2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;
3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бірге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;
5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;
7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;
8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткізуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға;
9) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалған (бүлінген) жол жүру құжатын (билетті) қалпына келтіруге;
10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бірге тегiн алып жүруге;
11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткізуге;
12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар.
Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жолаушы:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;
2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.
Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
1. Егер:
1) автомобиль жолдарының өткізу қабiлетi белгiлi бір маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың тұрақты жүрісін жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бір лотпен бірнеше маршрут та қойылуы мүмкiн.
4. Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тұрақты тасымалдаулар тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiктері арасында жасалатын шарттар негiзiнде автовокзалдардан, автостанциялардан немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінен ғана жүзеге асырылады.
Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері қызметтің осы түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес.
4-1. Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған ақпараттық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық қарап тексерудi және олардың ақауы болған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына бір ғана қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс өткізілмеді деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізу кезінде осы маршрутқа бір қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс талаптарына сай келген жағдайда, онымен шарт жасалады.
7. Маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді қолдану арқылы автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастырады.
2. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Тасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Тасымалдаушының:
1) өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында қоғамдық бірлестiктердi, сондай-ақ заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бірлестiктерiн құруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақы төлеу фактілерін тексеру үшін көліктік бақылау қызметін құруға;
2) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жолаушылардың қоғамдық тәртiптi және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын талап етуге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алуға құқығы бар.
2. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы:
1) автокөлiк құралдарының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз етуге және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) автокөлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықтауға;
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуді, олардың еңбек және тынығу режимiн сақтауды қамтамасыз етуге;
3) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажеттi қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;
4) багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер беруге;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша жаңа редакцияда
5-1) тасымалдауды ұйымдастырушыға, халықаралық және облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның диспетчерлік жүйесіне автокөлік құралының ағымдағы тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен автокөлік құралдарын жабдықтауға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін маршруттың аялдама пункттерінде өздері не автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы сатуды, оның ішінде оларды Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, электронды сатуды қамтамасыз етуге;
7) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегiнде тiркеуге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жарияланған тарифтердi сақтауға және тарифтердiң алдағы өзгеруi туралы жолаушыларды күнi бұрын хабардар етуге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты адамды айқындауға;
10) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
3. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалдарын (таксиден басқа) жүзеге асыратын тасымалдаушы:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 2-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені туралы белгiсi бар борт журналы болуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуге;
4) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Жолаушыларды және багажды қалааралық республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары
1. Жолаушыларды және багажды қалааралық облысаралық, республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартында:
1) тариф;
2) жол жүру құжаттарын (билеттер) сату тәртібі мен орны, олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тариф тасымалдау шығындарын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңiлдiк жағдайларымен немесе тегiн тасымалдау үшiн тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi;
4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi, типi (класы) және саны;
4-1) маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар;
5) тараптардың шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi;
6) шарттың қолданыста болуының кемiнде үш жыл болатын ең ең аз мерзімі;
7) шарттың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі көзделуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жолаушыларды және багажды қалааралық республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының өзге де мiндеттi талаптары белгiленуi мүмкiн.
3. Тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптарын сақтауға міндетті.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
4. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнатылатын жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерін безендіруді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2) автобустар, шағын автобустар және троллейбустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада - тараптардың әрқайсысына бір-біреуден жазбаша нысанда жасалады.
Бұл ретте шартта:
1) шарттың мәні;
2) сапардың мақсаты;
3) жүріс маршруты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;
4) жеткізу мерзімі;
5) кіре ақысы;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;
8) дауларды шешу тәртібі;
9) жолаушылар тізімінің болуы көзделуге тиіс.
25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау
1. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.
2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.
3. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.
4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестегi, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бap жүргiзушiге рұқсат етiледi.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2. Таксимен тасымалдаушылар:
1) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшiн түсі біркелкі және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
4) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге;
7) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуына;
8) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
3. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:
1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуды және түсiруді жүргізуге;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ақпараттық-диспетчерлік қызметінің болуына немесе ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасуға;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) автокөлік құралын таксометрмен жабдықтауға;
3) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген, оның ішінде таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы арқылы жасалған автокөлік құралын экипажымен қоса жалға алу шарты бойынша таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады және таксимен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде таксимен тасымалдаушы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 8) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда, өз қызметтерін көрсетеді.
Таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.
6. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметі осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Жалпы пайдаланудағы көлiкпен тасымалдау кезiнде жолаушылардың жекелеген санаттарына арналған басымдықтар
1. Жолаушылардың жекелеген санаттары мынадай басымдықтарға ие:
1) автобусқа, троллейбусқа, таксиге кезектен тыс отыру құқығы;
2) автобустың, троллейбустың алдыңғы бөлiгiнде арнайы орындар бөлу.
Аталған басымдықтарды мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кезексiз билеттер сатып алу құқығы бар.
Аталған артықшылықты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.
2. Автовокзалдарда:
1) 5 жасқа дейiнгi балалары бар жолаушыларға және жүктi әйелдерге қосымша қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесi;
2) мүгедек-жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған қондырғылар жасалады.
2005 ж. 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедек жолаушылардың мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.
Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа ие болады
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
27-1-бап. Автомобиль көлігі саласында көрсетілетін қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Автовокзалдар мен автостанцияларда автомобиль көлігі саласында көрсетілетін қызметтерге мүгедектердің қол жеткізу үшін:
1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;
6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8) мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының күші жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қатысты қолданылады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Әуежайларда, вокзалдарда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақытты өткізу және демалыс объектілерінде, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда мүгедектердің арнайы автокөлік құралдарын қоюға арналған тегін тұрақ орындары бөлінеді, оларға өзге автокөлік құралдары қойылмауға тиіс.
Егер тұрақ орындарының саны:
1) қоса алғанда онға дейін болса - мүгедектің арнайы автокөлік құралын қою үшін бір орын;