абзацтағы «ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын.