Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;
Оқытушылық қызметпен тікелей айналысатын профессор, доцент;
Әлеуметтік педагог;
Педагог-ұйымдастырушы;
Қосымша білім педагогы;
Тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);
Педагог-психолог;
Кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);
Аға оқытушы, оқытушы;
Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
Оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;
Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;
Оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
Спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушісі);
Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары.
2. Педагог қызметкерлерге теңестірілген адамдардың лауазымы
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;
Оқу-консультация пунктінің меңгерушісі;
Оқу (оқу-жаттығу) орталығының директоры (бастығы);
Оқу-өндірістік, оқу-курстық комбинат директоры;
Жоғары оқу орнындағы оқытудың барлық түрлеріндегі факультеттің деканы, институттың директоры;
Оқу-ғылыми өндірістік кешенінің жетекшісі, жетекшінің орынбасары;
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығының (кешенінің) директоры (меңгерушісі);
Лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
Оқу полигонының (білім беру ұйымдарының) бастығы (меңгерушісі);
Білім алушылардың кәсіптік практикасының жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);
Білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушісі;
Студенттік зерттеу бюросының жетекшісі;
Қосымша білім беру ұйымының директоры;
Аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы);
Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында);
Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендеріндегі) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері;
Аға шебер, өндірістік оқыту шебері;
Басшы қызметкерлерді және мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының, оқу орындарының (кафедралардың) ассистенті;
Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);
Оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;
Оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;
Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;
Режим бойынша аға кезекші, ерекше маңыздағы білім беру ұйымдарының режимі бойынша кезекші.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 404-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы № 252 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 76-құжат).
3. «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 38, 395-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 463-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 60 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 32-құжат).