Халықты жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы
(2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 наурызға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңын қараңы (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
3-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
2-тарау. Мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын iске асыру
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Орталық атқарушы орган
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
8-бап. Уәкiлеттi орган
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту
12-бап. Алып тасталды
12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
3-тарау. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау
13-бап. Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
18-бап. Лайықты жұмыс
18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны
18-2-бап. Жастар практикасы
19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
4-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептілік
21-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау
22-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
22-1-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау
23-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 1-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әлеуметтік келісімшарт - бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек нарығы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу - Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
6) жалақыны субсидиялау - халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
7) жастар практикасы - жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
9) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
11) жұмыспен қамтылу - жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі;
12) жұмыспен нәтижелi қамтылу - орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиімділікті қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;
13) жұмыссыздар - кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
14) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;
15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) кәсіптік бағдарлау - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтудың оңтайлы түрін таңдауға жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені;
16) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
17) қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкілеттi органның жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары - мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
18) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары;
19) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) уәкiлеттi орган - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
22) ұзаққа созылған жұмыссыздық - он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылады (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
23) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24) тармақша жаңа редакцияда
24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
26) экономикалық тұрғыдан енжар халық - жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын жеке тұлғалар.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті қоса алғанда, кіріс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және қызметтер көрсетумен (өткізумен) жеке-дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері мен жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер жатады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
4) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөніндегі қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
2) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге;
3) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
4) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
5) уәкілетті орган және жекеше жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
6) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат беруге;
7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге;
8) инвестициялық келісімшарттарда инвесторлардың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрыннан барларын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге;
9) уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауына кепілдік береді.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар;
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді;
2) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 6-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-бап. Орталық атқарушы орган
1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртібін, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) халықты жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруға;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
9) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлеуге және бекітуге;
9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітуге;
9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған нысандарды әзірлеуге және бекітуге;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлеуге және бекітуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10) және 9-11) тармақшалармен толықтырылды
9-5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-6) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-7) жастар саясатын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-10) микроқаржылық ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітуге;
9-11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9-12) тармақшамен толықтырылды
9-12) мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9-13), 9-14) тармақшалармен толықтырылады (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9-15) тармақшамен толықтырылды
9-15) мүгедектің жұмыс орны стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9-16) тармақшамен толықтырылды
9-16) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлеуге;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.13.04 ж. № 40-III Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;