Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 922 қаулысы
(2004.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 922 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 маусымдағы № 878 қаулысына:
3-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарында:
құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесіндегі мынадай жолдар:
«ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi
AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi
ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» мынадай редакцияда жазылсын:
«ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi
ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі»;
қосымшада:
«Жауапты орындаушы» деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, «ДСА», «ТОҚМ», «ЭИСМ», «ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi» деген сөздер «ДСМ», «ҚОҚМ», «ИСМ», «ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
2.»Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 8 қазандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 35, 452-құжат):
2-тармақта «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Бiрiккен Ұлттар Ұйымы серверiнде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнiнде ақпарат дерекқорын қалыптастыру ережесінде:
мәтіндегі «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын.
3. «Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшiн құзыреттi органдар және бiрыңғай байланыс пунктi ретiнде белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысына:
1-тармақтың 1) тармақшасында «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын.
ҚР Үкіметінің 19.03.04 ж. № 345 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:
«Toқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Қасымжомарт Кемелұлы iстер министрi, төраға; Самақова - Қазақстан Республикасының Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi,
орынбасар;
Исекешов - Қазақстан Республикасының Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi; Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Жақып Қажманұлы вице-министрi; Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Нұрлан Аделұлы iстер министрлігі Көпжақты
ынтымақтастық департаментiнiң
директоры;
Төлебаев - Қазақстан Республикасының Алмас Қажкенұлы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Халықаралық
ынтымақтастық және мемлекеттік
ғылыми-техникалық бағдарламалар
департаментiнiң директоры;
Брагин - Қазақстан Республикасының Александр Геннадьевич Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Құқықтық қамтамасыз ету
және халықаралық ынтымақтастық
департаментiнiң директоры, хатшы;
Ермекова - Қазақстан Республикасының Несiпбала Әбсағитқызы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінiң Салалық органдар
шығыстарын жоспарлау департаментi
директорының орынбасары.»;
көрсетiлген құрамнан: Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Шоқпытов Андар Мәулешұлы, Андрющенко Александр Иванович, Елекеев Ирак Қасымұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Кемелбеков Шамғон Нәмелбекұлы, Мешiмбаева Анар Ертiлеуқызы шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақта «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын.