Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.02.01 ж. № 252 ; 2005.25.01 ж. № 60 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы
3 қыркүйектегi
№ 1304 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 17.02.01 ж. № 252 қаулысымен тізбе өзгертілді
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрілген
адамдар лауазымдарының тiзбесi
1. Педагог қызметкерлердің лауазымы
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
Жалпы білім беретiн мектептердiң, кәсiптiк мектептердiң, лицейдiң, гимназияның, колледждiң, училищенiң, мектеп-балабақша кешенiнiң, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегi және үлгiдегi интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);
Балалар үйi, сәбилер үйi, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйi-интернаты, балалар мен жас өспiрiмдерге арналған әлеуметтiк панахана, кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтiк-оңалту орталығының директоры (меңгерушiсi);
Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);
Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктiлiгiн көтеретiн және қайта даярлайтын институттың директоры;
Жоғары (әскери) оқу орнының ректоры (бастығы);
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
Шығармашылық шеберхананың жетекшiсi (білім беру ұйымдарында);
Дене тәрбиесiнiң жетекшiсi (білім беру ұйымдарында);
Алғашқы әскери даярлық жетекшiсi, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекшi);
Жоғары (әскери) оқу орнының оқу, оқу-әдiстемелiк, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры (бастықтың орынбасары);
Жоғары оқу орнының кафедра меңгерушiсi, әскери кафедра бастығы;
Жалпы білім беретiн мектеп және мектеп-интернат, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және қосымша білім берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) ғылыми, оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;
Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктiлiгiн көтеретiн және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдiстемелiк жұмыстары жөніндегі орынбасары;
Оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие қызметiмен тiкелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлiм меңгерушiсi;
Оқытушылық қызметпен тiкелей айналысатын профессор, доцент;
Әлеуметтiк педагог;
Педагог-ұйымдастырушы;
Қосымша білім педагогы;
Тiлдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм (оқу орындарындағы тілдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм);
Педагог-психолог;
Кемiс балалармен жұмыс iстейтiн педагог (дефектолог);
Аға оқытушы, оқытушы, сынақ мерзiмiнен өтушi оқытушы;
Аға тәрбиешi, тәрбиешi (білім беру ұйымдарында);
Оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
Балалардың мектепке дейiнгi ұйымының музыкалық жетекшiсi;
Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлiмгерi;
Оқу-тәрбие оқу-өндiрiстiк қызметiмен тiкелей айналысатын дене тәрбиесiнiң нұсқаушысы;
Спорт мектебiнiң нұсқаушысы, нұсқаушы-әдiскерi;
Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушiсi);
Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдiстемелiк, оқу-өндiрiстiк жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушiсiнiң) орынбасары;
2. Педагог қызметкерлерге теңестiрiлген адамдардың лауазымы
ҚР Үкіметінің 17.02.01 ж. № 252; 2005.25.01 № 60 қаулыларымен өзгертілді
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес меңгерушiсi;
Оқу-кеңес пунктiнiң меңгерушiсi;
Оқу (оқу-жаттығу) орталығының директоры (бастығы);
Оқу-өндiрiстiк, оқу-курстық комбинат директоры;
Жоғары оқу орнындағы оқытудың барлық түрлеріндегі факультеттiң деканы, институттың директоры;
Оқу-ғылыми өндiрiстiк кешенiнiң жетекшiсi, жетекшiнiң орынбасары;
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығының (кешенiнiң) директоры (меңгерушiсi);
Лагерьдiң (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
Оқу полигонының (білім беру ұйымдарының) бастығы (меңгерушiсi);
Білім алушылардың кәсiптiк практикасының жетекшiсi (білім беру ұйымдарында);
Оқу-өндiрiстiк (оқу) шеберхана меңгерушiсi (білім беру ұйымдарында);
Білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушiсi;
Студенттiк зерттеу бюросының жетекшiсi;
Мектептен тыс ұйымның директоры;
Аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы);
Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білiм беру ұйымдарында);
Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендеріндегі) нұсқаушы, әдiскер, тәрбиешi, өндiрiстiк оқыту шеберi;
Аға шебер, өндiрiстiк оқыту шеберi;
Басшы қызметкерлердi және мамандардың біліктiлiгiн көтеру және қайта даярлау институтының, оқу орындарының (кафедралардың) ассистентi;
Білім беру ұйымдарының әдiскерi, аға әдiскер (жоғары оқу орындарынан басқа);
Оқу-тәрбие жұмысымен тiкелей айналысатын музыкалық жетекшi (балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;
Оқу-тәрбие қызметiмен тiкелей айналысатын дене тәрбиесi-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдiскерi;
Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;
Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;
Режим бойынша аға кезекші, ерекше маңыздағы білім беру ұйымдарының режимі бойынша кезекші.