Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі №
1304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы № 252 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 404-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі:
1) «1. Педагог қызметкерлердің лауазымы» бөлімінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері»;
төртінші абзац «мектеп» деген сөзден кейін «, мектеп-интернат» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі»;
оныншы абзац «жетекшісі» деген сөзден кейін «, оқытушы-ұйымдастырушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші абзац «ғылыми жұмыстар» деген сөздерден кейін «және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзац:
«директордың» деген сөзден кейін «(бастықтың)» деген сөзбен толықтырылсын;
«оқу-тәрбие» деген сөздерден кейін «, тәрбие» деген сөзбен толықтырылсын;
2) «2. Педагог қызметкерлерге теңестірілген адамдардың лауазымы» бөлімінде:
бесінші абзац «факультеттің деканы» деген сөздерден кейін «, институттың директоры» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі