Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 13 қарашадағы № 1136 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 38, 395-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жалпы білім беру мектептерінде қосымша штат бірліктерін енгізу 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес жыл ішінде кезең-кезеңімен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын мақсатты трансферттермен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті есептер мен қосымша штат бірліктерін енгізу жөніндегі негіздемелерді берсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |