"Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік
Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін
әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 19 наурыздағы № 345 қаулысымен күші жойылды
2002 жылғы 26 тамыз - 4 қыркүйекте Йоханнесбург қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) өткізілетін "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне тиімді дайындалу және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен құрам өзгертілді
"Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының
Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға
арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Toқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы iстер министрi, төраға;
Самақова - Қазақстан Республикасының
Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi,
орынбасар;
Исекешов - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi;
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы вице-министрi;
Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Нұрлан Аделұлы iстер министрлігі Көпжақты
ынтымақтастық департаментiнiң
директоры;
Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажкенұлы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Халықаралық
ынтымақтастық және мемлекеттік
ғылыми-техникалық бағдарламалар
департаментiнiң директоры;
Брагин - Қазақстан Республикасының
Александр Геннадьевич Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Құқықтық қамтамасыз ету
және халықаралық ынтымақтастық
департаментiнiң директоры, хатшы;
Ермекова - Қазақстан Республикасының
Несiпбала Әбсағитқызы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінiң Салалық органдар
шығыстарын жоспарлау департаментi
директорының орынбасары.
Төлебаев Алмас Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық және
мемлекеттік ғылыми-техникалық
бағдарламалар департаментінің
директоры;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысымен
бекітілген
Рио+10 тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының
Дүниежүзiлiк Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған
Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Рио+10 тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімдердi және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Рио+10 тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне (бұдан әрi - Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитi) тиiмдi дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу және енгізу;
2) Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындыққа және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеуге байланысты іс-шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкiлеттiктері
4. Комиссия белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметіне 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу және оның пилоттық бағдарламалары мен жобаларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
2) Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитiне Комиссияның құзыретiне жататын қажеттi материалдарды тиiмдi дайындау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу және енгізу үшiн жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға;
3) Комиссияның қарауына жататын мәселелердi шешу үшiн мемлекеттік органдардың өкiлдерiн және комиссияның құрамына енбеген мүдделі ұйымдарды тартуға;
4) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпараттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға құқығы бар.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметi
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледi.
Комиссияны төраға басқарады.
Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырыстары қажетiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi.
Комиссияның шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына:
1) Комиссия қызметi мерзiмiнiң өтуi;
2) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
3) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге де комиссияның құрылуы;
4) Комиссия мiндетiнiң орындалуын мүмкiн емес ететiн немесе қажетсiз ететiн өзге де жағдайлар негiз болып табылады.
7. 6-тармақта көрсетiлген мән-жайлар туындаған жағдайда, комиссияның төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға не төрағаның шешімі бойынша Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын Үкіметке енгізеді.
Осы тармақта көрсетілген тәртіп Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажеттігі жағдайында да қолданылады.