Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 922 қаулысы
(2016.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 922 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 маусымдағы № 878 қаулысына:
3-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарында:
құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесіндегі мынадай жолдар:
«ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi
AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi
ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» мынадай редакцияда жазылсын:
«ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi
ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі»;
қосымшада:
«Жауапты орындаушы» деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, «ДСА», «ТОҚМ», «ЭИСМ», «ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi» деген сөздер «ДСМ», «ҚОҚМ», «ИСМ», «ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2016.08.02. № 59 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.21.06. № 364 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 19.03.04 ж. № 345 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:
«Toқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Қасымжомарт Кемелұлы iстер министрi, төраға; Самақова - Қазақстан Республикасының Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi,
орынбасар;
Исекешов - Қазақстан Республикасының Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi; Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Жақып Қажманұлы вице-министрi; Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Нұрлан Аделұлы iстер министрлігі Көпжақты
ынтымақтастық департаментiнiң
директоры;
Төлебаев - Қазақстан Республикасының Алмас Қажкенұлы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Халықаралық
ынтымақтастық және мемлекеттік
ғылыми-техникалық бағдарламалар
департаментiнiң директоры;
Брагин - Қазақстан Республикасының Александр Геннадьевич Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Құқықтық қамтамасыз ету
және халықаралық ынтымақтастық
департаментiнiң директоры, хатшы;
Ермекова - Қазақстан Республикасының Несiпбала Әбсағитқызы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінiң Салалық органдар
шығыстарын жоспарлау департаментi
директорының орынбасары.»;
көрсетiлген құрамнан: Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Шоқпытов Андар Мәулешұлы, Андрющенко Александр Иванович, Елекеев Ирак Қасымұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Кемелбеков Шамғон Нәмелбекұлы, Мешiмбаева Анар Ертiлеуқызы шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақта «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын.