Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысы
(2006.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымда № 364 Қаулысымен күші жойылды
Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 ; 2006.28.04. № 340 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |