61) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
61-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын ислам арнайы қаржы компаниясы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
64) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
65) номиналды ұстауды есепке алу жүйесi - номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
66) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi;
67) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi -бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;
68) облигациялық бағдарлама - эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсiнде айқындалатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
69) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде айқындалған ақшалай түрі, оған купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлген сыйақы есептеледi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
70) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 71) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71) оригинатор - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң талаптарына сай келетiн, сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
72) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар ақысын толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
73) орталық депозитарий - Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
74) орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi - депозитарлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 75) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75) орталық контрагент - қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ тауар биржасында қаржы құралын әрбір сатушы және әрбір сатып алушы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап ретінде әрекет ететін ұйым;
76) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай қағидалары мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар құрған заңды тұлға;
77) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;
78) пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
79) резервтiк қор - қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесiнде туындайтын залалдарды жабуға арналған қаражат;
80) рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген көрсеткiшi;
81) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 82) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82) қор биржасының тізімі - қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі;
83) төлем агентi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
84) трансфер-агент - өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
85) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар;
86) тiркелген тұлға - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыны есепке алу жүйесiнде ашылған жеке шоты бар тұлға;
87) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
88) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
89) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, олармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 90) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
90) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, онда бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, оның ішінде шетел валюталарымен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;
91) ұлттық сәйкестендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-цифрлық код;
92) хеджирлеу - хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте, активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады;
93) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
94) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, номиналды құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
95) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызметтер көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
96) эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлері мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналымға түсетiн бағалы қағаздар;
97) эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы - бағалы қағаздардың қайталама рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
98) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi - уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
99) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында бағалы қағаздарды сату;
100) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жағдайы, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат;
101) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған эмитенттiң iс-әрекеттері немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
102) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде болуын тоқтату;
103) эмиссиялық консорциум - эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған андеррайтерлердiң бiрлестiгi;
104) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті, бағалы қағаздар нарығын және бағалы қағаздар нарығы субъектілерін реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерiн таниды;
5) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметті жүзеге асыру қағидаларын, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбiне, осы мәмiлелердi есепке алуға және олар бойынша есептілікке қойылатын талаптарды айқындайды;
9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және одан айыру тәртібін белгілейді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) пруденциалдық нормативтерінің түрлері мен лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының өзге де сақталуы міндетті нормаларын және лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемесін белгілейді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады;
13) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 14) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мыналардың:
орталық депозитарийдің;
Үшінші абзац 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
тіркеушінің;
бірыңғай оператордың;
өтініш берушілердің (лицензиаттардың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 15) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) мыналардың:
орталық депозитарийдің;
Үшінші абзац 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
тіркеушінің;
бірыңғай оператордың;
лицензиаттардың;
инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептерінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
16) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) өз құзыреті шегінде мыналардың:
эмитенттердің;
орталық депозитарийдің;
Төртінші абзац 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
тіркеушінің;
бірыңғай оператордың;
лицензиаттардың қызметін реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындауға мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы ұйғарымдарды жiбередi;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды
19-2) бағалы қағаздардың эмитенттерiне жарғыларда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшылықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiбередi;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды
19-4) кәсіби ұйымға орындалуы үшін міндетті нұсқама жібереді;
20) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22-2) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-1-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар
1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығы субъектісінің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) жазбаша ескерту шығаруға;
3) жазбаша келісім жасауға;
4) инвестициялық комитеттің мүшелерін инвестициялық комитет құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қатысты қолданылуы мүмкін.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) беру қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне не оның басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бағалы қағаздар нарығы субъектісі өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасындағы жасалған жазбаша келісім болып табылады.